Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік.

kuttybaiLM00Куттыбаева Л. М. Қарағанды облысы Шет ауданы Төменгі Қайрақты ауылы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты оқушылардың білімдерін        нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың ғаламтор туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа. Презентациясын көшіріп алыңыз.
Сабақтың түрі:  түсіндіру /пікірталас/

 І . Сабақтың барысы:

Танысу

Сәләматсыздар ма құрметті оқушылар және қонақтар. Мен  бір бірімізбен қол алысып амандасуларыңызды өтінемін.Ғаламторда өзіміз  әлеуметттік желілер арқылы жиі бейтаныс адамдармен танысамыз. Бірақ  біз олардың лақап аттарынан басқа ештеңе білмейміз. Адамдар туралы көп ақпаратты біз бетпе бет жүздесеннен ба, әлде лақап атыннан аламыз ба?

Әрқашанда біліңдер, әрдайым қастарыңда сендерді жақсы көретін, сенім білдіретін адамдар бар екенін.

Олар кімдер? Туысқандарың, жақындарың, сыныптастарың, жолдас жораларың.

Сабаққа кіріспе.

«Кіру билеті»

Барлық оқущыларға және келген қонақтарға дәрісханаға кірер кезде «Кіру билетін» ұсынған едік. Әр топтың өз түсі болады. Осы түстер бойынша қиылған сөздерден сөйлем құрастыруларыңызды өтінемін.

  • Керексіз жарнамаға назар аудармаңыз,таныс емес сайттарға кіруден аулақ болыңыз.
  • Таныстарың және жақындарың туралы мәліметті таратпаңыз
  • Барлық сайттарды біден ашпа, ғаламторға арнайы мақсатпен кіріңіз.
  • Ғаламтордағы селт еткізерлік тосынжағдайларды әрқашан үлкен адамдарға ғана хабрлаңыз.

Балалар, бүгінгі сабағымыз тақырыбы қандай болмақ?

«Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік.»

Ғаламтор  бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. 

Интернет пен әлеуметтік желілердің  алатын орны жоғары көрсеткіште тұр.   Демек, әлеуметтік – халық, адамдар, топ болса, желі –байланыс, қарым-қатынас. Енді осы жерде «желі» сөзі – интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз. Біз осы жайында өз ой – пікірімізді таразыға салып көрейік.

Әлеуметтік   желі –әлеуметтің  демі. ме ?  деп  «Әлеуметтік желілердің әбігері»  туралы   бейнежазбаға    назар аударайық.

«Әлеуметтік желілердің әбігері»  туралы   бейнежазба  

Әлемдік сарапшылардың зерттеулеріне сүйенсек, 50 миллион аудиторияны баурап алу үшін радиоға – 38, теледидарға – 13, ал ғаламторға бар болғаны 4 жыл қажет екен. Демек, бүгінде ақпарат тарату саласында интернет басым күшке ие.
Осы орайда  спикерлеріміз өз ойларымен бөліссе

Жанбота Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.”

Жасөспірімдер әлеуметтік желілер қосылған телефонын жастап ұйықтайтын болды. Қараңғыда тәспі санағандай сытырлатып әріп теріп жатады. Оқушыларсабақуағындапартаныңастындаәлдебіреуменсаусағыарқылысөйлесіпотырады. Қойшыәйтеуірбәріалақаныңда. Сөйлесемдесеңернің де жыбырламайды, саусағыңдысайлайбер.

Ерасыл. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үиде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. «Білім туралы Заңның» 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.ХХІ ғасыр адамзаттың ақпараттық кезеңге өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты қажетті ақпаратты ала білу, оны өңдей білу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың және кез-кеоген маман иесінің қажетті шарты болып табылады.Сондықтан да қазіргі заман талабы болып саналатын Электронды есептеуіш машиналар операторын жетік меңгеру керек. Себебі компьютерлік сауаттылық-екінші сауаттылыққа жатады.

