Тақырыбы: « Геометрия пәнінен есептер шығару практикумы»

ХАСИХАН  ЕҢЛІК. Ақмола  облысы,  Бұланды  ауданы Балуан  Шолақ  атындағы мектеп-лицейдің математика  пәні  мұғалімі.

enilikhas000ҰБТ- ға  дайындалуға  арналған  оқу-әдістемелік құрал
Бүгінгі  таңда Ұлттық бірыңғай  тестілеуге (ҰБТ)   дайындық – жоғары  сынып  оқушыларының  өзекті  мәселелерінің  бірі.
Геометрияда  алгебрадағыдай  үлгі  бойынша  шығарылатын  стандартты  есептер  жоқ.  Геометрияның әрбір  есебі « жеке»  қарастыруды  талап  етеді.  Сондықтан,  осы  практикумда оқушыларға  геометриялық есептерді  шешуде  қолданылатын  тиімді  әдіс-тәсілдер  есептердің  шығарылуымен толықтай  көрсету  жоспарланды.
Жоспарланып  отырылған  практикум  – 7- 11 сынып бағдарламасындағы  геометрия  пәні  бөлімдері   бойынша  қажетті теориялық  минимумын, бағдарлама бойынша  тақырыптың  барлық  бөлімдері бойынша  типтік есептерді және  ҰБТ- дың  алдын ала  сынақтарында кездесіп  жүрген есептерді шығаруда формулаларды  тиімді қолданып  шығарылуымен  шешу   мысалдарын,  сонымен  қатар оқушылардың  өзіндік жұмыстары мен,  тақырыпты  бекітуге  арналған  тест  жұмыстарымен  қамтылған.
Курс аптасына 2 сағаттан,  жыл  бойына 68 сағатқа  жоспарланған.

Практикумның  мақсаты – оқушының өзінің  қабілетін  іске  асыруға дайындығын  қалыптастырып, ҰБТ-ны  тапсыру  үшін  қажет  дағды, икемділікті  және  геометриялық  білімдерін  қалыптастыру.
Міндеттері:

  • Оқушыларды берілген  тақырыптың  геометриядағы  маңызы  туралы, басқа  тақырыптармен байланысы  туралы біртұтас ұғым қалыптастырады;
  • Шығармашылық іздену әдістерін іріктеуге, талдап-ойлауға, есте сақтауға,  ой-өрісті дамытуға дағдыландырады;
  • Қосымша әдебиеттермен  жұмыс  жасауды  жүзеге  асырады;

Практикум  барысында,  геометриялық фигураның  анықтамасынан  бастап  сол  фигураға  қатысты  барлық  қасиеттер мен  белгілер, теоремалар мен  аксиомалар,  формулалар  толықтай  теория  жүзінде  қайталанып,  қайталанған  теориялық  мәліметтерді  есептер  шығару  арқылы  жүзеге  асырып,   игерген  білімдерін  бекіту  негізінде   өзін-өзі  бақылауға  арналған    ауызша  және  жазбаша  бақылау  жұмыстарын  жазады.
Практикум –  тақырыптар  бойынша  теориялық  бөлімнен, есептер шығару практикумынан және білімдерін  қорытындылау  өз  бетімен  шығаруға  арналған  есептерден  және  тест   жұмыстарынан  тұрады.
    Практикумды  табысты  аяқтаудың нәтижесінде  оқушылар:

  • Үшбұрыштар және оларға  қатысты  барлық  формулалар;
  • Төртбұрыштар және оларға  қатысты  барлық  формулалар;
  • Көпбұрыштар және оларға  қатысты  барлық  формулалар;
  • Шеңбер және  дөңгелек және  оларға  қатысты  барлық  формулалар;
  • Параллелепипед және  призма, оларға  қатысты  барлық  формулалар;
  • Пирамида және  қиық  пирамида, оларға  қатысты  барлық  формулалар;
  • Цилиндр және оған  қатысты  барлық  формулалар;
  • Конус және  қиық  конус, оларға  қатысты  барлық  формулалар;
  • Шар және сфера, оларға  қатысты  барлық  формулалар;
  • Призма мен  шардың  комбинациясы, оларға  қатысты  барлық  формулалар;
  • Пирамида мен  шардың комбинациясы, оларға  қатысты  барлық  формулалар;
  • Призма мен  цилиндрдің комбинациясы, оларға  қатысты  барлық  формулалар бойынша   меңгерген  білімдерін  бекітіп,  қорытындылайды.

