И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.

Сабақты сайтқа салған: Талғат Теменов Түркістан қаласы.

Информатикадан 10 сыныпқа арналған сабақтар жинағын (барлығы 10-сабақ)  Сабақтар 2010 бетінен көшіріп алыңыз.

Тақырыбы:
Сабақ мақсаты: а) Операциялық жүйенің негізгі программлары мен олардың қолданылуын түсіндіру.
Б) Программалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, жұмыс жасаудың қолайлы әдіс-тәсілдерін меңгерту.
В) Операциялық жүйе туралы алғашқы мәліметтерді беру арқылы әрі қарай ізденіп оқуды қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: Windows XP негізгі программалары
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы өткен тақырыптарды қайталап келу.

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Windows-тың даму тарихы қашаннан басталды?
3. Windows 2.0 версиясы қашан пайда болды?
4. Windows 3.0 версиясы қашан пайда болды?
5. Windows NT версиясы қашан пайда болды және ол қандай мақсатқа арналды?
6. Windows 95 жүйесі туралы не айта аласың?
7. Windows Ме қандай артықшылықтары болды?
8. Windows ХР қай жылы жазылды?
9. Windows ХР-дің қандай варианттары бар?
10. Файл дегеніміз не?
11. Файлдық жүйе дегеніміз не?
12. Файлдың атауы неше бөліктен тұрады?
13. Файлдың кеңейтілуі нені білдіреді?
14. Диск атауын қалай белгілейді?
15. Windows папкасы қай дискіде орналасады?
16. Информация сақтаудың иерархиялық құрылымы қандай болады?
17. Файлдың толық атауы нені білдіреді?
18. Жұмыс столы дегеніміз не?
19. Есептер тақтасы дегеніміз не?
20. Маустың қандай түрлері болады?
21. Пернетақтаның пернелері қандай топтарға бөлінеді?
22. Негізгі меню дегеніміз не?
23. Терезе деп нені айтады?
24. Терезенің қандай элементтері бар?

Жаңа сабақ Программалармен жұмыс.

Компьютердегі негізгі жұмыс – ол әртүрлі программлармен жұмыс жасау болып табылады. Windows-пен жұмыс кезінде кейбір сұрақтарға жауапты анықтама жүйесінен табуға болады.

Қазір біз Windows-та программалармен қалай жұмыс жасайтынын қарастырамыз.

Windows-та текстпен жұмыс жасайтын бірнеше прораммлар бар. Олардың ішіндегі ең қарапайымы Блокнот программасы. Бұл Windows операциялық жүйесінің құрамына кіретін стандартты программасы. Пуск-Программы-Стандартные-Блокнот командасы Блокнотты іске қосады. Блокнот терезесінің ортаңғы ең үлкен аймағын оның текст енгізетін жұмыс аймағы алып жатыр.

Блокнот не үшін қолданылады:

1. Текстік құжаттармен жұмыс жасауды үйренуді бастағандар үшін Блокнот үйретуші ролін атқарады. Негізінде текстпен толық жұмыс жасау үшін Microsoft Word сияқты қуатты программалар қолданылады. Бірақ жаңадан үйренушілер үшін қарапайым тексттік редакторынан бастаған дұрыс. Себебі, мұнда қателсесетіндей артық батырмалар мен командалар жоқ.

2. Кез келген сала адамдары Блокнотты аздаған текстер мен ескертпелер жазып қоюға қолданады. Мысалы, программа құрушылар мұндай текстік құжаттарға қолданушыларға арналған әртүрлі түсініктемелер мен нұсқауларды жазады.

3. Жоғары білікті мамандар немесе жүйелік администраторлар Блокнотты әртүрлі командалық және конфигурациялық файлдарды қарау және өңдеу үшін қолданады. Бұлар BAT, CMD, INI типті кеңейтілуі бар файлдар болуы мүмкін. Бұл файлдармен қуатты редакторлерде жұмыс жасау ыңғайсыз.

4. Блокнот көмегімен HTML тілін қолданып, Web-құжаттарды құрып өңдеуге болады. , Web-құжаттармен жұмысты жеңілдететін арнайы программалар бар болғанымен де, бастапқы кезеңде HTML тілін үйрену үшін Блокнот қолайлы. Сонымен бірге көптеген прораммалау тілдерінде жазылған прорамма текстерін Блокнот көмегімен қарап шығуға және редакторлеуге болады.

WordPad – бұл Блокнотқа қарағанда мүмкіндігі кеңейтілген , бірақ кейбір қуатты программаларға қарағанда қарапайым текстік редактор.

