«ХХІ ғасыр ғылым мен ақпараттық технологиялар ғасыры» атты интерфейс шоу

kuttybaiLM00Куттыбаева Л. М. Қарағанды облысы Шет ауданы Төменгі Қайрақты ауылы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі.
– Қашықтықтан білім алу жүйесін дамыту бойынша алған білімін пысықтау, информатика тарихынан білімдерін кеңейту, әртүрлі қызықты сұрақтар қою арқылы, оқушылардың білімдерін жетілдіру;
– алгоритмдік ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, белсенділіктерін, зейіндерін дамыту;
– оқушылардың бойында білімге құштарлығын, логикалық ойлауын, ортақ іске деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Дайындық жұмысы:
1. Келген қонақтарды кәсібі бойынша таныстыру және сәлемдесуін алдын-ала дайындайды.
2. Үй тапсырмасы: «Бақытты күн» инпровизацияланған ән

«ХХІ ғасыр ғылым мен ақпараттық технологиялар ғасыры» атты интерфейс шоу кешіне қош келдіңіздер.

Скачать (PPTX, 2.75MB)

Кіріспе  Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші — адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация – бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі педагогиканың негізгі тенденциясы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық процесске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл ізденіс «педагогикалық технология» деген ұғымға әкелді.

Видео (Ш.Уалиханов+атындағы+КМУ+қашықтықтан+оқыту+технологияларын+ендіру+туралы+Утегенов+М.З.+репортажы)

ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Сауатты өмір – дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.

«Қашықтықтан білім алу» дегеніміз не?

Ербол Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.

Мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін көтеруіміз керек. Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.
Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің біліктілігін көтерудегі артықшылықтары:
·        экономикалық, оқытуға кететін жалпы шығыны 40% кемиді;
·        коммерциалық, қашықтан оқыту, технологиясы және оны қолдану болып табылады, оған деген сұраныс күннен-күнге өсуде;
·        педагогикалық, оқыту мативациялық, интерактивті, технологиялы және индивидуалды болып келеді;

  • эргономикалық, қашықтан тыңдаушылар және мұғалімдер айналысуға өзіне ыңғайлы уақыттың кестесін қоюға мүмкіндігі бар;
  • коммуникативті, электронды желілері арқылы байланысатын педагогтардың, тыңдаушылардың мамандықтар саны көбеюде.

. Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Сөйте отыра біз білетін ақпараттарды сіздермен бөліскенді қаладық. Бүгінгі кешімізді бастау үшін  мектебіміздің программисті Кәсембекті ортаға шақырайық.

Кәсембек:Сәлем бердік қауымға! Окушылар  кез келген   уақытта  интернет   мүмкіндіктерін   пайдалана  отырып  ,  қалаған  мағлұматтарын  алуға, ғылыми  жаналықтармен  танысуға  мүмкіндіктері  мол . Бұндаи  қондырғылар оқушылардын  қызығылушылығы арттырып , алған  мағлұматты нақтылауға мүмакіндік  береді .

Әсіресе, олардың тимділігі

  • .Қашықтан білім алу  мүмкіндігінің  туындауы;
  • .Қажетті ақпаратты жедел түрде  алу мүмкіндігі;
  • .Білім саласын арттыруға әсер зор .

Осы  тиімділіктің  түрі  қашықтан  білім алу мүмкіндігіне  тоқталып  өтеиін .

Бүгінгі  еліміздің білім беру  жүиесіне  ақпараттық -коммуникациялық  технологиялардың   рөлі  күннен – күнге  артып келеді . Осы орайда  әлемдік  тәжірибеде  қашықтан  білім берудің орны  ерекшеленіп   тұр .

Қазір  дәстүрлі қашықтан  оқыту ,  электронды  қашықтан  оқыту , аудиториялық  сабаққа  турлі  электронды   құралдарды  пайдалану  сияқты қашықтан   оқыту  үлгісінің  2000 -ға   жуық  түрі  бар  екен . Соның  ішінде   еліміздің   оқу  орындарында  кейс, желілі   және   теледидар  сынды   ақпараттық-коммуникациялық  технология   құралдарының   көмегімен  қашықтан   оқыту  түрі  таңдалғанды.

Қашықтан  білім  беру  технологиялары- білім  алушының   және  педагог  қызметкердің  жанама (қашықтан)  немесе   толық  емес  жанама   өзара іс-қимылы кезіндегі  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  құралдарды  қолданумен  жүзеге  асырылатын  оқыту .

Мәдени программистің әріптесі

Білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.

Қарағандыға бармай ауылда отырып-ақ Қарағанды қаласындағы экономикалық университеттінде өтіп жатқан семинарға қатысу арқылы оның мүмкіндігінің мол екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Міне КЭУ проффесоры сіздерді «Білім ал» порталындағы біздің Шет ауданының мұғалімдерінің элективті курстары бойынша сабақтармен таныстырып жатыр, яғни біздің алдағы уақытта ауданымыздың, облысымыздың, республикамыздың алдыңғы қатарлы мұғалімдерінің дәрістерін онлайн режимінде сабақтарға қатысып, білімдерімізді тереңдете аламыз. Мұның әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкіндігіміздің мол екендігін көрсетеді

Тележарнама
Мұғалім Мұғалім оқушының ішкі жан – дүниесінің сырын ашып, оның симпатикалық ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту курсы осыған бағытталған.  Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан – дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, оқушылардың өз бетімен білім алуы.

