Қазақ тілі. Біріккен сөздер. 

Лебаева Асем Серикказыновна. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданды  №4 орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі.          

asemleba000Сабактың максаты:  Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру.Сөйлем ішінен біріккен сөзді таба алуға,әр түрлі түбірлерден біріккен сөздер жасай алуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, достыққа, бірлікке, қатесіз әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабактың түрі: Аралас сабақ.
Сабактың әдісі: Сұрак-жауап, түсіндіру, дәлелдеу.
Сабактың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, суреттер, оқулық, бағдаршам түстері.
Сабактың баысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:
Би билейміз ырғақты-ырғақты,
Күй тартамыз күмбірлі-күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді-көңілді,
Біз бастаймыз сабақты-сабақты.

III. Үй тапсырмасын тексеру: 6-жаттығу, 95-бет. (Күрделі сөздерді қатыстырып, өзің тұрған жердің қысқы тіршілігі туралы шығарма жазу.)

«Бағдаршам» ойы. 
-Үй тапсырмасына дайындығың қалай?
Жасыл түс – жақсы дайындалып келдім.
Сары түс – дайындалдым, бірақ өзіме сенімсізбін.
Қызыл түс – дайындығым нашар.

Үй тапсырмасын бекіту: Тест жұмысы.(Тест үлгілері үлестріледі , дұрыс жауаптарын сәйкестендіреді.)

1. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді не дейміз?
А) дара сөз          Б) күрделі сөз       С) сөз тіркесі

2. Күрделі сөздер не арқылы жасалады?
А) түбірлердің тіркесуі, бірігуі, қосарлануыарқылы
Б) сөйлемнің дара мүшелері арқылы
С) сөз тіркесі арқылы

3. Күрделі сөз неше сұраққа жауап береді?
А) бір                   Б) екі               С) сұраққа жауап бермейді

4. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөзді тап:
А) өркеш-өркеш          Б) қызыл ала           С) қараторғай

5. Күрделі сөзді анықта:
А) достық                  Б) ата-ана                   С) мектеп

Үй тапсырмасын қорытындылау:

  1. Күрделі сөздегеніміз не?
  2. Неше сұраққа жауап береді?
  3. Кірделі сөзге мысалдар келтір.
  4. Жаңа сабақ:

1. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Тақтаға тақырыпты жазу. Ырғақты жазу жазу.

2. Мағынаны таныту. Ойнайық та, ойлайық.  (Ребус шешу)
тай   +  лақ
түйе  +  құс
тас  + бақа
-Сөздерді жазу , берілген сөздерді сөз құрамына талдау, әр сөздің неше түбірден құралғанын анықтау.Дәлелдеу.

3. Ереже: Екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады.Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.Мысалы: асқабақ, қосаяқ, Алатау, Айдос, Сарыағаш т.б.

4. « Кім тапқыр?» Тапсырма: Біріккен сөздердің арасына «+» таңбасын қойып жаз. Алты + бақан, жар + қанат, кемпір + қосақ, жеті + қарақшы, бал + мұз + дақ, орам + жапырақ.

Жаттығу жұмыстарын орындау.
8-жаттығу (ауызша) Берілген сөздерді оқы.Оқыған сөздеріңді сөз құрамына талда.Әр сөз неше түбірден құрастырылған.
9-жаттығу Сөздерді оқып көшіріп жаз. Әр сөз неше түбірден құрастырылған.
10- жаттығу Өлеңді оқып, жатқа жаз.Өлеңде кездескен біріккен сөздерді ата.
11-жаттығу Берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.Бұл сөздердің біріккен сөз екенін кестені пайдаланып дәлелде.

Сергіту сәті. Аңдатпа.
Бүгін көгілдір экраннан қандай бағдарлама болатынын еске саламыз. Тыңдаңыздар тыңдаңыздар сөйлеп тұрған №4 орта мектептің 4 «б» сынып оқушысы топ басшысы Берікқызы Ақниет. Сіздердің назарларыңызға төмендегі бағдарламаларымызды ұсынамыз. Егер осы бағдарламалардан біріккен сөздерді тауып жатсаңыздар, қол соғу арқылы білдіреміз.
6-00 Таңшолпан 11-30 Жетісаз
8-00 Хабар 12-45 Еркетай
8-20 Тілашар 13-50 Екі жұлдыз
9-15 Спорт 15-30 Ақ жүніс
10-00 Көзайым 18-10 Сегіз қырлы
10-35 Дениз 20-15 Ботагөз

12-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз.

  1. Аңдар : … , …,  …,
  2. Құстар: …, …, …,
  3. Өсімдіктер: …, …, …,
  4. Жер-су аттары: …, …, …,

Бекіту: Терме диктант. Өтірік өлең.

Сужыланға емделген,
Тасбақаны қарсы алдым.
Итмұрынға жемделген,
Тас кенеге ер салдым.
Темірқазыққа мініп ап,
Аспанды мен шарладым.
Алатаудың шыңынан,
Құлап қала жаздадым.

Сөзжұмбақ шешу. Ақтөбе сөзінен баспалдақ жасау.

Қорытынды:Біріккен сөз дегеніміз не? Бүгінгі сабақта не білдік?
Үйге тапсырма: 13-жаттығу,ереже жаттау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.