Web- беттер және сайттар.

Гулнара МасимоваАлматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылы “М. Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын gulnarmasim000орталығымен” коммуналдық мемлекеттік  мекемесі.

Сабақтың  мақсаты:  
Білімділік:  Ғаламтор, HTML тілі туралы, web-сайт, web-парақ жайында түсінік беру.
Тәрбиелік : Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу
Дамытушылығы: Жаңа тақырыпты оқыта отырып ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың өту әдісі: түсіндіру,сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, оқулықтар
Өтілетін орны: информатика кабинеті
Сабақтың барысы:    
а) ұйымдастыру кезеңі
б) Үй тапсырмасын тексеру
в) мақсат қою
г) жаңа тақырыпты түсіндіру
д) Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру
е) бекіту кезеңі
ж) үйге тапсырма беру
I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.
  3. Зейінін сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары

  1. Flash программасында құрылған құжаттың кеңейтілмесі?
  2. Flash те дыбысты біріктірудің қандай үлгілері бар?
  3. Файлды қандай бұйрықтарды орындау арқылы импорттаймыз?
  4. Фильмды жарияламас бұрын не істейміз?

III  Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
IV Жаңа тақырыпты түсіндіру

Компьютер немесе басқа да электронды құрылғыларда оқылатын мәтіндер гипермәтін деп аталады. Гипермәтіндер Интернет құрылымының негізгі құраушысы болып саналады. Гипермәтін термнін алғаш рет америкалық әлеуметтанушы, философ Тед Нельсон 1963 жылы айналыға енгізді.

Web-беттің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Web-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттарға – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер жатады. Электрондық құжаттың қарапайым құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML арнайы тілі пайдаланылады және олар HTML форматында сақталады.

HTML (HyperText Markup Language-гипермәтіндік белгілеу тілі) – қатаң ережелері бар компьютерлік тіл. HTML тілінде құжаттың авторы өз мәтінін тегтер деп аталатын символдар көмегімен арнайы файлға – Web-бетке айналдырады. Web-беттің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы да арнаулы HTML тілінде жазылғандықтан бұл құжаттардың кеңейтілмесі .htm немесе .html болып келеді.

HTML тіліндегі құжат – құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден тұрады. Бұл файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты қолдансақ та болады.

Барлық тегтер«кіші» (<) символынан басталады да «үлкен» (>) символымен аяқталады. Бұл символдар жұбын бұрыштық жақшалар деп те атайды. Ашылған бұрыштық символдан кейін тегті анықтайтын өзекті сөздер орналасады. HTML тілінің тегтері құжаттың арнаулы бөлігіне ғана, мысалы, абзацқа ғана әсер етеді. Сондықтан да  ашылатын және жабылатынжұп тегтер қолданылады. Ашылатын тег құжаттың бөлігіне қандай да бір әсер береді, ал жабылатын тег осы әсерді доғарады. Жабылатын тегтер – «/» – символымен басталады.

HTML құжатының құрылымы:

1) барлық құжат <HTML> тегімен басталады да, </HTML> сәйкес тегімен аяқталады. Бұл тегтер жұбы – броузерге HTML құжаты екендігін хабарлайды;
2) HTML құжаты тақырыптар бөлімінен және құжаттың денесінен тұрады. Тақырыптар бөлімі <HEAD>  және </HEAD> – тегтерінен тұрады, мұнда құжат туралы мәлімет көрстеіледі;
3 )<TITLE>  және </TITLE>тегтері тақырыптар бөлімінің ішінде орналасады және мұнда құжаттың арнайы тақырыбы орналасады;
4) Негізгі мәтін құжаттың денесінде көрсетіледі және ол <BODY>, </BODY> тегтерінің аралығында орналасады.
Осы төрт тег – HTML құжатының негізгі құрылымын білдіреді және бұл тегтер HTML тіліндегі барлық құжатта міндетті түрде көрсетіледі.
5) HTML тілінде құжаттың ішкі тақырыбын алты түрлі тәсілмен беруге болады және олар <H1>, </H1>, <H6>, </H6> тегтерінің көмегімен жазылады;
6 )<P> , </P> тегтері абзацтың басы және соңы екендігін білдіреді;
7 )<HR> – тегі көлденең сызық сызады және ол парсыз тег болып табылады;
8) <BR />– қатардың аяқталуы. Келесі қатар жаңа азат жолдан басталады;
9) <I>, </I> – мәтін курсивпен жазылады;
10) <STRONG>, </STRONG> немесе <B>, </B> – жартылай қалыңдатыла жазылған шрифт;
11) <SUB>, </SUB> – төменгі индекс;
12) <SUP>, </SUP> – жоғарғы индекс;
13) егер абзацсыз жаңа қатарға өту қажет болса <BR> тегі қолданылады;
14) <A HREF= “…”>, </A> тегтері гиперсілтеме орнату үшін қажет. Гиперсілтеме орнату барысында сілтеме жасалатын URL адрес көрсетіледі.  Егер сілтеме көрсетілген құжат басқа Web-бетте болса, атрибуттағы тырнақша ішінде міндетті түрде құжаттың URL адресі толық  көрсетілуі керек. Мұндай сілтеме сыртқы сілтеме деп аталады.
Егер сілтеме осы құжаттың басқа бетінде болса, бұл кезде сілтеме ішкі сілтеме құрылады;
15) Гипермәтіндік сілтемелер бет ішінде арнаулы орынды да көрсетеді. Ол үшін алдын-ала якорь енгізу керек. Бұл кезде  <A NAME= «…» ID= “…”>, </A> тегтері қолданылады. Берілген якорға сілтеме жасау үшін URL адрестің соңында якордың  атын құжат атынан «#» символы арқылы ажырата отырып көрсету керек.

  1. Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру
  2. Гипермәтін дегеніміз не?
  3. Гипермәтінді алғаш ғылымға кім енгізді?
  4. Тегтер қандай символдармен жазылады?
  5. Жазылған құжатты қалай сақтаймыз?
  6. Бекіту кезеңі

1) Блокнот программасын жүктеңіз;
2) Шыққан сұхбаттық терезеде мына қатарларды теріңіз (1-сурет):
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Менің бірінші- Веб парағым </TITLE>
<HEAD>
<BODY>
Менің бірінші- Веб парағым
</BODY>
</HTML>

VII. Үйге тапсырма беру: Web-  беттер және сайттар

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.