Ерітінділер дайындауда диагональ схеманы пайдалану.

Т. Сүйеубаев. Қызылорда облысы,  Арал ауданы Жаңақұрылыс аулы №74 орта мектептің химия –биология пәндерінің мұғалімі.

Химия  оқулығында ерітінділер дайындауға  арналған  қиындығы біршама  жоғары  есептер  кездеседі. Әсіресе ерітінділердің массалық үлестері,  көлем,  тығыздық  өлшем бірліктері негізінде берілетін,  сондай –ақ  әр түрлі   массалық  үлестегі  ерітінділерден  массалық үлестері  белгілі   ерітінділер  дайындау  есептері.

Бұндай есептерді шығарудың  тәсілі диагональ схема арқылы есептеуді  жүргізуге  болады.

Диагональ схема бойынша массалық үлестері, концентрациялары  немесе тығыздықтары  әр түрлі  ерітінділерден  массалық үлестері,  концентрациялары немесе  тығыздықтары  белгілі ерітінділер алу  үшін бастапқы  ерітінділерден қанша мөлшерде  араластыру  қажеттілігін анықтауға  болады.

Диагональ схема  жалпы  түрде былай  жазуға  болады.
а                 а-с (с-а)=г  мұндағы а, в – бастапқы берілген ерітінділердің массалық үлестері
с                                                    с —   алынуға тиісті ерітіндінің  массалық үлесі.
в                  в-с (с-в)=д          а-с, в-с – ерітінділердің массалық үлестерінің  үлкенінен кішісін  алу.
г– а массалық  үлестегі  ерітіндінің  қажет бөлігі,   д – в ерітіндіден қажет бөлік.
а, в – массалық үлестегі ерітінділерден қанша бөліктен алу үшін, г және д мәндерін қосып  с  мәндегі ерітіндінің массасына бөлсек – ж мәндегі  г, д-нің әрбір саны үшін қажет бөлігі   шығады.
г ·ж  = а  ерітіндінің  қажет  мөлшері,  д · ж = в ерітіндінің  қажет мөлшері шығады.
Диагональ схема тәсілін пайдаланып бірнеше есептер шығарайық.

10 сынып химия  оқулығында  ерітінділер дайындауға  арналған диагональ  тәсілімен шығарылатын  есептер берілген.

Мысал. №1.  Күкірт  қышқылының  26%-дық  250грамм  ерітіндісін  дайындау үшін, 19%-дық, 30%-дық  күкірт қышқылы ерітінділерінен қанша массалық  қатынаста  араластыру керек?
Бер :                w%(ерітінді)=26%
m(ерітінді) = 250г
w%1 (ерітінді)= 19%
w%2(ерітінді) = 30%
Табу керек:   m1(ерітінді)‒?
m2(ерітінді)‒?

Шешуі . Есепті шығару үшін диагональ  схемасын құрастырамыз.
19%                         4       19%-дық күкірт қышқылынан 4 бөлік     қажет.
26%
30%                         7        30%-дық күкірт қышқылынан  7  бөлік  қажет.

  1. Бөліктерді қосып 4+7=11,  шыққан санға  ерітінді массасын бөлеміз 250 : 11 =  22,72 г  Н2SO4  , бұдан  әрбір бөліктің бір бірлігі үшін алынатын  күкірт қышқылы  ерітіндісінің  массасы  шығады.
  2. 19% -дық қышқыл бөлігін 22,72–ге көбейтсек  4·22,72=91 г шығады. Бұл 19%-дық күкірт қышқылының  қажет массасы.
  3. 30%-дық қышқыл бөлігін 22,72-ге көбейтсек 7·22,72=159 г шығады. Бұл 30%-дық күкірт қышқылының  қажет  массасы.

Шешімі. Күкірт  қышқылының  26%-дық  250грамм ерітіндісін  дайындау үшін, 19%-дық  қышқыл ерітіндісінен  91 грамм, 30%-дық  күкірт қышқылы ерітіндісінен 159 грамм   алып араластырамыз.

№2.  Заттың 20% ерітіндісін дайындау үшін, массасы 350г  12% -дық ерітіндісіне  45%-дық  ерітіндінің қандай массасын қосу қажет?

Бер : w%(дайындалатын ерітінді)= 20%
m1(ерітінді) = 350г
w1%(ерітінді) = 12%
w2% (ерітінді) = 45%
Табу керек : m2(ерітінді) =?
Шешуі. 12, 45% дық ерітінділерден 20%-дық ерітінді дайындау үшін диагональ схема құрастырамыз.
12%                            25  — 12% -дық ерітіндіден қажет бөлік, ол 350 грамға тең (есеп
20%                                                                                 шарты бойынша)
45%                             8   —  45%-дық ерітіндіден қажет бөлікті табамыз. Ол  үшін пропорция  құрамыз.     25 бөлік   —————–   350 грамға тең болса,
8 бөлік ——————     Х грамға тең            Х= 8 · 350 / 25 = 112г.
Шешімі.  12%-дық ерітіндіден 350 грамм алып, оның үстіне  45%-дық ерітіндіден 112 грамм  қоссақ, күкірт  қышқылының  45%-дық ерітінді алынады.

№3. Тұз  қышқылының  8%-дық ерітіндісін алу үшін оның көлемі 1 л 20%-дық ерітін-дісіне( р= 1,1г/мл), 4%-дық ерітіндісінің (р=1,02г/мл) қандай көлемін қосу  қажет?

Бер : w%( НСІ ерітіндісі)=8%
V1(   НСІ ерітіндісі)= 1л = 1000мл
w%1( НСІ ерітіндісі)=   20%
р1(НСІ ерітіндісі)=     1,1г/мл
w%2(НСІ ерітіндісі)= 4%
р2(НСІ ерітіндісі)=  1,02г/мл
Табу керек: V2(НСІ ерітіндісі)=?
Шешуі. 1.  20%-дық  1л(1000мл) ( р= 1,1г/мл) тұз қышқылы ерітіндісінің массасын есептейміз.                           m=V·p=1000· 1,1 = 1100грамм.

  1. Диагональ схема құрамыз.

20%                                4 бөлік,  20%-дық ерітіндіден қажет бөлік 1100 г-ға тең (есеп шарты).
8%
4%                                  12 бөлік.  4%-дық ерітіндіден қанша массада  араластыру керектігін пропорция  арқылы  есептейміз.
4 бөлік —————-1100грамға тең десек,
12 бөлік ————-    Х грамға тең.            Х= 12· 1100 / 4 = 3300 грамға тең.

  1. 4%-дық тұз қышқылының 3300 грамының қандай көлемін алатынын есептейміз.

V=m / p = 3300 / 1,02г/мл = 3235мл
Шешімі. Тұз қышқылының 8%-дық ерітіндісін дайындау үшін, 4%-дық ерітіндіден 3235 мл алып, 20%-дық 1 л тұз қышқылы ерітіндісіне араластырамыз.

Ерітінділер тақырыбына есептер шығаруда диагональ схема бойынша есептер шығарып үйренудің  өндірістік те,  тұрмыстық маңызы зор.

Check Also

merekemyrza000

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.