Тақырыбы: «Үздік информатик»

Хороходжаева Айгул. Жамбыл облысы Шу қаласы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің информатиігі.

Мақсаты:aigul001
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: шығармашылық жарыс сабағы.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес.
Жабдықтар:Интерактивті тақта.
Көрнекіліктер: Слайд презентация.
Пәнаралық байланысы:  Қазақ әдебиеті, математика.
Сайысты өткізу бағдарламасы:

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру
  • Сайысты өткізу
  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
  • Марапаттау

Сайыстың өту барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн  ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Үздік информатик» атты сайысымызға қош келдіңіздер! “Естігенімді ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз  істегенімді – меңгеремін” деген Конфуций сөзін негізге алып бүгінгі сайысымыз шығармашылық бағытта болмақ.

Скачать (PPTX, 1.83MB)

І топ – Ғаламтор.
ІІ топ – Ақпарат
(Оқушылар өздерін таныстырады.)

І кезең. Викториналық сұрақтар. (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
ІІ кезең. Шабыт. (жоғары7 ұпай)
ІІІ кезең. Жұмбақ шешу (жоғары10 ұпай)
IV кезең. «Домино» (Әр дұрыс сөзге 1 ұпай)
V кезең. Тест тапсырмасы.
 
І кезең. Құрметті сайыскқа қатысушылар мұқият сұрақтарды тыңдаймыз, жауаптарыңыз болса қол көтереміз. Викториналық сұрақтар:

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
  2. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
  3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
  4. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)
  5. Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап тапқан машина (арифмометр)
  6. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)
  7. Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)
  8. Принтердің неше түрі бар? (3) Матрицалық, Бүріккіш, Лазерлік
  9. Компакт-диск оқу құрылғысы (CD-ROM)
  10. Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)
  11. Компьютер ауруы (вирус)
  12. Windows деген не? (терезе,Операциялық жүйе)
  13. Alt+F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу)
  14. Компьютердің атасы (Чарлз Бэббидж)
  15. Компьютерлік кескіннің неше түрі бар? Және қандай (Растрлық, Векторлық
  16. 1 Гб қанша мегабайт бар(1024 мегабайт)

ІІ кезең.   Шабыт. (жоғары7 ұпай)
Бұл кезеңде берілген суреттерден
10  айырмашылықты 3  минут ішінде табу қажет.

Көрермендермен ойынКомпьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер интерактивті тақтада беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.    (Жігітті досына қарап, бағала)
  2. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)
  3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.  (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
  4. Байт биттен құралады.   (Теңге тиыннан құралады)

ІІІ кезең. Жұмбақ шешу.
Жыпылықтап тұратын тік сызыкша тәрізді бір символдың орнын көрсетіп тұратын таңба (курсор).
 Жұмыс кезінде экранға шақырылатан, онан кейін орындалатын қолданбалы программа командаларының іс-
әрекеттерінің және ішкі жүйелерінің тізімі (командалық мәзір).
 Графикалық немесе мәтіндік информацияларды тікелей оқуға арналған құрылғы (сканер).
 Программалық жабдықпен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны (интерфейс).
 Белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған» біртектес информациялар жиыны (файл).

ІV кезең. Домино. (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай) Біздің төртінші турымыз «Домино» Интерактивті тақтадан бір ұяшықты таңдап. Берілген әріптен басталатын информатика пәнімен байланысты сөзді алып мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптенбасталуы керек.Берілетін уақыт – 2 минут.

Көрермендермен ойын  Компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер интерактивті тақтада беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет

    1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)
    2. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан)
    3. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
    4. Амалы жоқ F1-ге жармасады. (СУҒА КЕТКЕН ТАЛ ҚАРМАЙДЫ)

V кезең. Тест тапсырмасы.

    1. батырмасы мәтінді …етеді.

А) Курсив
Ә) Асты сызылған
Б) Жуан
В) Жуан курсив

      1. батырмасы мәтінді … етеді.

А) Курсив*
Ә) Асты сызылған
Б) Жуан
В) Жуан курсив

      1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?

А) Операциялық жүйе
В) Бағдарламалық қабықша

C) Мәтіндік редактор

Д) Арнайы жазылған шағын көлемді бағдарлама*

      1. Кегль деген не?

А) Әріптің түрі
Ә) Әріптің мөлшері *
Б) Әріптің үсі
В) Әріптің мәнері

      1. Гарнитура деген не?

А) Әріптің түрі *
Ә) Әріптің мөлшері
Б) Әріптің түсі
В) Әріптің мәнері

Берілетін уақыт – 2 минут.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Сайыскерлерге әділ баға беретін
Әділқазыларға сөз берейік.
(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).

Ребусты шешу.
 inf002Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Үздік информатик» сайысын өткізіп,  жақсы ойын көрсеткен оқушыларға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз. Келесі кездескенше Сау саламат болыңыздар!

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.