Бастауыш-3. Қазақ тілі. Мағыналары қарама-қарсы сөздер. 20-25- жаттығу

Пұсырманова Гүлфайруз. Қызылорда облысы Арал ауданы, №74 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөз және оның мағынасы туралы білімін кеңейту; берілген сөздерден мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді таба білу; сөздердің мағынасын анықтай білуді үйрену
  2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;
  3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік,талдау-жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері:  интерактивті тақта, мазмұнды суреттер,тірек сызбалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық Сәлемдесу.
Жақсы оқып сабақты                   Бола білсең  күндей бол
Әдеп сақтау сәніміз                     Жұрттың  бәрін  бірдей көр.
Сәлем беріп сіздерге                    Мейіріміңді аямай,
Бас иеміз бәріміз                          Жылуыңды бөліп бер!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру  18-жаттығу, 107-бет.
Жақша ішіндегі  сөздердің тиістісін қою арқылы сөйлемдерді көшіріп жаз.  Жақшаның ішіндегі сөздердің мағыналары қандай?
Үй тапсырмасын бекіту:Сөз дегеніміз не? Ол неден құралады? Мағынасына қарай қандай болып бөлінеді?  Мысал келтір.
bast_Gulfairus

синонимдер
омонимдер
антонимдер

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Ұлы  ақын  Абай  ақылды, тапқырлықты  қажет  етеді  және  өте  қызық  ойын  деп  жұмбақты  жақсы  көріпті. Өзі де  жұмбақ  шығарыпты. Соның  бірі  мынау:

Баяғыдан  бері  сегіз  батыр  кезек  жығысып  келе  жатыр.Түбінде  қайсысы  жеңері  тағы  белгісіз.  Сол  сегіз  батыр  кімдер?
Шешуі:    Қыс пен  жаз, күн  мен  түн,  тақ  пен  жұп,

Жақсылық пен  жамандық  болды  сегіз. (Абай)

– Осы  жұмбақтың  шешіміне  назар  аударыңдар.
– Жұптасып  тұрған  сөздер  туралы  не  айтуға  болады?
– Олар  қандай  сөздер?
-Мағынасы қарама-қарсы.

-Дұрыс. Олай болса бүгінгі тақырыбымыз осы сөздер туралы болады.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:  Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Күн ретін жазу. Көркем жазу

Сонымен мағынасы қарама-қарсы сөздерді не деп атаймыз?

Антонимдер.
Антоним  грек  тілінен  аударғанда  anti-қарсы, onima-есім  деген  мағынаны  білдіреді.  Мағынасы қарама-қарсы сөздер- антоним  сөздер  де  синонимдер  сияқты  біздің  тілімізді бай,  көркем,  мазмұнды  ете  түседі.

Антонимдер  көбінесе  мақал-мәтелдер мен  жұмбақтарда  кездеседі.  Өйткені  мақал-мәтелдер   мен  жұмбақтар да  сөз  аз,  ал  халық  даналығы көп  болады.

Ү. Жан-жақты білімдерін тексеру. Қане балалар мына сәйкестендіру тестін орындап көрейік.

Сәйкестендіру тесті. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді бір-бірімен сәйкестендір:
Алыс                                   Аласа
Сұлу                                    Жақын
Биік                                      Бірдей
Алуан                                  Көріксіз

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс,  дәптермен жұмыс 20-жаттығу. Мақалдарды оқу, олардың мағынасын түсіндіру. 3 топ әр қайсысы бір мақал жазып,түсіндіруҚарамен жазылған сөздерді жұбымен көшіріп жазу:

Ақылды-ақымақ, жақсы-жаман,  дұшпан, дос.
Олар мәндес сөздер ме, әлде мағынасы қарама қарсы сөздер ме?

Терме диктант:21-жаттығу. Сөздерді оқу,  мағынасы жуық сөздерді бір бағанға, мағынасы қарама-қарсы сөздерді бір бағанға көшіріп жазу:

І-топ
Атқыш,мерген
Бедел,абырой
Асығу,аптығу,абыржу
Ізет,инабат,әдеп
ІІ-топ
ірі-ұсақ
ерте-кеш
жуан-жіңішке
ірі-ұсақ  жуас- тентек

Жат жазу. ІІІ-топ  23-жаттығу
Жұмбақты оқу, шешуін табу, жатқа көшіріп жазу. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сызу.
Өзі түзу, ізі бір қисық бір аттың
Өшпес ізін бала кезден ұнатттым.
1) 22-жаттығу І-топ. Мысалды түсініп оқу,түсінгенін айту. қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жазу.
2) ІІ-топ.  Мақалды мысалмен салыстыру. . Мысалда не туралы айтылған? Көп сөйлеген дұрыс па? Неліктен?
3)  ІІІ-топ 24-жаттығу өлеңді оқу, мағнасын ашу, өлеңде кездесетін мағынасы қарама-қарсы  сөздерді жұптап жазу:  ащы-тәтті, жұмсақ-қатты, жақсылық-жамандық.

Сергіту.

ҮІ. Шығармашылық тапсырма.
І-топ  Күндіз бен түнді салыстырып сипаттап жаз
ІІ-топ  «Қысқы ойын»  тақырыбына әңгіме жаз
ІІІ-топ   Қыс пен жазды салыстырып  сипатта.

ҮІІ. Бекіту    Семантикалық картамен жұмыс

Сөздер қой ащы ағайын мақта тұщы туыс
Мәндес сөздер
Қарама қарсы мағыналы сөздер
Әр түрлі мағыналы сөздер

ҮІІІ. Қорытындылау  Балалар, бүгін біз не үйрендік?Мағыналары  қарама-қарсы сөздер дегеніміз не? Оларға мысал келтір.
ІХ. Үйге тапсырма: 25-жаттығу, 109-бет.
Х. Оқушыларды бағалау

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.