Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

mukizhanjvaazipa000Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

Сыныбы: 4      Пәні:    дүниетану
Сабақтың түрі:                аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:

  1. Дала жануарлары,олардың тіршілік жағдайлары туралы

әңгімелей отырып, оларды кластырға бөлу, өз білімдерін жаңа ақпаратпе байланыстыру, салыстыру, дала тіршілігінің өзара бір-бірімен байланысын дәлелдей отырып, жүйелі баяндауға, қорытынды жасай алуға, шығармашылық ізденіске баулуға жағдай жасау.

  1. Табиғатты сүюге., жануарларды қорғауға, қамқор болуға баулу.
  2. Танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасау.

Сабақтың әдісі:              топтау, түртіп алу, классификация жасау, бір айналым сөйлеу
Сабақтың көрнектілігі:   шалғын дала жануарларымен      өсмдіктерінің суреті,
сызбалар, кесте, баға кесте, физикалық карта, жұмбақ,
С.Сейфуллиннің өлеңі
Техникалық құралдар:  бейне таспа, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:   қазақ тілі, ана тілі
Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту кезеңі
  2. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сабақ барысын хабарлау
Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау техноологиясының әдістерін басшылыққа аламыз.

  1. Топпен жұмыс
  2. Жаңа сабаты өздері ізденіп, меңгеруге жағдай жасалады
  3. Өзін-өзі бағалау

Бүгінгі сабақ барысы түсінікті болса, алдымен 4 топқа бөлініп,топ басшыларын сайлап алайық. Топ басшысының иіндеті, өз тобындағы балалардың білім деңгейін бағалап отырады.

  • Үйге не берілді?
  • Шалғын өсімдіктері мен жануарларын қорғау.
  • Үй тапсырамсын қайталап, пысықтаймыз. Ол үшін 4 топқа бөлініп, топ

басшыларын сайлап алайық. Топ басшысының иіндеті, өз тобындағы балалардың білім деңгейін бағалап отырады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы қорғап шығады.

I-топ
Шалғындар туралы түсінік физикалық картамен жұмыс.

II-топ.
Шалғынды өсімдіктері.

III-топ.
Шалғын жануарлары.

IV – топ.
Шалғынды қорғау сызбамен жұмыс.

Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру: сұрақ-жауап

Шалғынды жер – еліміздің табиғи байлығы. Табиғи байлық біздің жеріміз,туған еліміз.Оны барлық ақын-жазушылар жырлап өткен, жырлайды да. Оны С.Сейфулиннің «Туған еліме» өлеңінен көруге болады. Әр топ өлеңді мәнерлеп оқып,мағынасын түсіндіріп өту керек.

Туған   еліме
І. Кеңсің дала,      Қазақстанның физ. картасына қарасақ,
Туған ана,                              оның көп жері жазықты кең дала. Қазақ жері
Көйлегін кең, көк ала.               ұлан- байтақ кең. Ол 2 илн. 700 мың шаршы
Жан беретін                                км. Қазақстан жер көлемі жөнінен 9-орын
алады. Осы жазық даланы біз екінші
анамызға  теңейміз. Өйткені адамзат –
табиғат перзенті. Оның мейірімділігі
шексіз.

IΙ.  Тән  беретін
Мейірімді ана – сен ғана.
Төсімде емген,                                  Жер анадан жан-жануар, адамзат
Саған  сенген,                                    тірі ағзалардың бәрі өз керегін
Жан –жануар баласы.                       Алады, өсіп өнеді. Тіршілік анасы
Төсің сүтті,                                          жер. Жер – ана яғни дала.
Бауырың  құтты,
Сен тіршілік анасы.
Жібек жасыл,
Анық   асыл,
Кестесі гүл киімнің.

ІІІ.     Көркем     ана,                         Көктем  даласын –жібек  жасылға,
Сенде ғана                                ондағы  құлпырған гүлдерді кестеге теңеп,
Тіршіліктің түйіні.                  оны көркем ана деп суреттеген.
Бүкіл  тіршіліктің  түйіні – дала.

