математика-5. Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу

nurjanerkin000Нұржанов Еркін. Қызылорда облысы,  Арал ауданы Жаңақұрылыс аулы №74 орта мектептің матемтика мұғалімі.

Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды жай бөлшек, үлес ұғымымен таныстыру, оқушылардың жай бөлшектерді оқу және жазу біліктілігін қалыптастыру.
Дамытушылық: жай бөлшекті оқу және жазуды меңгерту, оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділіктерін арттыру, өз бетімен ізденуіне, ойлануына, проблемалық сұрақтарға жауап бере білуіне жағдай жасау. Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке  құзырлылығын дамыту.
Тәрбиелік: тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, табандылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, жауапкер-шілікті сезіне білуге, өз бетінше дербес жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтиже-ге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырма-лар беру арқылы өзіндік шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі    
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру 
Сабақтың формасы:
І кезеңде – фронтальды, жеке; ІІ кезеңде – а) топтық; б) фронтальды;  в) ұжымдық.
III кезеңде – топтық және жеке.
Пайдаланылатын пед.технологиялар, әдіс тәсілдер: «оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педтехно-логиясы, түсіндірмелі – иллюстративті көрнекілікті әдіс.
І кезеңде – сұрақ-жауап; ІІ кезеңде – а) оқулықпен өз бетімен іздену әдісі; б) дискуссия;  в) практикада бекіту әдісі. III кезеңде –үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері.
Пайдаланатын құрал жабдықтар, көрнекіліктер:
І кезеңде–жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары;
ІІ кезеңде– а) оқулық, слайдтар, интерактивті тақта; б) оқулық, жұмыс дәптері; в) оқулық, жұмыс дәптері, тақта, бор.
ІІІ кезеңде–жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары.
Пәнаралық байланыс: информатика, жаратылыстану
Сабақтың өту барысы:
І кезеңде: а) ұйымдастыру; б) үй тапсырмасын тексеріп тақтадағы ашық журналға белгілеу;  в) «көпір тапсырмаларын» тексеру.
ІІ кезеңде: а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулық-тан жауап іздеуі. б) мұғалімнің көмегімен дискуссия жүргізу;  в) тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.
ІІІ кезеңде – деңгейлік тапсырмаларды орындау, орындалуын тексеру және есепке алу, қалған тапсырмалар-ды үйге беру, келесі тақырыптың бірінші кезеңіндегі «көпір тапсырмаларын» орындап келуге беру.

Скачать (DOCX, 112KB)

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.