Сыныбы: 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов «Жас Мұхтар»

Сейілова Алтынгүл. Қызылорда облысы Арал ауданы, №74 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:
а) Әңгіме мазмұнын жоспар бойынша талдап, жас Мұхтарға  мінездеме беру арқылы оқушы психологиясын ашу, шығарма идеясы ашуға  жағдай жасау.
Міндеттер: – ойлау қабілетін , ауызша сөйлеу шеберлігін , сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын ашық ашып айтуға мүмкіндік тудыру. Әңгімедегі кейіпкерлер арқылы оқушылардың сана сезімін кеңейтіп, бала мінезімен іс –әрекетінің жақсы,  үлгілі жақтарын көрсету.
Түрі: дәстүрлі
Типі: Аралас сабақ
Әдісі : топқа бөлу, Блум таксономиясы негізінде жұмыс жасау.
Көрнекілік: портрет, кубик, карточка, слайдтар, аудио-видео көрсетілім.
Пәнаралық байланыс: математика,  дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
1.   Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылығын ояту.
1. Амандасу, сынып тазалығына көңіл бөлу,  сабаққа әзірлеу. Топқа бөлу ( бөлінетін  топ атауларының мағынасына байланысты мақал-мәтелдер сыңарлары мен өлең жолдары арқылы).

І топ: Ақыл тобы
Ата-аның ақылы сайрап жатқан жолмен тең.

ІІ топ: Қайрат тобы
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Мен жастарға сенемін…

ІІІ топ: Жүрек тобы
Күш – білекте емес, жүректе
2.  Әр топтан топ басшылары анықталады. Әр топ бір-біріне ізгі ниет білдіріп, сәттілік тілейді.
3.  Топ басшылары өз тобының атын қорғайды.

Мұғалім:  Ұлы Абай 17 қара сөзінде   адамның бойында болу керек үш қасиет  бір адамның бойынан табылса, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам  – сол болмақ деп айтқан. Ендеше, сендердің бойларыңнан осы қасиеттер табылып, қоғамнан өздеріңе лайық  орындарыңды табуға тілектеспін.

1.   Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топ өтілген тақырып бойынша ( М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесінің желісі бойынша)  берілген сұрақтарға жауап береді.

І топқа:
Қасымның әжесінен айырылуы.

ІІ топқа:
Қасымның Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.

ІІІ топқа:
Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала.
Мұғалімінң үй тапсырмасын қорытындылау сөзі: Әңгімеде кейіпкер бала Қасымның тауқыметі, өмірден жеген  таяғы , жетімдіктің ащы уын татқан панасыз бала – Қасым типтік образын көрсетеді. Сондықтан да , балалар,  бүгінгі таңдағы тыныш бейбіт өмірімізге, ата-аталарың қастарында аман-есен болып жүргендеріне, қамсыз балалықтың балдаурен күнін кешіп жүрген сендер бақыттысыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. ОЙ ШАҚЫРУ:
Сабақты бастамас бұрын кері байланыс орнату мақсатында экраннан  М. Әуезовтің «Көксерек» повесінің желісіне түсірген фильмнен 3 минуттық қана үзінді көруге ұсынылады. Балалар фильмді көріп, сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:
1.  Бұл фильм қалай аталады?
2.  Негізгі кейіпкерлерін ата.
3.  Туынды кімдікі деп ойлайсыңдар. ( балалар сұрақтарға жауап береді).
Демек,  көрерменнің жүрегінен орын тапқан , қызықты да аянышты сюжетті шығарманың авторы М. Әуезовтің балалық шағы мен зеректігін сипаттаған «Жас Мұхтар» әңгімесімен танысқалы отырмыз.

2.  КЕРІ БАЙЛАНЫС:
Осы  тұста оқушылардың өтілген білімдерін жаңғырту мақсатында сұрақтар қойылып, жауап алынды.

Сұрақтар:
1.  Төменгі сыныптарда М. Әуезовтің қандай шығармаларын оқыдық.
2.  Жазушының қазақты әлемге танытқан қандай шығармаларын білесіңдер?
3.  Жазушының атасы мен әкесі қандай адамдар болған еді?
4.   Мағынаны тану.
БІЛУ:
«Жас Мұхтар» деп аталатын мәтінді үш топқа үлестіріледі. Өздеріне  берілген бөлімнің мазмұнымен таныса отырып, жоспар құрады. Мазмұнын айтады.
ТҮСІНУ:   Сұрақтарға жауап алу.
1.  Бұл әңгімедегі Абайдың қара сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушы талдайды.
2.  Мұхтар бала күнінен қандай жырларды жаттады?
3.  Өздерің эпостық қандай жырлар білесіңдер?
4.  Неге әңгіме «Жас Мұхтар» деп аталды?
ҚОЛДАНУ:
1. Аудио-жазбадан Абайдың 19 бен 31 қара сөздерін жеке-жеке  тыңдату.
Қара сөзде айтылған ой оқыған әңгіме мазмұнының  қай бөліміне сәйкес келетіндігін оқушылар айтады.
2.  Әр топ өздерінің білетін қара сөздерің жатқа айтады. Мағынасын түсіндіреді.
3.  Қара сөздегі ойға сәйкес мақал-мәтелдер айтады. ( Еріншектік, зұлымдық, надандық тақырыптарында ).
4.  СӨЗМАРЖАНЫ айдарымен жұмыс: (бұл тұста оқушыларға мағынасы түсініксіз сөздердің мәнін түсіндіру, дәптерлеріне жазғызу. Және осы сөздерге сөйлемдер құрату , мысалдар келтіру).

Сөздер:
А) Жапсарлас
Ә) Екіндіге
Б) Ғибррәтләну
В) Тұшынып
Г) Ой кеселі

ТАЛДАУ: «Кубизм» әдісі бойынша әңгіме мазмұнымен жұмыс
1. Көрсет (әңгімеден үзінді көрсету)
2. Салыстыр (Мұхтарды өзіңмен салыстыр)
3. Зертте (Мұхтардың іс-әрекеті арқылы  мінезін зертте)
4. Мұхтардың білсем , үйренсем, көрсем деген құштарлығын қандай әрекетінен байқар едің?
5. Әңгіме тақырыбы
6. Идеясы:

ІІI. Ой толғаныс .
ЖИНАҚТАУ:
« Ұлтымыздың мақтанышы – ұлы Мұхтар»  тақырыбында  ой толғау жазады. Әр топтан бір-екі бала жазған ой толғауларын оқиды.

ІҮ.Үйге
І топ: « Әуезов» сөзжұмбағын құрастыру.
ІІ топ:  Хронологиялық кесте
ІІІ топ: Авторға хат

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.