Өнер мектебі: Қуыршақ театры – тәлім тәрбие берудің ошағы.

Тулешова  Салтанат  Ыдышовна.  Қуыршақ  театры  үйірме  жетекшісі Жамбыл  облысы   Шу  ауданы  Төле  би  ауылы  «Өнер  мектебі».

saltanattulesh000«… Адамға ең  бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі…» – деген  Әл-Фараби. Балаға әуелі білімнен  бұрын  тәрбие берілуі тиіс. Әр халық  ұрпағының  қайырымды да, әділ де, ер жүрек,үлкенді құрметтейтін, кішіге қамқор, ар-ұяты мол болып өскенін қалайды.                               «Тәрбие бала дүниеге келген сағаттан  басталады.»- деген  сөз бекер айтылмаса керек. Тәрбиенің әліппесі  баланың белі  бесіктен шықпай  жатып ана сүтімен  сіңіріліп,ұлттық  өнегенің  ең асыл,ең нәрлі қасиеттері  сол сәби  шақтарынан-ақ үлгі алып  дари  бастайды. Бесік  жырын,ана әлдиін, ертегі естіп өскен  бала мейірімді, тәрбиелі болары анық.

Адамгершілік тәрбиесінің қасиеттерін  бала  бойына дарыту сан түрлі  жолдармен жүзеге  асыруға  болады,ол тәрбие үйде  ата-анадан, мектепте  мұғалім  арқылы  қалыптасады.

Ұрпағым өнегелі  жақсы  азамат  болып  өсіп  жетілсін  десең, ең  алдымен  бесігіңді  түзе,- деген  ұлы  М. Әуезов. Өткенімізге  көз  жүгіртсек, халықтың    асыл  қазыналарымен  сәбилерді  сусындату, ертегілерді  пайдалану  арқылы  жүзеге  асады.Естіген  ертегі  мазмұнын  есте  сақтап, әділдікке  сену,біреуге  жақсылық  жасау, көмектесу  сияқты  қасиеттерге  ие. Ертегі  тыңдау  арқылы  бала  оған  еліктейді, түйсік  қабілеттері  дамиды. Кішкентайынан  ертегі  тыңдап өскен  бала  ақылды, зерек, терең  ойлы,  зейінді  болып  өседі. Әдетте балалар  өздері  жақсы  көретін  кейіпкерлеріне  еліктеп, сол арқылы  балалар шындық  өмірге  тереңірек  үңіліп, ненің  жақсы ,  ненің  жаман екенін айқынырақ  ұғынып, жақсыдан  үйреніп , жаманнан  жиренуге,өз  қылықтарын бағалай  білуге  үйренеді.  Бүлдіршіндер  әлемі – ерекше  дүние. Олар  біз  секілді  санасымен  ұғынбайды,түйсігімен  түсінеді.Балалар  тым  қиялшыл, арманшыл  болып  келеді. Олар  ересек  адамның  ойы  жетпейтін  дүниені  аңсайды. Бала  ойының  көкжиегін  кеңейтіп, бойына  әсемдікке  деген  қызығушылығын  оятатын өнер  екені  сөзсіз. Ата-бабамыздың  «Жаста берген  тәрбие, жас  шыбықты  игендей» деуінде  үлкен  мән  жатыр. Ал  өнерге  жақын  болып  өскен  баланың  қашанда  жаман  әдеттен  аулақ  жүретінін  өмір  көрсетіп  отыр. Өнер  мен  өмірімізге жат  пиғылдың қоңсы қона алмайтыны  да  сондықтан. Осы  бағытта  бала  жанын  баурап  алатын  театр  өнерінің  орны  бөлек  десек, сәби  жүректерге  ізгіліктің  сәулесін  себетін  театр өнерінің  жауапкершілігі  жоғары. Театр тек  көңіл  көтеретін  орын  емес. Ол- мәдениеттің  ордасы,тәлім  тәрбие  берудің  ошағы.Бала  бойына ұлттық  қасиеттердің  дәнін  егуші. Театр балаға  қуаныш  ұмытылмас  әсер  силайды,оның  көркемдік  талғамын, еліктеуі  мен  қиалын  дамытады. Оның  жан-жақты  дамып,жеке  тұлға  болып  тәрбиеленуіне, тілінің  дамуын  қуыршақ  театры  арқылы  қалыптастырудың  маңызы  зор. Баланың  бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген  қызығушылықты  оятады. Рөлдерді  ойнау  арқылы  өз  кейіпкерлерін  көз  алдына  елестетіп  қана  қоймай, бала  оның  әрекеттерін, сезімдерін  сезінеді.Бұның бәрі  сөйлеу  қабілетінің  дамуына, диалог  түрінде  сөйлеп, өз  алған  әсерін  монолог  түрінде  сөйлеп  жеткізуге септігін тигізеді. Сонымен  қатар балалардың тілдерін  жаттықтыру  үшін  қазақтың  ауыз  әдебиетіндегі  асыл  сөздермен  сусындата  отырып, әрбір  сахналық  қойылым  алдында  өтірік өлеңдерді, мақал- мәтелдерді, жаңылтпаштар  мен  жұмбақтарды және түрлі  ұлттық  ойындар  кіріктіріліп отырады.   Мысалы: «Шалқан» ертегісінде  кейіпкерлердің  сахналауын «Еңбек  етсең  ерінбей- тойады  қарның  тіленбей» деген  мақалмен  бастаса  болады. Театрлық қойылым  арқылы  балалар  кейіпкерлердің  мінез- құлқын, жүріс – тұрысын, дауыс  ырғағын, әдеттерін  айнытпай  салып  көрермендерге  иланымды  етіп  ойнауы  үшін, талмай  жаттығулар  жасау  керек.

Сахналық  өнерге  баулыған  балалар  жаттаған  сөзінің  мағнасын  күйінішті-сүйінішті  сезімдеріне  сәйкес  тебірене  мәнерлеп  айта  білуге  үйренеді.Соның  нәтижесінде шығармашылық  қабілеттері  артады,сөздік  қоры  толықтырылады.

Қорыта  келе  айтарым, мұғалім  жаңалықтан  қашпауы  тиіс, қайта  әдісті  көп  білуге  тырысқан  жөн, одан  ұтпаса  ұтылмайды.

 А.Байтұрсыновтың «Мектептің  жаны  мұғалім. Мұғалім  қандай  болса, мектебі  һәм  сондай болмақшы», «Баланы  ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша  тәрбиелесең  құл  болмақшы» деген  сөздері  бар. Демек  жаңа  технологиямен  қаруланған, күнделікті жаңалықтарды  игеріп  отырған мұғалім  ғана, өркениетті  ел  болашағын  тәрбиелей  алады.

Қазаққа  құлдық  қажеті  жоқ, керісінше, құлдық  санадан  құтқару  үшін  мұғалімдер  қолдан  келген  бар  өнерін, әдісін  жұмсауы  керек, ешкімнен  кем еместігін  дәлелдей  алатын  білім  ғана  одан  құтқара  алады.

ХХI  ғасыр –  білімділер  ғасыры. Ендеше  бізге  ой- өрісі  жоғары  дамыған,  зерделі,жан –жақты  дамыған  парасатты  ұрпақ  керек  екенін  бір  сәт  естен  шығармағанымыз  жөн.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.