ІV.   Дала  жануарларын                 Дала сүтқоректілер  түлкі,орқоян, қасқыр
Кластарға бөліп                           Дала құстары  ақбас тырна, бүркіт.
топтау                                           Дала омыртқасыздары  көбелек, шегіртке.
Дала бауырмен  жорғалаушылары  жылан, кесіртке

Міне балалар, біз жануарларды класқа бөлдік, енді топ аттары жануарлар класына байланысты қойылады.Оны тақтадағы берілген тапсырмалар бойынша анықтаймыз.

Ι – топ. Жұмбақ
Жылқыны   қарнына қыстырып,
Түйені ерніне қыстырып
Есекті құлағына қыстырып,
Қасқырды ат қып мініп,
Айт дегенде жүре берген.

Жауабы:Қоян. Сүтқоректілер класына жатады. Ол баласын сүтпен асырайды. Олай болса сендер сүтқоректілер тобы боласыңдар.

IΙ-топ. Дуадақ (суреті беріледі)   Дуадақ туралы не білесіңдер?
Жауабы: Дуадақ құстар тобы  Салмағы  16 кг, 22 түрі бар, 2-3 жұмыртқа салады. Демек сендер  Құстар тобы боласыңдар.

IΙI- топ. Крыловтың “ Шегіртке мен құмырсқа”  мысалындағы кейіпкерлер  жануарлар тобының қай класына жатады?
Жауабы:  Шегіртке мен құмырсқа жануарлар тобының  класына жатады.
Онда сендер омыртқасыздар тобы боласыздар.

IV- топ.Мақал
Жылы-жылы  сөйлесең
Жылан інінен шығады.
Мақалындағы жануар.
Жауабы:  Жылан, бауырмен жорғалаушылар класына жатады. Сендер бауырмен  жорғалаушылар тобы боласыңдар.

Ι-топ.
Сүтқоректілер
 
Түлкі         Елік              Бөкен          Бұлан           Орқоян                Қасқыр

Түлкі:  Қасқырмен біртұқымдасқа жатады,дене мөлшері кішілеу,денесінің  ұзындығы 70-77см, салмағы 6-7кг, құйрығының ұзындығы 55см, үлпілдек, ұшы ақ, аяқтары қысқалау. Түлкінің терісінің бояуы ашық-сары түспен,сұр-қызыл түске дейін өзгереді. Жуыптасып тіршілік етеді. Бұлар ұсақ кеміргіштермен көбіне тышқандармен қоректенеді. Осал болуы –аяғының қысқалығы. Сондықтан қыста қар болғанда омбылап  шаршап қалады.Түлкі терісі дайындалатын.
 
IΙ- топ.                                      Құстар
 
Қарабозторғай    Безелдек    Дуадақ      Дала қыраны      Ақбас тырна
Дала қыраны-Қазақстандағы тәлімді қырандардың бірі. Бүркіттен кіші  қанатының  құлашы-2м,салмағы -2,5-3кг.Дала қыраны ашық және түрлі –түсті қауырсынды. Қорегі –сарышұнақ, ұяларын құз шыңның шоқысына шоқы баурайларына салады. Бірнеше жыл бойы салған ұялары қолайсыз, үлкен далада  бірнеше метр жерден көрінетіндіктен 1-3 жұмыртқа салып, 10 күн балапандарын қоректендіреді.Ауада қалықтап жүріп,қорегін аулайды.( Үнтаспадан  көрсету).

IΙI- топ.                            Омыртқасыздар

Бүйі          Өрмекші            Сары шаян            Шегіртке         Инелік
Бүйі-ірі  3-5 см ,егер аяғын созса, 7см-ге дейін жететін түкті өрмекші,жердегі тік түскен ұяларды  мекендейді. Бүйінің шаққаны – ауыр, бірақ өлім қаупі жоқ.
 
ΙV- топ.                    Бауырмен жорғалаушылар
 
Жылан        Кесіртке       Сары        Тасбақа         Сұр         Кесел
 
Кәдімгі сарыбас жылан – Батыс және Шығыс Қазақстанда,сонымен қатар, Орталық  Балқаш  пен  Алакөл  Шұңқырында  кездеседі. Ылғалды жерлерді  мекендейді,ұзындығы – 1,5см.Қарасұр, кейде  арқасы қоңырқай –сарғыш  түсті,басының екі жағында ашық – сары түсті үлкен доғы арқылы оңай тануға болады.У сыз.Бақа, балық, ұсақ құстармен,кеміргіштермен қоректенеді. Қысқы ұйқыға кетеді.Балықтың  көбеюіне зиянын тигізеді.

