Химия. Темір жәңе оның қосылыстары.

Қарғабаева Айнура. Жамбыл облысы, Шу қаласы, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі.

ainurakoib000Сабақтың мақсаты:
1. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесін пайдаланып,  VIII топтың қосымша топша металы-темірді сипаттап,  табиғатта кездесуі,  физикалық,  химиялық қасиеттері,  биологиялық маңызы,  қолданылуы,   оның қосылыстары,  күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып,  адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін нығайту.
2. Оқушылардың теориялық білімдерін  практикамен ұштастыру арқылы пәнге деген қызығушылығын,  таным белсенділігін,  ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды тазалыққа,  шапшаңдыққа,  іздемпаздыққа,  еңбексүйгіштікке,  өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.

Скачать (PPTX, 2.1MB)

Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақ типі:  жаңа сабақты меңгерту.
Сабақты өткізу әдісі: сұрақ-жауап,  есептер шығару,  баяндау.
Сабақтың көрнекілігі:  Менделеевтің  жасаған  периодтық  жүйесі,  интерактивтік тақта,  бейнекөрініс,  топтастыру схемасы,  сәйкестік  тестілеу,  темір,   магнит, бағалау  парағы.
Сабақтың   барысы:
Темірді алюмнатермиялық жолмен алу (Бейнежазба)

І.  Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта   оқушылар 2 топқа бөлінді.
І топ.  Атом
ІІ топ.  Молекула
Әр топтың топ жетекшісі сайланып,  бағалау парағы таратылды.
ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау

  • Фасоль қапшығы.      5 – слайд
  • Сәйкесін анықта.    7 – 8 слайдттар
  • “Тарелка тарту” стратегиясы
  • “Веер” әдісі.
  •  Сәйкестік тестілеу.
  •  “Тарелка тарту” стратегиясы
  • “Веер” әдісі
Алюминий нешінші периодта орналасқан ?
Алюминийдің тотығу дәрежесі.
Металдардың ішінде алюминий таралуы бойынша нешінші орын алады ?
Алюминийдің кең тараған минералдарын ата.
Елімізде алюминий өндіретін қалаларды ата.
Өнеркәсіпте алюминийді қандай әдістің көмегімен алады?

ІІІ.  Жаңа сабаққа дайындық.

  1. Кім зерек?
Аталуы Химиялық элемент Химиялық қосылыс Қоспа
Хром оксиді
Хром
Құйма
Оттегі
Хром сульфиді
Н
Е
Л
І
Б
Т
К
Р
С
Р
П
М
М
Ж
Х

Темірдің оттекте жануы

Таблицада берілген атаулардың тұсына оның қоспа,  химиялық элемент,  химиялық қосылыс екенін дұрыс белгілесек,  бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.
– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Темір»
– Сабаққа қәне,  мақсат қоялық. (оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды)

  1. Жаңа сабақ
    4. Теміртану
    Темірдің периодтық жүйедегі орнына сипаттама береді.
    Темір – IV периодта, VIII топтың қосымша топшасында орналасқан.
    Реттік саны – 26, Ar(Fe)=56
    Валенттілігі – ІІ,  ІІІ.    d-элементі
    Әр топ слаидтың көмегімен түсінік береді.
    І топ.  Темірдің табиғатта таралуы.

Темірдің хлор мен әрекеттесуі

Темір  алюминийден кейінгі табиғатта ең көп таралған металл.  Жер қыртысындағы үлесі 4, 2% тиеді.  Феррум латынша сөз қазақша металл деген мағына береді.  1749 жылы Сібір ұстасы Енисейден сом темір кесегін тапқан.  Ол дүние жүзіне әйгілі болып,  тұңғыш метеорит деп атаған.  Ғарыштан түсетін метеориттер темірден тұрады.  Сондықтан ерте заманда темірді «аспан»,  «жұлдыз» тасы деп атаған.  Темір жер қыртысында көптеген минералдар түзеді.  Темірдің ең маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл темір тас,  магниттік темір тас,  пирит немесе темір колчеданы. Темір минералды сулардың құрамында сульфат және гидрокарбонат түрінде кіреді.
Темірдің қос ионын анықтайтын сапалық реакция

