И-8. «Вирустан тазарту программалары»

ИНФОРМАТИКА 8 сынып
Тақырыбы: .

Сабақтың толық нұсқасын “Сабақтар көшіру 2010”  бетінен көшіріп алыңыз

Мақсаты:
• Компьютерлік вирустармен таныстыру;
• Антивирустық программалармен таныстыру;
• Антивирустық программалармен жұмыс істеу тәртібі;

САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру сәті: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу, сынып журналын толтыру.

ІІ.Өткен сабақты қайталау:
1. Операциялық жүйелердің қандай түрлері бар?
2. Бір есепті және көп есепті операциялық жүйелердің арасында қандай айрмашылық бар?
3. Бір қолданушылы мен көп қолданушылы операциялық жүйелердің арасында қандай айырмашылық бар?

ІІІ. Жаңа сабақ өту

1. Компьютерлік вирустар.

Вирустардың жіктелуі. Компьютерлік вирустардың әртүрлі типтері бар: жүктелетін, файлдық, макровирустар және желілік.

Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші программалық кодына емес, вирус кодына береді.

Файлдық вирустар өзінің көбеюі үшін операциялық жүйенің файлдық жүйесін пайдаланады. Файлдық вирустар әртүрлі форматтағы (EXE, COM, BAT, SYS жѕне т.б.) орындалушы файлдарды зақымдайды.

Барлық жүктелетін және файлдық вирустар резидентті, яғни компьютердің оперативті жадында орналасады және пайдаланушының жұмыс істеу процесінде қауіпті жағдайлар (дискеттегі мәліметтерді өшіріп тастау, аттарын және басқа да атрибуттарын өзгерту және т.б.) тудырады. Резиденттік вирустардан емдеу қиын, зақымдалған файлдарды дискіден өшіргенмен олар компьютердің оперативті жадында қалып қояды және файлдарды қайта зақымдауы мүмкін.

2. Вирусқа қарсы программалар

Вирустардан қорғау және зақымдалған компьютерлерді емдеу үшін антивирустық программалар қолданылады, оларды әрекеттеріне қарай блоктаушы, ревизорлар және полифагтар деп бөлуге болады.

Ревизорлар. Ревизорлардың жұмыс істеу принципі дискіде сақталған файлдардың бақылау қосындыларын есептеуге негізделген. Бұл қосынды, сонымен бірге бұдан да басқа ақпараттар (файл ұзындығы, олардың соңғы өзгертілген уақыты және т.б.) вирусқа қарсы құралдың мәліметтер қорында сақталады.

Полифагтар. Полифагтардың жұмыс істеу принципі файлдарды, секторларды және жүйелік жадыны және олардағы белгісіз және жаңа (полифагқа белгісіз) вирустарды тексеруге негізделген.

суретін көшіріп алыңыз

2. Вирустан қорғау, ұстау және емдеу.

1. AntiViral Toolkit Pro полифаг-сканерді іске қосыңыз.
2. Облыс бөлімінен тексеруге қажет дискіні таңдаңыз.
3. Объектілер бөлігінде тексерілетін объектілердің типін (оперативті жады, жүктеу секторы, әртџрлі типтегі файлдар) таңдаңыз.

AntiViral Toolkit Pro терезесі.

4. Әрекеттер бөлігінде вирус табылғандағы әрекеттерді (Тек есеп, Емдеуге сұраныс, Сұраныссыз емдеу, Сұраныссыз жою) таңдаңыз.
5.Пуск батырмасын шерту арқылы тексеруді бастаңыз.
6. Вирус табылған жағдайда емдеуге сұраныс пайда болады.
7. Тексеру аяқталғаннан кейін қосымшаның оң жақ төменгі шетінде табылған вирустар мен емделген файлдар туралы мәлімет пайда болады.

V. Сабақты бағалау, үй тапсырмасы.

Сабақтың толық нұсқасын Сабақтар көшіру 2010 бетінен көшіріп алыңыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.