Тақырыбы: «Аналар – асыл жандар»

Қосалиева Гулмира Кусибековна. Жамбыл облысы Шу ауданы Толеби ауылы Өнер мектебі «Тоқыма» үйірмесінің жетекшісі.

gulmiraKos000

Мақсаты: Балаларға аналар мерекесі туралы түсінік беру, барлық аналарға деген сүйіспеншілікті арттыру, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге, ана мен бала және мектеп арасындағы байланысты нығайту.

Мұғалім: Құрметті асыл аналар, қыздар, ұстаздар! Бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің аналарымыз да бәйшешектей қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүл мерекелеріңіз құтты болсын!

Енді мерекелік кешімізді бастамас бұрын, мектебіміздің директоры А.Иманбаев мырзаға сөз беріледі.
Мұғалім: Мерекелік кешті жүргізушілер мектебіміздің оқушылары Батырхан Жасмин мен Бейсенхан Аяулымды ортаға шақырамыз.
1 жүргізуші: Құрметті асыл аналар,
Қадірлі ұстаздар,
Қырмызы қызғалдақ – қыздар!
2 жүргізуші: Қар астынан қылтиып шыққан қызғалдақтай болып, келіп қалған гүлдей құлпырған күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән «Анашым» орындайтын: Бұхарбаева Ұ.
1 жүргізуші: Сіздерден өскен балалар,
Балалар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
(екеуі бірге)  Аяулы асыл аналар.

2 жүргізуші: Кім ойлап тапқан
Сөздерді ең аяулы
Енді білдім оларды
(екеуі бірге) Аяулы асыл аналар!

Енді аналардың құрметіне қыздардың жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар!
Алуа, Ұлпан, Мейірім, Шахназ өлеңдерін айтады.

1 жүргізуші: Тал шыбықтай бұралып,
Биші болам өскенде, – деп біздің орындауымызда
«Шуақ» биін қабыл алыңыздар.
 
 
 
1 жүргізуші: Енді ойынға кезек берейік. «Көзіңді жұм да таны»

2 жүргізуші: Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған, – деп өлең жолдарында айтылғандай, аналарымызға арналған жыр-шумақтарға кезек берейік.
Жансая, Айгерім, Назерке, Ғазиза, Мерей, Аружан, Ұлпан.

1 жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді ссүйсең менше сүй, – демекші Төрехан Алуаны «Алтын ана» әнімен ортаға шақырамыз.
2 жүргізуші: Келесі ойынымыз «Су тасы» ойыны ойнатылады.
1 жүргізуші: Енді Мерей қызымыздың орындауындағы «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші: Кезекті биге берейік. Амангелді Аяжанның орындауында «Көңіл күй» биін тамашалайық.
1 жүргізуші: Кезекті тағы да ойынға берейік. «Ойлан тап» ойыны.
2 жүргізуші: Ән мен күйді төгілткен
Жырды әнмен өрлеткен.
Мерей қызымыз келіп тұр.
Домбырасымен күй шерткен.
1 жүргізуші: Аналар өмір жүрегі,
Балалар оның тірегі – дей отырып, қыздарымыз аналарына арналған сыйлықтарын тарту етуі үшін аналарымызды ортаға шақырамыз.
2 жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілеріміздің «Рокэн ролл» биін тамашалаңыздар.
Соңы, бәрі бірге: Ана біздің күніміз,
Біз ананың гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!- деп кешімізді аяқтаймыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.