1-сынып. Мектепте, көшеде және үйде әдепті болу.

Исабаева Нагима Сериковна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

nagimaserik000Сабақтың тақырыбы:  Мектепте, көшеде және үйде әдепті болу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Оқушыларға әдептілік пен тәртіп жайында толық мәлімет  беру
Дамытушылық:    Оқушылардың танымдық (ойлау)  қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:               Озық ойлы, әдепті  оқушы болуға баулу
Сабақтың типі:      жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың түрі:       дәстүрлі
Көрнекі құралдар:          тақта, оқулық, бор, суреттер
Пәнаралық байланыс:  дүниетаным, ана тілі
Сабақтың жоспары:

І.  Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылармен сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу

ІІ. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі :
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау (сұрақ – жауап)
ІV. Жаңа білімді меңгеру кезеңі
V. Жаңа білімді бекіту кезеңі
VІ.   Қорытынды кезең
1)  Бағалау
2) Үй тапсырмасын беру
 
Сабақтың барысы :

ІІ. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі :

Оқушылар назарын сабаққа аударып, сұрақ – жауап әдісі арқылы      алдынғы сабақта өткен тақырыпты қорытындылап еске түсіру

ІІІ. Қайталау  кезеңі
1) Өз аты – жөндерін қалай дұрыс, толық айтылады?
2) Мекен – жайларыңды дұрыс айтыңдар.
3) Көшеде қалай сәлемдесу керек ?
4) Сыныпқа кірген мұғаліммен қалай сәлемдесеміз ?
5) Өзге тілдердегі сәлемдесу түрлерін айтыңдар
6) Өз мектептерің жайлы айтып беріңдер
7) Сәлемдесу сұрақтарын атаңдар

Үйге берілген тақпақты сұрау.

Жаңа білімді меңгеру кезеңі

САБАҚ КЕЗІНДЕГІ ТЫЙЫМДАР

  1. Белді таянуға болмайды.
  2. Жақты таянуға болмайды.
  3. Бетті басуға болмайды.
  4. Қолды тарақтауға болмайды.
  5. басты шайқай беруге болмайды.
  6. Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.
  7. Адамға қарап қолды шошайтуға болмайды.
  8. Тісті қайрауға, таңдай қағуға болмайды.
  9. Адамға қарап түкіруге, түшкіруге болмайды.
  10. Адамға қарап керілуге болмайды.
  11. Екі езуді керуге болмайды.
  12. Ішекті тартуға болмайды.
  13. Тырнақты тістеуге болмайды.
  14. Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды.
  15. Біреуге қарап ерін шығаруға болмайды.

ІV.  Жаңа білімді бекіту кезеңі
1) Сабақ кезінде не істеуге болмайды екен ?
2) Көшеде қалай жүру керек?
3) Немен жүру керек, жолдан өту үшін неден өту керек?
4) Үйде не містеуге болмайды?

  1. Қорытынды кезең
  2. Оқушылар білімін тиісінше бағалап, күнделіктеріне қою.
  3. Үй тапсырмасын беру

Сабақ кезіндегі тыйымдарды жаттап алып, айтып беру

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.