Оқу  курсы  тақырыптарының  мазмұны. 10 – 11 сынып.
1. Үшбұрыштар (6  сағат)
Кез келген  үшбұрыш,  тең  бүйірлі  үшбұрыш,  тең  қабырғалы   және тік  бұрышты  үшбұрышқа,  сонымен қатар  әр қайсысына  жүргізілетін  мединана,  биссектриса,  биіктікке,  іштей  және  сырттай  сызылған  шеңберлерге   тоқтала  отырып әр қайсысының  қасиеттерін, теоремалары  мен  формулаларын  қолдана  отырып,  есептер  шығарып  үйренеді.
2. Төртбұрыштар ( 8  сағат)
Шаршы,  тік  төртбұрыш, параллелограмм, ромб және  трапеция  әр қайсысының  қасиеттерін, теоремалары  мен  формулаларын қолданып    есептер  шығарып  үйренеді.
3. Көпбұрыштар (5 сағат)
Дұрыс  көпбұрыштың  ішкі  бұрыштарының  қосындысы,  дұрыс  алты  бұрыштың  қабырғасын және  ауданын  табуға  қатысты  қасиеттері  мен  формулаларын  қолданып, есептер шығарып  үйренеді.
4. Шеңбер және  дөңгелек  (5 сағат)
Шеңбердің ұзындығы,  дөңгелектің  ауданы,  доғаның  ұзындығы, сектордың  ауданы,  центрлік  бұрыш,  шеңберге  іштей  сызылған  бұрыштар,  дөңгелектегі  пропорционал  кесінділерге  қатысты  қасиеттері  мен   формулаларын  қолданып, есептер шығарып  үйренеді.
5. Параллелепипед және призма  (6 сағат)
Тік бұрышты  параллелепипед,  тік  параллелепипед,  куб ,  призмаға  қатысты  қасиеттері  мен   формулаларын  қолданып, есептер шығарып  үйренеді.
6. Пирамида және  қиық  пирамида  (6 сағат)
Пирамида  және  дұрыс  пирамида, қиық  пирамида  және   пирамиданың  бүйір  қырлары,  табанына,  апофемасы  және  биіктігіне  қатысты қатысты  қасиеттері  мен   формулаларын  қолданып, есептер шығарып  үйренеді.
7. Цилиндр ( 6 сағат)
Цилиндр,  цилиндрдің  осі,  жасаушысы,  табанының  радиусы,  осьтік  қимасына  қатысты қасиеттері  мен  формулаларын  есептер  шығаруға  қолданып  үйренеді.
8. Конус және  қиық  конус  ( 6 сағат)
Конус  және  қиық  конус,  конустың  осі,  биіктігі,  жасаушысы,  табанының  радиусы,  осьтік  қимасы,  конустың  жазбасы,  конустың  жазбасының  бұрышына  қатысты  қасиеттері  мен   формулаларын  қолданып, есептер шығарып  үйренеді.
9. Шар және  сфера  (6 сағат)
Шар  және  сфера,  сфераның  ауданы,  шардың  көлемі,  сектордың  және  шар  қабатының  көлеміне қатысты  қасиеттері  мен   формулаларын  қолданып, есептер шығарып  үйренеді.
10. Призма мен  шардың  комбинациясы   (4 сағат)
Призмаға  іштей  және  сырттай  сызылған  шар,  шардың  радиусы,  призманың  биіктігі, шардың  жазықтықтағы  проекциясына қатысты  қасиеттері  мен   формулаларын  қолданып, есептер шығарып  үйренеді.
11. Пирамида  мен  шардың  комбинациясы  (4 сағат)
Пирамидаға  іштей  және  сырттай  сызылған  шар,  пирамиданың  биіктігі, пирамиданың  бүйір  қыры,  шардың  радиусына қатысты  қасиеттері  мен   формулаларын  қолданып, есептер шығарып  үйренеді.
12. Призма  мен  цилиндрдің  комбинациясы  ( 4 сағат)
Цилиндрге  іштей  және  сырттай  сызылған  призма,  призманың  бүйір  бетінің  ауданы,  цилиндрдің  табанының  радиусына қатысты  қасиеттері  мен   формулаларын  қолданып, есептер шығарып  үйренеді.
13. Қорытынды сабақ  (2  сағат)
Ауызша  және  жазбаша  сынақтар.