Қашықтықтан оқыту олимпиадасының жүлдегері, программисттің үзеңгілес досы Аманбол:

Бүгінде қашықтықтан оқыту жүзеге асуда. Біздің мектебімізге былтыр 2015 жылы қараша айынан бастап спутниктік арнасына қосылған. Содан бері мен ҚИО-ға екі рет және халықаралық қашықтықтан өткізу «Инфоурок» жобасының көктемгі және күз-2016 жобаларына қатысып Ідәрежелі дипломмен марапатталдым. Мектебізде басқа да қыс-2015 жобасына 15 оқушы. Күз-2016» жобасына 6 оқушы қатысты. Тағы айта кетер жайт ақпан айында өтетін Қожа Ахмет Яссауи атындағы университетінің қашықтықтан өткізу олимпиадасына тіркеліп қойдық. Былтыр осы олимпиадаға 11 сынып оқушысы Толғанай Муханова биология пәнінен қатысып 76 ұпаймен ІІ кезеңге өткен болатын.

Қашықтықтан өткізілетін тағы да басқа олимпиадаларға оқушылар мен мұғалімдеріміз де қатысып «Үздік нәтиже»  көрсетуде.

Арайлым Білімнің қайнар көзі оқулықта. Кітапханалар, оқу кітаптарының жетіспеушілігінен оқушылардың білімдері толық жеткілікті емес. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларымен жобалау әдістемесі жасалуда.

Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді.

Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.

 СаянӘр елде, қалада орналасқан оқушылардың қашықтан оқытуға қатысуы шығармашылық бірігу және жарысу эффектісін береді. WEB – беттер жасауда оқушылар өздерінің жұмысын желіден көріп оқушы ғылыми, суретші немесе басқа шығармалардың авторлары болады. Өзінің жұмыстарын жақсы, қызықты етіп көрсету үшін олар гипермәтіндермен, графикамен, дыбыстармен жұмыс істейді. Қашықтан оқуда оқушылар мәдениет арасында байланыс орната алады. Басқа елмен сұхбаттасу үшін сол елдің мәдениетін жақсы білу керек. Сонда мәдениеті, білімдері, діни бөлек оқушылар емін-еркін ақпарат алмаса алады. Басқа елмен байланысу  үшін алдын ала оқушының психологиясын дайындау керек. Ол үшін әр түрлі тренинг өткізу керек. Бұл тренингте басқа елдердің  мәдениетімен, олардың арсындағы айырмашылықтарды таныстыру бағытымен өтеді. Оларда мезгіл уақыттары мен уақыт арасында айырмашылық болады. Осы жерде электрондық конференциялар көмектеседі, одан керекті ақпаратты алуға болады. Қашықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді. Қашықтан оқыту жүйесіне ата-аналардың көзқарасы жақсы қалыптасып келеді. Әсіресе ата-аналар үшін қашықтан оқыту материалдық жағдайының тиімді болуын қарастырады.

Айбар   

Кемшіліктері:

Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек, толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Білім Министрлігінің тарапынан қашықтан оқыту формасының әрекетіне қатысуында жетіспеушілік бар, нормативті-құқықтандыру, экономикалық және финанстық сұрақтар, Интернет бағасының жоғарлығы. Бұл проблеманы шешу үшін, мынадай ұсыныстар бар:

—     кабинеттер компьютерлермен толық қамтамасыз етілуі керек;
—     қашықтан оқыту курстары және бағдарламалары болу керек, оқытудың әдіс – тәсілін жасау, жобалау, арнайы курстар, үйірмелер ашу;
—     қашықтан оқытудың өмірде жиі пайдалану, пайдаланудың тиімді әдістерін ойлап табу;
—     алыс-жақын шет елдердегі қашықтан оқытудың іс-тәжірибесін оқып-үйрену;
—     қашықтан оқытуда оқушының білім сапасын бағалаудың жаңа критерийін жасау;
—    ақпаратты-техникалық жабдықтау қызметі қашықтан оқытудың программалық, ақпараттық және техникалық құралдарын дайындау;
—     мультимедиялық бағдарламалармен жабдықталуы керек.

Әрине, оқу орындарының компьютерлік базасы әрі қарай толықтырылады, жетілдіріледі, бірақ соған қарамастан, қолдағы бар құралдарды толық пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысу керек. Қорыта келе айтарым – оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып табылады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен  баиланысты әлемдік стандартқа сай мүлделі  жаңа  білім  беру өте- мөте  қажет»-деп  Елбасы атап  көрсетекендей  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісіндн  оңтаиландыру  мен  тимділігін  арттырудың  маңызы зор .

ХХІ ғасыр-адамзат   дамуының  жаңа  сатыларының  бірі  компьютерлік   коғамға  өтуімен  сипатталады.Қазіргі  уақытты   адам  іс-әрекетіне  байланысты  барлық   салаларды компьютерлік технология   кеңіне  қолданылатын  болды  және    оның  маныздылығы  барған  сайын  арта түсуде.Қоғам  талаптарына   байланысты  жаңа бағдарламалар тасқыны адамдарға  кәсіптік-ақпараттық  технология  құралдарын жоғары дәрежеде   білу  қажеттігін туғызып  отыр.

Дүниедегі құбылыстың мәнінде,
Интернеттің, жаңалықтың бәрінде
Мүмкін емес информатикасыз түсіну.
Компьютер дүние кілті бүгін де.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.