Біздің экономика – біздің болашағымыз

mbОҚО, Қазығұрт ауданы, “Санаторий типтес №11 арнаулы мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі Балыкбаева Маржан Құдайбергенқызы.

Мақсаты: а) Оқушылардың экономика туралы білімдерін дамыту. Өз қаражаттарын қалай жұмсайтынын үйрету;
ә) Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, ойлау, есте сақтау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;
б) Сабақта өзін-өзі басқаруға үйрету, топпен жұмыс істеу, өз ойын тұжырымдап айта білуге тәрбиелеу.

Түрі: Оқыта үйрету
Әдісі: Сұрақ-жауап, тапсырма
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, үлестірмелер, ақша үлгілері, топтардың аты жазылған көрсеткіштер.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап, айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқыраған болайық.
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық.

ә) Бүгін біз «Біздің экономика – біздің болашағымыз» атты ашық тәрбие сағатын өткіземіз. Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялай отырып, жұмысымызды жалғастыру үшін сыныпты 2 топқа топтастырамыз. Олар: 1-топ: «Бірлік фирмасы, 2-топ: «Ұйымшыл отбасы». Сабағымыз 6 кезеңнен тұрады. Әділқазы алқасын сайлап алайық. Барлығыңа сәттілік тілеймін.

Тәрбиеші: «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз.
Әрбір адам көпқырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады. Ол өнім шығарады, жалақы алады, меншік иесі болады, сатушы немесе сатып алушы рөлін атқарады. Біздің мемлекетіміз де осы рөлді атқарады.
Адамның пайда табуға, оны иеленуге құқығы бар. Ол қандай кедей болса да бір нәрсені иеленеді, оны құрметтейді, қорғайды. Адамның меншігі – оның дене болмысы, білімі, ақыл-ойы мен қабілеті.
Демек, адам отбасылық өнімнен бастап, қоғамдық өндіріске дейін экономикалық қатынасқа тікелей араласады. Адам – өнімді шығарушы ғана емес, оны бөлуші және тұтынушы. Ол – экономикалық өмірдің шешуші тұлғасы.

І. Анаграмма шешу.
Әріптерді экономикалық мәндегі сөз шығатындай етіп қою керек.Сен бұл сөздерді қалай түсінесің?

1. ЖЕҚАТІТКІЛ ________________________Қажеттілік
2. ҰТТНУЫЫШ ________________________Тұтынушы
3. РДІНӨІУШ ________________________Өндіруші
4. НРҰСАЫС ________________________Сұраныс
5. ПӘКСІЕКР ________________________ Кәсіпкер
6. СРТЭПОК ________________________Экспорт

ІІ. Экономикалық есеп.

«Бірлік фирмасы» тобына:
1. Ағайынды Әлібек пен Әлиханның бір-бір табын жылқысы бар. Әлібектің табынының жартысы Әлихан табынының үштен біріне тең. Қайсысы байырырақ және неше есеге? (Әлихан, 1,5 есеге)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

2.Жұмысқа қабылдау кезінде Тимурға әр жұмыс күні үшін 1400 теңге төленеді, бірақ әр жіберген күні үшін 700 теңге шегеріліп тасталады деп шарт қойылды. 30 күннен кейін 21000 теңге жалақы алды. 30 күннің ішінде 10 күнінде ауырып, денсаулық парағын өткізген. Ол күндерге 100% төленеді. Сонда Тимур жалақыны қанша күнге алды. (Жауабы: 15 күн, 30 күн – 42000т, 10 күн – 14000т, 5 күн – 7000т)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

3.Қоймаға келген тауарларды, олардың мынадай ведомосі бойынша есептеу жүреді: 1 күнде 2 күнде 3 күнде 4 күнде 5 күнде 6 күнде 7 күнде
3 дана 7 дана 11 дана 19 дана
Ведомостағы үш сан өшіп қалған. Оларды орнына келтір. (Жауабы: 15, 23, 27)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

«Ұйымшыл отбасы» тобына:

1. Қанатқа бір қалам және екі қарындаш керек. Қалам 5 теңге, ал қарындаш
2 теңге тұрады. Дүкенге бара жатып Ғабитті кездестірді де, жоспарланған сауда туралы айтып берді. Ғабит Қанатқа қалам сатып алмауды, тек қарындаштар сатып алуды ұсынды. Себебі, содан кейін ол Қанатқа екі қарындашқа бір қаламды айырбастайды. Қанатқа Ғабиттің ұсынысын қабылдау керек пе? (Иә,1т. үнемдейді)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

