Ана тілі – 3. Қыс. Абай Құнанбаев.

Нұрмағамбетова Асем Акимбаевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

asenakim0001jpgСабақтың   мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды  ұлы  ақын  Абай    еңбегімен,  шығармашылығымен    таныстыру.  «Қыс»  өлеңінің  мазмұны  мен  идеясын  меңгерту.
Дамытушылық:        Оқушыларды  сауатты,  мәнерлі,  әсерлі  оқуға  баулу.  Шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  ықпал  ету,  ойлау  шеберлігі  мен  сөйлеу  мәдениетін  дамыту.
Тәрбиелік:   Оқушылардың  өнерге,  білімге  деген  сүйіспеншілігін  арттыру,  тәрбиелеу. Табиғатты  қорғауға  тәрбиелеу.
Сабақтың   типі:   Жаңа білім  беру  сабағы
Сабақтың  түрі:    Аралас  сабақ.
Әдіс-тәсілдері:    СТО  технологиясының  тәсілдері, түсіндіру,  сұрақ-жауап,
көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс,  ойын.
Көрнекілік:       Абай  суреттері.  Тақырыпқа  байланысты  суреттер.  Қимақағаздар.

Сабақтың   барысы:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі
ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру
ІІІ.     Жаңа  сабақ.
ІҮ.     Жаңа  сабақты  бекіту.
Ү.      Қорытындылау, бағалау.
ҮІ.     Үйге  тапсырма.

Ұйымдастыру  кезеңі:
а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.
ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй  тапсырмасымен  жұмыс:
Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

Жаңа  сабақ.

Сабақ  тақырыбы  мен  мақсатымен  таныстыру

  1. Оқушыларды  ұлы  ақын  Абай    еңбегімен,  шығармашылығымен    таныстыру.
  2. «Қыс»  өлеңінің  мазмұны  мен  идеясын  меңгерту

Оқулықпен  жұмыс.
Жұмбақтарды  шешу:
Қыста  бар,  жазда  жоқ.    (қар)

Көлге  жапқан  қақпақ
Сіресіп  тұр.  Қатты–ақ.      (мұз)

Қанаты  жоқ – ұшады.
Аяғы  жоқ – желеді.
Аузы  жоқ – ұлиды.    (боран)
«Жазушылар» топтамасы. Абай .
Абай    туралы  мәліметті  оқу.
Топтастыру

жазушы ұлы ақын аудармашы
АБАЙ
білімге  шақырды   философ,  лирик

 
«Қыс.»   Өлеңді  мәнерлеп  оқушыларға  оқыту.
Сөздікпен  жұмыс. Оқушылар  түртіп  алу  жүйесі  бойынша  қолдарына  қалам  алып  өздері  үшін  түсініксіз  сөздердің  астын  белгілеп  отырады.
Сол  сөздердің  мәнін  ашу,  түсіндіру,  дәптерге  жазу.
Оқушыларға  тізбектей  оқыту,  мазмұнын  сұрау.

Сергіту  сәті.
Сұрақтар  мен  тапсырмалар:

  1. Ақын  қысты  кімге  теңейді?
  2. Қыстың  күшін  қалай  бейнелеген?
  3. Өлеңде  балалар  жайында  не  айтылған?
  4. Малшы  жайында  не  айтылған?
  1. Абай суреттеген  адам  кейпіндегі  қыстың  суретін  бейнелеп  тұрған  сөздерді  тауып, дәптеріңе  жазып  ал.
  1. Өлеңдегі адам  кейпіндегі  қысты  көз  алдыңа   елестетіп  көр.  Өлеңді  жаттап  ал.

Шидем – қой  жүнінен  тоқылған  сырт  киім.
Жаз  құйынды  болса,  қыс  қатал  болады.
Қазан  айында  күн  күркіресе,  қыс  қысқа  болады.

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Үйге  тапсырма:  Абай туралы  мәлімет. Өлеңді  жаттау. «Қыс»  тақырыбына  сурет  салып  не  өлең  жазып  келу.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.