Тақырыптық – оқу  жоспары. 10 – 11 – сынып. Аптасына  – 2 сағат.  Барлығы – 68  сағат

Тақырып атаулары Сағат  саны Мерзімі Ескерту
Барлығы Лекция Практика Бақылау
1 Үшбұрыштар 6
1.1 Үшбұрыштар  және  олардың  түрлері 1
1.2 Үшбұрыштарға  есептеры  шығару 1
1.3 Үшбұрыштарға  есептеры  шығару 1
1.4 Үшбұрыштарға  есептеры  шығару 1
1.5 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер 1
1.6 Тест  жұмысы 1
2 Төртбұрыштар 8
2.1 Төртбұрыш  және  оның  түрлері 1
2.2 Тіктөртбұрышқа  және  шаршыға  есептер шығару 1
2.3 Параллелограммға  есептер  шығару 1
2.4 Параллелограммға  есептер  шығару 1
2.5 Ромбға  есептер  шығару 1
2.6 Трапецияға  есептер шығару 1
2.7 Трапецияға  есептер  шығару 1
2.8 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер  және  тест жұмысы 1
3 Көпбұрыштар   4
3.1 Көпбұрыштар 1
3.2 Көпбұрыштарға  қатысты  есептер 1
3.3 Көпбұрыштарға  қатысты  есептер 1
3.4 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер  және  тест жұмысы 1
4 Шеңбер  және  дөңгелек 4          
4.1 Шеңбер  және  дөңгелек 1
4.2 Шеңбер  және  дөңгелекке қатысты  есептер  шығару 1
4.3 Шеңбер  және  дөңгелекке қатысты  есептер  шығару 1
4.4 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер  және  тест жұмысы 1
5 Параллелепипед және  призма  6          
5.1 Параллелепипед  және  призма 1
5.2 Параллелепипед  және  призмаға  қатысты  есептер  шығару 1
5.3 Параллелепипед  және  призма қатысты  есептер шығару 1
5.4 Параллелепипед  және  призманың  қималарына қатысты 1
5.5 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер 1
5.6 Тест  жұмысы 1
6 Пирамида  және  қиық  пирамида  6
6.1 Пирамида  және  қиық  пирамида 1
6.2 Пирамидаға  қатысты  есептер шығару 1
6.3 Пирамиданың  қимасына  қатысты  есептер  шығару 1
6.4 Қиық  пирамидаға  қатысты  есептер  шығару 1
6.3 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер 1
6.4 Тест  жұмысы 1
7 Цилиндр 6
7.1 Цилиндр 1
7.2 Цилиндрге  қатысты  есептер  шығару 1
7.3 Цилиндрдің  қимасына  қатсты  есептер шығару 1
7.4 Цилиндрдің  қимасына  қатысты  есептер шығару 1
7.5 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер 1
7.6 Тест  жұмысы 1
8 Конус  және  қиық  конус  6
8.1 Конус  және  қиық  конус 1
8.2 Конусқа қатысты  есептер  шығару 1
8.3 Конустың  қимасына  қатысты  есептер шығару 1
8.1 Қиық  конусқа  қатысты  есептер  шығару 1
8.2 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер 1
8.3 Тест  жұмысы 1
9 Шар және  сфера 6          
9.1 Шар  және  сфера 1
9.2 Шар мен  сфераға  қатысты  есептер шығару 1
9.3 Шар мен  сфераға  қатысты  есептер шығару 1
9.4 Шар  бөліктеріне  қатысты есептер  шығару 1
9.5 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер 1
9.6 Тест  жұмысы 1
10 Призма  мен  шардың  комбинациясы   4        
10.1 Призма  мен  шардың  комбинациясы. 1
10.2 Призмаға  іштей  сызылған  шарға  қатысты  есептер  шығару 1
10.3 Призмаға сырттай сызылған  шарға  қатысты  есептер  шығару 1
10.4 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер  және  тест жұмысы 1
11 Пирамида  мен  шардың  комбинациясы  4        
11.1 Пирамида  мен  шардың  комбинациясы 1
11.2 Пирамида  мен  шардың  комбинациясына  қатысты  есептер  шығару 2
11.3 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер  және  тест жұмысы 1
12 Призма  мен  цилиндрдің  комбинациясы  4        
12.1 Призма  мен  цилиндрдің  комбинациясы 1
12.2 Призма  мен  цилиндрдің  комбинациясына  қатысты  есептер  шығару 2
12.3 Өзбетімен  шығаруға арналған  есептер  және  тест жұмысы 1
13 Ауызша  сынақ       1    
14 Жылдық  тест жұмысы       1    

 

 

 

Check Also

mirashbostan000

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.