Темірдің үш валентті ионын анықтайтын сапалық реакция

ІІ топ.  Темірдің физикалық қасиеті
Темір-жылтыр,  күмістей ақ түсті металл, оның тығыздығы-7, 87г/см3.  Оның балқу температурасы-+1539С қаттылығы- 4, 6,  иілгіш,  магнитке тартылады.
ІІІ топ.  Алынуы. ( бейнекөрініс көріп,  реакция теңдеулерін жазады)

  1. Темірдің химиялық қасиетіне байланысты бейне жазба көрсетіледі,  реакция теңдеулерін тақта оқушылар шығып жазады. Темір химиялық активтілігі орташа металл.  Құрғақ жағдайда темір пассивтеніп тұрады, ылғалды ауада темір оңай тотығып,  бетін тат қаптайды. Темірді қыздырғанда таттанып, оның оксидтері түзіледі. Қызған темірді ұсталар соққанда,  ұшып түсетін темір қағы да осы қосылыс.

3Fe+2O2→Fe3O4
Fe+S→FeS
Fe+H2O→FeO+H2
Fe+2HCl→FeCl2+H2
Fe+4HNO3→Fe(NO3)2+2H2O+2NO

  1. Темірдің биологиялық рөлі.
    Темір тірі организмде болады.  Үлкен адамның денесінде 4-5г темір болады,  оның 65% қанның гемоглобининде болады.  Ол қанға түс береді, тыныс алу органынан оттекті әртүрлі ұлпаларға тасымалдайды.  Темір иондары ферменттердің қалыпты қызмет етуіне,  қан түзілуіне,  зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдіктер үшін де темірдің маңызы зор, фотосинтезде жүретін реакцияларға қатысады.

Қанда темір жетіспесе, адам қаназдық ауруына шалдығады. Қаназдықтың алдын алу үшін тамақ рационында темірі бар тағамдар енгізілуі керек. Құрамында темір мөлшері көрсетілген тағам өнімдері төменгі кестеде көрсетілген.

Темір мөлшері Тағам өнімдерінде
Өте  көп. (3, 0 мг астам) Бауыр, ет(сиыр, қоян, тауық), жарма(тары, арпа, бидай. сұлы), қаражидек, шабдалы, бекіре уылдырығы.
Көп(2-3 мг) Ет(тауық,  қой), балық,  2-ші сұрыпты ұннан дайындалған нан, құрма, алма, алмұрт, өрік, қымыздық, саумалдақ.
Орташа(1-2мг) Күріш, макарон, қызанақ, қызылша, орамжапырақ, пияз, сәбіз, қарбыз, шие,  қара қарақат,  құлпынай.
  1. Темірдің қолданылуы.
Трансформатор құралдардың Электромагниттік бөлшектері
Темір
құйма,  шойын,  болат өндіруде Техникада,   медицинада темірдің дәрілік препараттарды,  изотоптарды
зерттеу кезінде индикатор ретінде қан ауруын анықтауда қолданылады.
  1. Жаңа сабақты бекіту.
  2. Бәйге
    Берілген айналымды жүзеге асыру.
    І топ. Fe→FeCl2→Fe(OH)2→FeO
    ІІ топ. Fe→FeO→FeSO4→Fe(OH)2
    ІІІ топ. Fe→Fe2O3→Fe(OH)3→Fe(NO3)3
  3. Есептер сыры

1- топ: Массасы 120 г темір (III) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда,   темірдің қандай массасы түзілетінін есептеңдер?
2-топ:
26 г темір мыс сульфатымен әрекеттескенде,   түзілген темір сульфатының массасын есептеңдер?

  1. Оқулықпен жұмыс
    Оқулықта берілген жаттығуларды орындайды
    І топ. №7
    ІІ топ.  №8
  2. VI. Сабақты қорыту. Логикалық сұрақ
    Темір өмір элементі деп есептеуге бола ма?

Рефлекция.

  • Бүгін сабақта қандай жаңа тың мәселелер туралы білдіңіз?
  • Сіз үшін ең пайдалы болғаны не?
  • Қандай ақпарат сіз үшін күтпеген болды?
  1. Үйге тапсырма
  • §41.  Темір және оның маңызды қосылыстары (мазмұндау,  қасиеттерін есте сақтау.
  • 8,  9 –жаттығуларды орындау.
  • «Темір элементі және тарихи деректер» тақырыбында шығармашылық жұмыс

VII.  Бағалау( Топ жетекшілері бағалау парағын пайдаланып,  қорытынды балдарын санап,  оқушыларды бағалайды)

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.