2. Массасы 6 кг болатын қауын 240 теңге тұрады, ал массасы 4 кг болатын қауын 120 теңге тұрады. Қай қауынды сатып алу тиімдірек? (Жауабы: 120т.)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

3. Салық қызметкер жалақысының сегізден бір бөлігін құрайды. Қызметкер қалғанының алтыдан бірін жинайды, ал қалғандары күнделікті тұтынуға кетеді. Егер қызметкердің айлығы 48000 теңге болса, онда күнделікті тұтынуға қанша ақша жұмсалады? (Жауабы: 6000т. 7000т. 35000т.)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

ІІІ. « Мен бизнесмен …» ойыны. Шығармашылық жұмыс.
Оқушыға суреттер көрсетіліп тұрады, ол болса әр суретті бір-бірімен байланыстырып жаңылмай әңгіме құрайды.
«Бірлік фирмасы» тобына: кресло, автобус, көп қабатты үй, зауыт, компьютер, банк, жиналыс залы, зоопарк.
«Ұйымшыл отбасы» тобына: жылыжай, сағат, сүт, қой, ауыл, базар, велосипед, телефон.

ІV. Сергіту сәті.
Екі топтың топ басшылары дүкеннен заттар сатып алады. Алған заттарының бағасын тез арада ойша есептеп сатушыға төлейді. Сатушы оны тексереді.

V. Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақты шешкенде экономика сөзі шығу керек.

Э К О Н О М И К А
1.Біздің еліміздің басқа елдерге сататын тауарлары немесе қызмет көрсетулері. /Экспорт/
2.Коммерциялық фирманы ұйымдастыратын және пайда алу мақсатымен оның жұмысын басқаратын адам. /Кәсіпкер/
3.Қаражат жоқтығынан кәсіпорынның қызметті жалғастыра алмауы, төлем қабілетсіздігі. /Банкрот/
4.Бағаның жоғарылауы және ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеу процесі. /Инфляция/
5.Қағаз ақшалардың қазіргі түрі. /Банкнот/
6.Біздің еліміздің басқа елдерден сатып алатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтері. /Импорт/
7.Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет. /Бизнес/
8.Салымдарды қабылдайтын және қарыз беретін қаржы мекемесі. /Банк/
9. Елдің айналымдағы ақша бірлігі.. /Валюта/

VІ. Тест
Экономика қандай болады?
1. Экономиканың үш басты сұрағы:
А) Не? Қалай? Неге?
Ә) Қалай? Не үшін? Не?
Б) Қанша? Қалай? Кім?
В) Не? Қалай? Кім үшін?
2. Экономиканың басты мақсаты – бұл
А) тауарларды өндіру
Ә) Қажеттіліктерді қанағаттандыру
Б) пайда алу
В) қоршаған ортаны қорғау
3. Елде барлық шешімді үкімет қабылдайды және барлық тауарлар бірегей жоспар бойынша өндіріледі. Мұндай экономика … деп аталады.
А) дәстүрлі
Ә) нарықтық (рыноктық)
Б) командалық
В) аралас
4. Табыс пен шығын арасындағы айырмашылық – бұл
А) баға
Ә) құн
Б) пайда
В) бюджет
5. Ауылшаруашылық өнімін өндіретін кәсіпорын – бұл
А) банк
Ә) дүкен
Б) зауыт
В) ферма
6. Қазақстанның экономикасы … деп аталады.
А) дәстүрлі
Ә) командалық
Б) нарықтық (рыноктық)
В) өтпелі

«Өзара қарым-қатынас». Әр топ қиықшаларды құрастырғанда ақшаға байланысты болжамдарды оқиды.
«Бірлік фирмасы»: Қолыңызда ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз. (10000 теңге)
«Ұйымшыл отбасы»: Қалтаңыздағы ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұстағанды ұнататын көрінеді. (5000 теңге)
(Өз ойларын, пікірлерін қосады)

Қорытынды
Әділқазы алқасы жеңімпаз топты анықтап құттықтайды.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.