Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  еркін түсу үдеуі туралы негізгі ұғымдары тураы түсініктерін тереңдету.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін дамыту, есептеу дағыдсын қалыптастыру, ой-өрісінің ұшқырлығын, білімді игерудегі іскерлік дағдысын дамыту.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: білімді дамыту, тереңдету, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: таратпа материалдар, плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу;
  2. Оқушыларды түгендеу;
  3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
  4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
  5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.
Теңайнымалы қозғалыс деген не? (дене жылдамдығы бірдей уақыт аралықтарында бірдей шамаға өзгеретін қозғалыс)  1ұп.
Үдеу деген не? (жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама) 1ұп.
Еркін түсу? (ауа кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі немесе ауырлық күші әсерінен тік бағыттағы қозғалыс) 1ұп.
Еркін түсу үдеуі? (әрдайым төмен қарай бағытталған тұрақты үдеу g=9.8 м/с2)  1ұп.

Ә) Үй тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.
ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 
Тақтаға:
v=v0 + at               s= v0t + at2/2

Теңдеу шешу әдісі:
Жылдамдықтың теңдеуі υ=7+5t бойынша мыналарды анықтаңыз:
Қозғалыстың 1-ші формуласымен салыстырамыз, а -ның орнына 5 тұр. Олай болса:
Үдеуі:   а= 5м/с
Бастапқы жылдамдығы:  7м/с
2-с уақыттан кейінгі жылдамдығы:   v=7+5*2=17м/с  
Қозғалыс түрі: теңүдемелі
Орын ауыстыру теңдеуі:
2-ші формулаға қараймыз. S=7t+2.5t2/2

Бағалау критериі (тақтаның бұрышына жазып қоюға болады).

Критерий: Ұпай                  баға
Үй жұмысынан 4 ұпай бар
Карточка бойынша:
1 сұрақ  – 1 ұпай
2 сұрақ – 1
3 сұрақ – 1
4 сұрақ – 2
5 сұрақ – 2
0-1                      2
2- 4                     3
5-8                      4
9-10                    5
АБАВА АӘВББ

Оқушыларға карточканы таратып береміз. Жауапты карандашпен белгілеу керек, 4-5-ші сұрақтартағы есептің шығаруын көрсету керек.

І-нұсқа ІІ-нұсқа
І. Жылдамдық мына υ=5+4t  теңдеуімен берілген. Берілген теңдеу бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар. ІІ. Орын ауыстыру мына s=3t+4t2 теңдеуімен берілген. Берілген теңдеу бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.
1. Қозғалыстың түрі қандай?
А) теңүдемелі;
Ә) теңбаяулайтын;
Б) бірқалыпты.2. Бастапқы жылдамдығы неге тең?
А) 0;
Ә) 4 м/с;
Б) 5 м/с;
В) 8 м/с;
Г) 10 м/с.3. Үдеуі неге тең?
А) 0;
Ә) 4 м/с2;
Б) 5 м/с2;
В) 8 м /с2;
Г) 10 м/ с2

4. 1 с уақыттан кейінгі жылдамдық неге тең?
А) 0;
Ә) 4 м/с;
Б) 5 м/с;
В) 9 м/с;
Г) 10 м/с.

5. Берілген қозғалыс үшін орын ауыстырудың теңдеуін жазыңдар.
А) s=5t+2t2;
Ә) s=5t+4t2;
Б) s=4t+4t2;
В) s=4t+2t2;
Г) s=4t+5t2.

1. Қозғалыстың түрі қандай?
А) теңүдемелі;
Ә) теңбаяулайтын;
Б) бірқалыпты.2. Бастапқы жылдамдығы неге тең?
А) 0;
Ә) 3 м/с;
Б) 5 м/с;
В) 8 м/с;
Г) 12 м/с.3. Үдеуі неге тең?
А) 0;
Ә) 4 м/с2;
Б) 5 м/с2;
В) 8 м /с2;
Г) 10 м/ с2.

4. 2 с уақыттан кейінгі орын ауытыру неге тең?
А) 0;
Ә) 14 м;
Б) 22 м;
В) 24 м;
Г) 26 м.

5. Берілген қозғалыс үшін жылдамдықтың теңдеуін жазыңдар.
А) υ=3+4t;
Ә) υ=3+2t;
Б) υ=3+8t;
В) υ=4+8t;
Г) υ=4+3t.

Дене 19,6м биітіктен еркін құлап келеді. Еркін түсу уақытын және жерге түскен мезеттегі жылдамдығын табу керек.
 
Тасты 10 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль төмен тасталды. Оның түсу уақыты 4 с болса, онда тас қандай биіктіктен тасталған? Тастың жерге түскен мезеттегі жылдамдығын табу керек.
Тестті тез бітіріп қойған оқушылар астындағы есепті шығарады.

 

  1. Жаңа материалды меңгерту:
  2. Галилей еңбектерінің маңызы.
  3. Денелердің еркін түсуі.
  4. Денелердің еркін түсуі теңүдемелі қозғалыстың тамаша мысалы бола алады.
  5. Еркін түсу үдеуінің сандық мәні.
  6. Еркін түсу үдеуінің дененің тығыздығына, массасына пішініне тәуелді болмайтындығ.
  7. Еркін түсудің формулалары.

VІ. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
Деңгейлік өзіндік жұмыс.
І деңгей.

  1. Дене 19,6м биітіктен еркін құлап келеді. Еркін түсу уақытын және жерге түскен мезеттегі жылдамдығын табу керек.
  2. Тасты 10 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль төмен тасталды. Оның түсу уақыты 4 с болса, онда тас қандай биіктіктен тасталған? Тастың жерге түскен мезеттегі жылдамдығын табу керек.
  3. Еркін құлаған дене 3с-та жерге түседі. Дене қандай биіктіктен түскен?

ІІ деңгей.

  1. Дене υ0 жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтаралған Көтерілу уақыты мен көтерілуі биіктігін табыңдар. (Ауасы кедергісі ескерілмейді)
  2. 300 м биітікке көтерілген тікұшақтан төмен қарай жүк тасталған. Тікұшақтан қозғалмай тұрғанда және төмен қарай 20 м/с жылдамдықпен қозғалған кезде тасталған жүк жерге қанша уақытта түседі?

ІІІ деңгей.

  1. Қайсы бір биіктен еркін түскен дене соңғы 200 м жолын 4 с-та өткен. Дене қанша уақытта және қандай биіктіктен түскен? Дененің жылдамдығы мен үдеуінің уақытқа тәуелділік графиктерін құрыңдар.
  2. Вертикаль жоғары лақтаралған тас 4 с ішінде 50 м биітікке жетеді. Еркін түсу үдеуі 10 м/с2 деп есептеп, тастың бастапқы жылдамдығын табыңдар.

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. 6-жаттығу (1,2,3)
  2. Тас құдықтың түбіне 6с-та жетсе, онда оның тереңдігі неге тең? Тастың бастапқы жылдамдығы неге тең. Құдық түбіне түскен мезеттегі тастың жылдамдығы қандай?

 

VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §6 , 5-жаттығу (2,3)   К., Т., №4.2, 4.9, 4.10.

Check Also

Электрондық оқулықтардың үлгілерін көшіріп алыңыз

Сілтемені көшіріп алып адрес жолына қойып Enter-ді басыңыз, ары қарай скачать. Ана тілі 1-сынып   …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.