И-7. Компьютердің негізгі құрылғылары, міндеттері, және жетістіктері.

saltanatsembek000Сембек Салтанат Қанатқызы. Алматы облысы Алакөл ауданы, Ушарал қаласы «Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектеп» КММ информатика пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: КОМПЬЮТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МҮМКІНДІКТЕРІ
 Сілтеме: Информатика пәні, 7-сынып (автор)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дербес компьютердің (ДК) негізгі және қосымша құрылғыларының анықтамасын білуі қажет.
Күтілетін  нәтиже: ·    ДК-дің жалпы құрылғыларының міндеттерін айқындайды;
·    Компьютер құрылғыларының мүмкіндіктерінің маңыздылығын біледі;
·    Компьютер құрылғыларының атауларын біледі және қызметтерін талдайды;
·    Құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Түйінді идеялар: Дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары
ДК құрылғыларының маңыздылығы мен міндеттері
ДК қоғамдағы ролі және қолдану салалары
Әдісі Болжау  ойыны,  БББ  кестесі
Оқыту  технологиясы АКТ,  диалогтық оқыту
Ресурстар Компьютер  құрылғылары,  оқулық  мәтіні,  таныстырылым,  стикер, электронды  оқулық.
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Психологиялық  ахуал 3 мин 1.  Сәлемдесу.
2.  Шаттық  шеңбер тұрғызу.  «Ақ  тілек»  тренигі«Жүйелі  блок», «Монитор», «Пернетақта», «Тышқан»  қима қағаздары  арқылы  топқа  бөлу. Сыныпты топ басышысын есімін таңдау арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

·      Сәлемдесу
·      Өздерін ретке келтіру
·      Топқа бөліну
·      Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру
ІІ. Өткен  тақырыпты  еске  түсіру 5 мин ·   Ақпаратты сығу дегеніміз не? Мұрағаттаушы программалар?
·   Антивирустық программалар түрлері және қызметі қандай?
·   Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңдар?
·   1 байтта неше бит бар? Кб, Мб, Гб, Тб. Неше айналымдар бар?
·   Ақпаратты сақтау және тасымалдаушы құралдардың көлемі қандай?
Оқушылар сұраққа жауап береді
ІІІ.Қызығушылықты ояту  5 мин «Болжау»  ойыны.  Компьютер құрылғыларының  суретін  көрсету. Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады. Түрткі  сұрақтарға  жауап  береді. Оқушылар зейін қойып тыңдайды
ІV. Мағынаны тану
 
15 мин Электронды оқулықтан «Компьютердің негізгі құрылғылары міндеттері және мүмкідіктері» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. Оқушылар зейін қойып тыңдайды
ББҮ 2 мин ББҮ-ны толтыру
БББ  бойынша флипчартта жазу
Білемін? Білгім келеді? Білдім?
V.Ой толғаныс  10 мин Дербес компьютерлердің қоғамдағы ролі және қолдану салаларына эссе жазу. Дербес компьютерлердің қоғамдағы ролі және қолдану салаларына эссе жазады.
VІ.Бағалау  2 мин Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.
Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
VІІ.Келесі  тапсырма  1 мин Үйге «Компьютердің негізгі құрылғылары міндеттері және мүмкідіктері» тақырыбын оқып келу. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия  2 мин Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз – бір тілек әдісін ұсыну. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз – бір тілек әдісімен толтырады.

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.