ΙI. Мағынаны тану кезеңі.
Балалар,бұрыннан білетін, өмірде кездесетін дала жануарлары туралы  білетін  білімімізді топтау әдісі арқылы  тиянақтадық. Оқулығымызда бүгінгі танысатын  жаңа сабақтарың Дала өсімдіктері мен жануарлары  тақырыбы.

Түртіп алу әдісі арқылы мәтінді оқи отырып, өздеріңе таныс, таныс емес, жаңа ақпарат, таң қалдыратын бөліктерді шартты белгімен  белгілейміз.

Оқушы мәтінді оқи отырып, мазмұнын айтып, қандай белгіні қойғанын айтып түсіндіреді.

Дәптермен жұмыс.

Классификация  жасау  әдісі

Аталуы ДЕНЕ  ТҰРҚЫ Қорегі Ерекшелігі Неден қорқады
Қасқыр Дене ұзындығы – 100-180см,
Салмағы 35кг,Сұр болып келеді.
Ет Салмағын төрт аяққа тең басуы Адам
Сарышұнақ Салмағы –
100 -150 г,
кеміргіш
Шөп пен тамырдан басқа астық тұқымда-рымен қоректенеді. 2 млн –ға жуық сарышұнақ  терісі дайындалады. Жыртқыш  аңдардан
Орқоян Орқоян  қояндардың   ішіндегі ең үлкені, денесінің ұзындығы
50 -70 см, салмағы 4-6 кг. Жылдамдығы  сағатына 70 шақырымға жетеді.
Шөптекті  өсімдіктер Аналығы жылына екі рет 44-46 күн буаздықтан кейін 6 көжектен дүниеге әкеледі. Жыртқыш  аңдардан
Түлкі Дене ұзындығы 70 см, салмағы 60-70 кг, Құйрығының
ұзындығы 55 см.
Ұсақ жәндік кеміргіштер Аяқтары  қысқа Адам, бүркіт

-Жануарлардың  қоректенуіне байланысты 3-топқа бөлуге болады.

  1. Уақытша ұйқыға жататындар: борсық, кірпі, сарышұнақ,суыр.
  1. Орын ауыстыратындар: ақбөкен, қасқыр, түлкі.
  1. Қорек жинайтындар: тиін, дала тышқаны.

ΙIΙ-кезең: Ой толғаныс кезеңі.
Сабағымызды қорытындылау үшін «Бір айналым сөйлеудің» әдісін  пайдаланамыз.

  • Дала дегеніміз – жазықты алқап.

–   Дала қуан, шөлді, егістік болып үшке бөлінеді.
–   Дала  көлемі жеті облыс көлеміндей кең.
–   Дала   жануарларының  табиғи  сұрыптауда  алатын  орны  зор.

Мұғалім  қорытындылауы.

Бұдан  жарты  ғасыр бұрын  «тың  жерді  игеру  мен  қорытынды  ауыл  шаруашылығын  дамыту  кезінде  жазық  дала  астықты  алқапқа  айналып, дала  жануарлары  өсімдіктерінің   жойылып  кету  қаупі    төнді.

90- жылдың  басында  Қазақстанның  егемендік  алуына  байланысты  жыртылған  жердің  саны күрт азайып ,даламызды  қалпына  келтірудің  табиғи  процесі  жүреді.  Жануарларымыз  қайта   оралуда «Қызыл  кітапқа» енгізіп, заң  жүзінде  қолға   алынды.

Біз  де, балалар,  жануарлар  мен  өсімдіктерді  қорғауға  ат  салысайық.
Бағалау: топ басшылары кесет арқылы бағалайды.
 
Үйге тапсырма:  Дала  жануарлары  мен  өсімдіктерін  оқу, мазмұндау.
Қалаған  дала  жануарларына  классификация  жасау.

Check Also

Бастауыш -2. Тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.