Оқушыларды ғаламтордан шектеудің жолдары қандай? Осы сауалды «Көкпардың» талқысына салсақ. Бүгін бізде қонақта…

 –ДәрігерҚазірадамдарқызметорнында да, үйде де компьютерменжұмысістейбереді. Оныңөмірімізге, кеңінененгенісоншалықты, бала біткенойыншықпенемес, компьютерменойнап, өзініңөміртанымынғаламтордағыжеліішіндеқалыптастырады. Қазіргікүнкөрісқамы мен заманағымыныңкүрделілігі, көптегената-аналартәулікбойыбалаларыныңтыныс-тіршілігінебақылаужасайалмай, оларшектентысбейнемонитордыңалдындаотырғандықтанденсаулығыназорзияндыәсералады.

Компьютерліксырқатбелгілері

Негізінен, компьютердіңалдындаотырып, жұмысістейтіндердіңшағымданатынсырқатбелгілеріекітопқабөлінеді: 1. Көздіңкөруқабілетініңнәшарлауы. 2. Бастыңжелкетұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектіңауыруы. Көруқабілетініңнәшарлауыоныңбұлдырап, анықкөрмеуі, өзінетүскенсалмақтанкүйгентәріздіашып, қызаруы.

Көздіңбарлықкөруқабілетібелгілерінбіріктіріп, мамандар оны компьютерліккөруқабілетінің синдромы депатайды. Дәрігерлердіңайтуынша, компьютерліккөруқабілетініңсиндромдарыуақытшарефракцияныңнашарлауынанемесекүшеюіне, аккомодация көлемініңкішіреюіне, қарама-қарсылықсезімталдығының, сезінуқабілетініңәлсіреуінеәкеліпсоқтырады.

Жалпы, бейнемонитордың, жазустолының, отыратынорындықтың, тағы да басқаларыныңорналастырылуыдұрысболуғатиісті. Орындықтыңбиіктігін, арқалығыныңдұрыстұруын, клавиатураныңтұрғанорнын, дисплейдіңкөлемін, экранмен ара қашықтықтажұмысістейтінадамныңөзінеыңғайластырыпқойғаныабзал. Өміртәжірибесікөрсеткеніндей, көпжағдайда дисплей өтежоғарытұрады, жүйелікблоктыңүстінеқойылады. Соныңсалдарынан, бастыүнемікөтеріпотыруға тура келеді де, мойыномыртқатұсыауыратынболады.

Жарыққа да мәнбергенжөн. Мамандарбөлмегежарықтың 300-500 люкс шамасындабіркелкітүсуінеақыл-кеңесбереді. Негізінен, жарықтыңқапталдантүскеніқолайлыжәнебөлменіңтөбесіқабырғасынақарағандаашық, ақболуышарт.

Монитор мен клавиатураныңзияны

Компьютерденшығатынэлектромагниттіксәуленіңадамағзасыназияндыекендігіжөніндекөптенберіайтылыпкеледі. Алайдабұлбарлықкомпьютерлергетәнемес. Қазіргікомпьютерлергеқарағандаертеректешыққандарықауіпті. Олардыңарасындағыайырмашылықөтеүлкен. Кейінгіжылдарышығарылғанкомпьютерлерөзқұрылысынақарайүштүргебөлініпкелді: «ақ», «сары», «қызыл» болып. «Ақ» құрылыстыкомпьютерлер АҚШ-та, ЖапониядажәнеБатысЕуропаердеріндешығарылғаны. Оларсапалы да қауіпсіз. «Сары» құрылыстыкомпьютерлер Азия елдерінде (Гонконг, Тайвань) жасалынғаны. Сапасыөтежоғарыемес. «Қызыл» құрылыстыкомпьютерлерөзіміздіңшеберлердіңқұрастырғандары. Зияндысәуленікөбірекбөлетіні де осылар.

Бұрындарыкөбінесе монитор өтезияндыдейтін. Мамандарклавиатураныңодан да қауіптірекекенінайтады. Себебі, клавиатурадағытөмендиапозаннантарайтынэлектромагниттіксәулелерсаусақарқылыағзағаәсерететінкөрінеді. Нәтижесінде, компьютерменкөпжұмысістегенадамжүйкеауруынаұшырайды. Және де компьютердіңалдындакөпотырғандарсаусақауруларына да шалдығады.

Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қорытынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз – ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы.

– мұғалім:

Интернет бала тәрбиесіне қауіпті деп байбалам салмаудың реті жоқ, меніңше. Оқушыларды желіден мүлдем шектеу дұрыс емес. Себебі, баланың ой-өрісін кеңейтіп, білім алуына жол ашатын зияткерлік сайттар жетіп артылады. Мәселен, бүгінде оқушылар білімнің 90 пайызын интернеттен алады. Бұл – жылдам әрі сапалы білім көзі. Сондықтан, ғаламтордан қорықпау керек. Тек қана оны жөнімен пайдалану мәдениетін жетілдірсек болғаны.

  • ата-ана:

– Интернетте жалпы адамзат үшін қауіпті сайттар өте көп. Ғаламторды жиі пай­­да­ланатын жасөспірімдер, жастар зорлық-зомбылық, теріс пиғылды әрекеттерді насихаттайтын желілерге тап болуы мүмкін.

Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата-анасы рұхсат берген са йттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы. Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз-өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата-анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті. Мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ ассақ, ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Балаларымыздың ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыруымыз да – ата-аналық парызымыз.

  Психолог

Ғаламтор жеткіншектер үшін реферат, музыка мен фильмдер, суреттер, ойындар көшіріп алу, бір-бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар өздерін мазалаған сұраққа да ғаламтордан жауап іздейді. Алайда ғаламтордың қаупі де аз емес. Мысалы, ресейлік ғалымдардың айтуынша, бүкіләлемдік шырмауық-торда экстремистік және террористік сипаты бар, қырықтан астам сайт жұмыс істеп тұр. Ал оның жастарымыздың ой-санасы мен дүниетанымын теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Жазғы демалыста жеткіншектердің ғаламторды пайдалануын зерттегендер айтады: «Биыл жасөспірімдердің 4 пайызы жыныстық қатынасты көрсететін әлемдік желілерді көрген, 14,5 пайызы беймәлім адамдармен кездесуге келіскен, 19 пайызы парносайттарға енген, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы ақпараттарды тамашалаған, 16 пайызы нәсілшілдік мазмұндағы сайттарға кірген» – деп. Мінеки, қазіргі таңда көптеген жеткіншектердің өзіне-өзінің қол жұмсауының бір сыры осында жатқан тәрізді.

Жеткіншіктер үшін ғаламтордың бір зиянды жағы: мұнда әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалар көп. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады. Әрине, қазіргідей техникалық-ғылыми прогресс дамыған заманда компьютердің, ғаламтордың дұрыс пайдалана білген адамға пайдасы зор. Ол талас туғызбайтын ақиқат. Тек оған біздің көптеген жастарымыздың таным-түсінігі жетпей жататыны болмаса…

Психологтар Интернет–тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді дей келе 4 кезеңге бөліп қарастырған.


1 Жеңіл қызығушылық кезеңі.

Бала алғашқы рет компьютерлік ойын ойнағаннан кейін ойынның сюжеті ұнай бастайды

2. Қызығушылық кезеңі.

Бұл кезеңде балада жаңа қажеттілік пайда болады – компьютерлік ойын ойнау қажеттілігі.

3. Тәуелділік кезеңі.

Мұнда баланың құндылықтық–мағыналық сферасында күрделі өзгерістер пайда болады

4. Құштарлық кезеңі.

Бұл интернет тәуелділіктің ақырғы кезеңі.  дейкелекелесібейнежазбағаназараударайық.«Мен тәуелдімін»  бейнежазбасы   көрсетіледі

Облыстық  білім беру басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы:

– Қазіргі таңда өңіріміздегі мектептердің 98,7 пайызы интернетпен қамтылған. Қарағанды облыстық білім беру басқармасының қызметкерлері оқушыларды интернеттегі керексіз дүниелерден шектеу бойынша істі дұрыс жолға қойған. Білім беру басқармасы тарапынан облыстағы мектептердің интернет желісін қандай мақсатта пайдалануы туралы арнайы мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде тәрбиелік маңызы бар тәрбие сағаттары, ата-аналар жиналысы жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда бала психикасына кері әсерін тигізетін және білім беру үрдісіне кедергі келтіретін сайттарға шектеу қоятын арнайы бағдарламалар бар. Бұл да – аталмыш мәселені шешудің бір жолы.

