Тақырыбы: «Асыл мұра математика әлемінде»

mukizhanjvaazipa000Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты мен міндеттері: Есептер шығару, өткенді қайталау, жүйелеу;
1. Білімділік: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру
2. Дамытушылық: оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, ин-теллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;ұлттық дәстүрді,ұлттық педагогиканы дамыту.
3. Тәрбиелік: меңгерген математикалық білімдерін өмірде қоддануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.
Сабақ түрі:  даналық сабақ,қайталау сабағы    .

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,суреттер топтамасы.
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік,
Балалар бүгін біздің сабағымыз күндегіден ерекше. Біздің бүгінгі сабағымыз «Асыл мұра – математика әлемінде» деген даналық сабағы болмақ. Сендер бүг ін бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып бүгінгі күнге жеткен асыл мұралармен таныса отырып, соның негізінде математикадан алған білімдерді жетілдіру.Ата-бабамыз қандай асыл мұра қалдырып кеткен екен,оны білу үшін мына алдарында тұрған отауларды аралап,ондағы дүниелерді тамашалай  отырып, білімімізді молайта түсейік.

Скачать (PPTX, 575KB)

Біздің мақсатымыз: – білім алу
Міндетіміз: – еңбек ету – олай болса, сабағымызды бастаймыз.
Сабағымызды бастамас бұрын өткенге бір шолу жасап өткенді жөн санап отырмыз. Ал балалар өткен жылы қазақ елі үшін қандай атаулы күндер және мерекелер болып өтті? Басты жаңалық ретінде Қазақ елінің дербес ел болып жеке мемлекет болып құрылғанына 550 жыл болды.
-Атазаңымызға 20 жыл.
-Олай болса,бүгінгі сабағымыздың қонақтары қазақ халқының хандары. Есіксіз жаңа болмайды есепсіз дана болмайды деп халқымыз бекер айтпаған.
І-ші отау «Мақал-мәтелдер». Ендеше Керей хан тапсырмасын орындайық.

Керей хан алғаш болып қазақ хандығының құрылуына өзіндік үлесін қосқан, 1465 жылы қазақ елінің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып жеке дербес мемлекет болуында табандылық танытқан, қазақ хандының аяққа тұрып кетіп енші алып жеке ел болуына ат салысқан қайраткер.
Көп көрген ата-бабамыз,
Солардан тәлім аламыз.
Иә, дұрыс айтасыңдар мақал-мәтелдер ата-бабаларымыздың көрген білгенін естіп тоқығанынан, түйген ой тұжырымдары.
Математикаға қатысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Он адам жүрген жерде із қалады, жуз адам жүрген жерде соқпақ қалады,  мың адам жүрген жерде жол қалады.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
3.Жеті рет өлшеп,бір рет кес.
4.Жеті атасын білген ер,ел- жұртының қамын жер
Математикалық диктант;
7-ге21 мен 7-нің бөліндісін қос.
7-мен 21-дің қосындысын 7-есе кеміт
7-ге 49 бен 7-нің бөліндісін қос .
ІІ-ші отау «Жұмбақтар»   отауы. Отауымыздың қонағы  «Жәңгірхан » тапсырмасыол кісі жұмбақ ала келіпті………………………
………Айтқан кезде жұмбақты,
Бала ойланып тұрмапты.
Мәні 56-ға тең болатын өрнектерді тап;

54+6            65-6   32+22         67-9   47+9       78-2      52+4    86-30
ІІІ-ші отауымыз  «Санамақтар отауы» Қонағымыз  «Кенесары хан». Хан тапсырмасы мынадай:қандай санамақ білесіңдер?
Он саусақты санап-ақ,
Үйренміз санамақ.
Бірім-бір
Екім-екі
Үшім-үш
Төртім-төрт
Бесім-бес…….
Теңдеу шешу:х*3=70-40      х*5=25+15
ІV-отауымыз  «Жаңылтпаштар   отауы»келесі қонағымыз «Тәуке хан»
Тәуке хан қазақ даласындағы заңдық жүйенің қалыптасыуында үлкен рөл атқарған тұлғалардың бірі. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай қазақ даласында тәртіп орнатуда, қаң орнатуда өзіндік ерекшеліктерімен танылған тұлға. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» дала қазақтарының ата заңына айналған бір кездері. Осы жеті жарғы негізінде көптеген билеріміз шешім шығарып бұл заңның практикалық тұрғыда іске асуына да септігін тигізген.
Тапсырмасы жаңылтпаш айту:
Жаңылтпашты айтайық
Тіл ширатып қайтайық…
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім.
Он қап ,он қапты қақ
Тапсырма :9*6-6*4/(33-25)

2*3*9-48/8*3
Келесі V-отауымыз  «Ата-баба дәстүрі» Бұл отаудың қонағы «Әбілқайыр хан» тапсырмасы қалдықпен бөл» тапсырмасы қалдықпен бөлу .

Ата-баба дәстүрін сүйеміз
Көңілге оны түйеміз.
Қандай дәстүрлерді білесіңдер? (Шілдехана ,Бесік той, Сүндет той,  …)

42/8      32/5                      19/4        14/3
VІ-отау  «Ұлттық ойындар»Отауымыздың қонағы  «Абылай хан»
Абылай хан. 18-ші ғасырда қазақ даласына төрт тараптан қауып төніп тәуелсіздігі тұғырдан тайғалы тұрған шақта Абылайлап атқа қоынп, тоз тоз болып бөлініп ұстағанның қолында тістегеннің ауызында кеткен қазақ жерін біртұтас етіп, бас басына би болған басшыларды бір араға жинап, қазақ халқын яғни үш жүзді бір араға жиып қайтадан мықты ел, мақтанышы бар мемлекетке айналуында үлкен рөл атқарған бір туар басшы. Кел,балалар,келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойынбар,
Барлығың ден қойыңдар,
Думандатып тойлаңдар!
Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
«Хан талапай»,  Теңге алу , Бәйге  т.б.
Есеп: №4,5 бет.
Жиналды – 12 кг және 9 кг
Бөліп салды – 7 кг-нан
Себет – ?                                             (12 + 9) : 7 = 3 себет     Жауабы: 3 себет

VІІ-отау «Киелі сандар» қонағыН.Назарбаев.
Ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіз қазақ елін құрылуына өз алдына дербес ел болып кетуіне үлкен септігін тигізген табанды ер, егемен еліміздің тұңғыш президенті, сарыабдал саясатының арқасында қазақ елін төрткүл дүние мойындаған, табаны берік, тұғыры биік елге айналдырған көшбасшысы.Міне,сол тәуелсіздігімізге
25-жыл толып отыр екен .Ендеше, президент тапсырмасын орындайық:
Адамның басшысы –ақыл,
Жетекшісі-талап,
Жолаушысы-кәсіп,
Қорғаны- сабыр,
Қорғаушысы-мінез,
Сынаушысы- халық….
Қандай киелі сандарды білесіңдер?
(3, 5, 7)  осы сандардың қазақ қастерлеген қасиеттері жайлы не білесіңдер балалар?
3-жұрт,3-би,
5-асыл іс,5-дұшпан ,
7-ата, 7-нан, 7-қарақшы,7-апта, т.б.

-оқушылармен талдау –          (Кез келген санды 3, 5, 7 көбейту, бөлу)
Қорытынды: балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Не үйрендіңдер?Не білгілерің келеді?
 
Үйге тапсырма: №5,6-бет,

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.