Тәуелсіз елдің ұландарымыз

“Бейнеу гимназиясы” мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Кубегенова Мирамгул Калибаевна            
 Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Тәуелсіздікті  бағалай  білу  керектігін  жете  ұғындыру.
  2. Ой-өрісін  кеңейту. Шығармашылық  қабілеттерін арттыру 
  3. Оқушыларды Отанды  елді  жерді сүюге,желтоқсандықтарға  әрдайым  құрмет  көрсетуге  тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті.
  2. слайд, . бейне ролик.
  3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
  4. Сабақтың көрнекілігін осы сілтемені басып көшіріп алыңыз 

Тәрбие сағатының барысы:

  1. Ұйымдастыру  бөлімі

Құрметті ұстаздар  және оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен,  ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елдің ұландарымыз» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі  тәрбие  сағатымызға  арнайы  шақырылған  қонағымызбен таныс
болыңыздар.  Қайрат  ағай  желтоксан оқиғасы кезінде  Алматыда студент
Желтоқсан  оқиғасының  куәгері.

  1. Бейне  ролик             Әнұран

Мұғалім сөзі:

Оқушыларым  қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған

мемлекетте  өмір сүріп  жатырсыңдар , білім алуға сендер  үшін мүмкіндік мол. Сендер   көп уақыттарыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесіңдер ,  көңілді мерекелерді  асыға күтесіңдер . Сіздерге қандай мекрекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине, барлық мейрамдар жақсы. Бірақ  олардың арасында  біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік жолы оңай  жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге  сондай қиын – қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдесіз. Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.

Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қандай батырларды білесіңдер?

 Слайд      
–  Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі  батырлар кімдер
–   Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар,
Слайд
-Ұлы  Отан  соғысында өздерінің туған  елін жерін қорғаған батырлар кімдер
–   Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
–    Ұлы  Отан  соғысында ерлік көрсеткен  жерлестеріміз кімдер
–  М. Бегенов  Ж.Қалдығараев   Б. Қалиев .

Слайд
–   Иә  балалар   биыл  ғана  Ұлы  Жеңістің 70жылдығын  атап  өтіп  батылар
рухына  басымымызды  иіп  ардагер  аталарымызды  мақтан  еткенбіз.
Олар мәңгі  жадымызда  сақталады.

  1. Бейне ролик 1986 жыл    Желтоқсан  оқиғасы

 Слайд  

—   Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.    
 Сөз  кезегі  Қайрат  ағайға  беріледі.
 Оқушылар   сұрақ  қояды.

  1. Бейне ролик  Қара бауыр қасқалдақ  әнінің  шығу  тарихы  авторлары 
    Әнді  автордың  орындауында  тыңдау       

Міне содан бері  Желтоқсан  оқиғасына  29жыл  ал Тәуелсіздік алғанымызға       24 жыл  толып  отыр 

  1. Бейне ролик Қазақстан  Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдарда…і

Ән    Көк  тудың  желбірегені          Дулыға  мен  Баубектің  орындауында

Слайд                                             \Топқа   бөліну
1-топ   Желтоқсан          2-ток   Тәуелсіздік              3-топ   Қазақстан

Слайд                              1-кезең          Талаптыға  нұр  жауар
1-топ—–Тәуелсғздік жасасын       Сурет  салу
2-топ——Тәуелсіз  елдің  ұланымын    Шығарма  жазу
3-топ—-Тәуклсіздікті  жырлаймын      Мәнерлеп оқу

       Ән    Желтоқсан     желі      Сайлаубекқызы  Гүлзада

Слайд                        2-кезең   « Жүзден  жүйрік»  ( викториналық сұрақтар )

1-топ
1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев қай жылы сайланды.
2. 1992 жылы қазан айында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? ( Т. Әубәкіров )
3. Қазақстан РЕспубликасының Рәміздерін ата? ( Елтаңба, Ту, Әнұран )
4. Қазақстанның жаңа Конституциясы қай жылы қабылданды? ( 1995 жыл 30 тамыз )
5. 1998 жылы Ақмола қаласына қандай ат берілді? ( Астана )

2-топ

  1. Біздің еліміз қашан  Тәуелсіздігін алды? ( 1991 жыл 16 желтоқсан )
  2. Ең бірінші Тәуелсіздікті мойындаған ел? ( Түркия )
  3. Қазақстанның Тәуелсіздіктен кейінгі тұңғыш Президенті?( Н. Ә. Назарбаев)
  4. Тәуелсіздікке қанша жыл болды? ( 24 жыл )
  5. Сен өз қалай қорғайсың ?

3-топ
1. 1986 жылы көтеріліске шыққандар кім? ( студенттер )
2. Қандай мақсатпен шықты? ( тәуелсіздік күні)
3. Көтеріліс қай жақта болды? ( Алматы, Желтоқсан алаңы )
4. 1986 жылы көтеріліске шыққан батырлардан кімді білесіздер?
5. Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар- деп өз өмірін құрбандыққа шалған батыр кім?

Слайд                       3-кезең    Сөз  көркі  мақал     Мақалды       жалғастыру

Желтоқсан  тобына
Отан–………
Туған жердей  жер  болмас…..
Елдің көркі  -ерімен  ……
Ел  іші……….
Өжет адам  ……….
Жері байдың  ……….

Тәуелсіздік   тобына
Отан үшін отқа түс-күймейсің ……..
Пәлен жерде пайда бар……..
Туған жердің жері де көрікті……..
Диқанның жерін мақтайды……..
Жүк ауырын нар көтерер……..
Жақсы болсаң- …….

Қазақстан  тобына
Еліңді сүйсең – ……..
Алтау ала болса- ауыздағы кетер,………
Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер,………
Отансыз адам,…………….
Ел күйінгенде – күйінген батыр,……..
Елінен безген – ел оңбас

 Қорытынды сөз:

Слайд             Тәуелсіздік  мағынасын  ашу

Міне, биыл сонымен Тәулсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың дұрыс жүргізген саясатының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Еліміз көптеген елдерге танылды. Сіздерде өз үлестеріңді қосып, сабақты жақсы оқып, тәртіпті болып, тынбай еңбек етіп, қазақ елін әлемге танытуымыз керек.

Слайд

  • Балалар, сонымен болашақта қандай азамат, азаматша боламыз.

Балалар хормен :
Елімізді өркендететін
Қазақ тілін көркемдететін
Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін
Балалардан бар жақсылығын аямайтын
Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты
Біз қазақ елінің болашағымыз.

Иә, болашақ тек осындай білімді жастардікі! Жалынды жастарымыздың рухы өшпесін. Ләззат, Сәбира, Қайрат, Ерболдардың ізбасарлары көбейе берсін. Еліміздің көк байрағы желбіреп, еліміз, Елбасымыз аман болсын! Халқымыз тату – тәтті бірлікте болсын- дей отырып , тәрбие сағатымызды

Слайд                 «Бейбітшілік  сақталады» әнімен аяқтаймыз.

Сабақтың көрнекілігін осы сілтемені басып көшіріп алыңыз

Check Also

Классный час «Под единым шаныраком», посвященный 20летию Ассамблее народов Казахстана в 4 классе

Әнуар Айгуль Әнуарқызы Западно–Казахстанская область Казталовский район Село Казталовка СОШ имени А.Оразбаевой Цель: активизировать познавательный …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.