Информатика пәнінің мұғалімі

Қазіргі таңда ғаламтордағы қаптаған сайттар арасында адамзатқа қауіпті, әсіресе, өскелең ұрпаққа зиянды ақпа­рат­тар жетіп-артылады. Тіпті, әлемдік «торды» жиі пай­­да­ланатын жасөспірімдердің зиянды әрекеттерге бой ұрып, психикалық ауруларға душар болуы мүмкін. Сондықтан, бұл орайда реттеуші құрал керек. Айта кетерлігі, Қазақстан – интернетке белгілі бір шектеу қойған мемлекеттердің бірі. Мәселен, осы оқу жылының басында Аудан әкімдігінде «Қауіпсіз интернет» тақырыбында семинар өткен болатын.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығынан қалалық, аудандық білім беру бөлімдері мен облыстық білім ұйымдарының басшыларынан интернет желісіндегі ресурстарға оқушылардың кіру рұқсаттарын шектеу туралы нұсқаулық келген.

Ғаламторға тосқауыл қою (хат, видеосымен)

kuttybaiLM001

Мектеп директорларына

Шет ауданы әкімдігінің білім бөлімі оқушылардың рухани дамуына кедергі, өміріне қауіп келтіретін интернет- ресурстағы экстремистік, террористік бағыттағы ақпараттардан, порнографиялық мазмұндағы, наркотикті, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, т.с.с материалдардан қорғау мақсатында , оқушылардың кіру рұқсаттарын шектеу туралы білім беру ұйыдарына Интернет контенті сұрыптау бойынша жұмыстар ұйымдастылсын.

Әңгімемізге арқау болу үшін біз алдымен «Агент және оқушы» көрінісіне кезек берейік.

Мұғалім
Оқушы мына жастардың,
Келешегін ойланам.
Зенді алғыр жастар аз
Білімге терең бойлаған
Интернетпен агент тұр
Бар әлемді жайлаған
Алыстатып білімнен
Жастардың жолын байлаған
Оқып білім алмаған
Дей ме екен жастар «қой бағам»

<iframe width=”515″ height=”435″ src=”https://kaztube.kz/video/embed/242111″ frameborder=”0″></iframe>

Тосқауыл қойып агентке
Ден қою керек білімге
Өмірге керек қорегің
Ойлаңдар жастар білімде
Көп оқыңдар кітапты
Өзіңнің ана тіліңде
Агентке алданып
Тегіс жерде сүрін бе
Кітаптан алсаң білімді
Жарқырап сенің тұрады
Аспандағы күніңде

Оқушы
Керектіні өмірге
Агентен аламыз
Мұхитың өзен теңізің
Ішінде барлық қаламыз
Іздегеннің барлығын
Агенттен табамыз
Оқыңдар дейді кітапты
Мұғалім ата-анамыз
Кітапты оқый күндіз түн
Қатардан қалай қаламыз
Агентке біздердің
Уланып қалған санамыз

Ата-ана
Интернет агент бұл күнде
Жаулайды жастар санасын
Кітаптан емес керегін
Агентен болды табатын
Қатаймайды қанатың
Ой санаңды аздырып
Жастарым қайда боласың
Ұстаздан білім алмасаң
Робот болып қаласың
Жасалу керек бір жагдай
Агентке жоқтау салатын.

«Интернет –бір күндік
Кітап-мәңгілік»- дегендей, кітаптан қол үзіп қалар шақта тұрған мына заман интернет пен агенттің заманы.

Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде бейнелеген.
Тау суындай гүрілдеп,
Айбынды алаш елім дер
Алтын арқа жерім дер
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма сұңқарға
Талу бар ма тұлпарға
Иман күшті оларда
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін – дегендей ,

ХХІ ғасыр – жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай. Бізсіздерменқоштаспаймыз, келесікездескеншесауболыңыздар–дейміз.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.