WordPad-тың негізгі мүмкіндіктері:
1) әртүрлі шрифтілерді қолдана алу мүмкіндігі;
2) жақтаулар мен абзац туралауын қолдана алу мүмкіндігі;
3) Басқа программаларда құрылған обьектіні, мысалы, суреттерді қоя алу мүмкіндігі;
4) Көптеген текстік форматтарды тани алу мүмкіндігі;

Бірақ текстпен қазіргі таңдағы деңгейде жұмыстануға WordPad жарамайды. Оның мынадай кемшіліктері бар:
1) Кесте құру мен редакторлеуде;
2) Тізім, жақтау, түс қолдану, колонкалар немесе басқа обьектілермен жұмыста;
3) Графикалық обьектілер құрып оны текстпен біріктіруде;
4) Орфография мен грамматиканы тексеруде;
5) Жұмысты жеңілдету мен автоматтандыруға арналған функцияларының жоқтығы:

Paint графикалық редакторы.

Үйренушілер сурет салуда Paint графикалық редакторында үйренуден бастайды. Қарапайымдылығына қарамастан Paint кейбір көптеген күрделі жұмыстарды атқара алады.

Windows XP – де Paint программасы басқа версияларға қарағанда қосымша мүмкіндіктермен толықтырылған. Соның ішінде, ол көптеген BMP, JPEG, TIF, GIF, PNG графикалық форматтарымен жұмыс жасай алады. Келесі артықшылығы бейнелерді сканерден немесе цифрлық фотоаппараттан алу мүмкіндігі.

Paint жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын, растрлық бейнелер редакторы. Растрлық суреттерден құрылған фигурада суреттің бөлігін жекелей бөліп алып редакторлеуге болмайды. Растрлықтан басқа векторлық бейнелер де бар. Мұнда әрбір фигурамен жеке жұмыстануға болады.

Экранның көшірмесін алу.

Экран бетіндегі бейнелердің кескіні алу үшін PrintScreen пернесі қолданылады. Ойын экранының бейнесін, мультимедиалық программалар мен фильмдердің бейнелерін де осы тәсілмен алуға болады. PrintScreen пернесі экранның бейнесін алмастыру буферіне алады. Ал Alt+ PrintScreen пернелер комбинациясы экрандағы активті терезенің бейнесін алмастыру буферіне алады. Содан кейін алмастыру буферіндегі бейнені графиктік редакторлерге немесе мәтіндік редакторлерге орналастыруға болады.

Windows Media ойнатқышы.

Windows Media ойнатқышы көп функциялы программа, ол компьютерде ойын-сауық орталығы бола алады. Ол көптеген аудио және видео форматтарды ойната алады, компакт дискілермен және басқа құрылғылармен жұмыс жасай алады және Интернеттің ресурстарын қолдана алады.

Программа басқаруға оңай және қазіргі кездегі бапталатын интерфейсті болып табылады. Microsoft компаниясы бұл программаны жеілдіруге көп көңіл бөліп, әрдайым жаңа версияларын шығарып келеді. Windows ХР-дің құрамына 2003 жылғы шыққан Windows Media 9 версиясы кіреді. Ал Windows Media 10 версиясы 2004 жылы шығарылып, ал 2005 жылы Windows Media 11 версиясы шықты.

Сонымен бұл программа операциялық жүйенің құрамында болады, немесе оның жаңа версияларын жекелей де орнатуға болады.

Windows Media ойнатқышымен жұмыс кезінде кездескен проблемаларды шешу.

Ойнатқыштың сыртқы түрі бапталған соң кейбір қолданушылар басқару элементтерінің кейбіреулерін табуда қиындыққа кездеседі. Мұндай жағдайларда мынадай кеңесттерді ұсынамыз:

1) Егер ойнатқыш обложка режимінде тұрса, толық режимге ауысу үшін Ctrl+1 пернелерін басады.

2) Видеоны толық экрандық режимде ойнату кезінен кәдімгі режимге ауысу үшін Alt+Enter пернелерін басады.

3) Кәдімгі режимде жасырулы тұрып, ойнатқыштың есептер тақтасы көрінбеуі мүмкін. Есептер тақтасын көрсету үшін Вид-Параметры полного режима-Скрыть панель задач командасын орындап, команда жанындағы белгіні алып тастау керек.

4) Ойнатқыш негізінен меню қатарынсыз көрінеді. Оны көру үшін маус көрсеткішін меню қатары орналасатын жерге апару керек.

Видео ойнату кезінде бейне көрінбеген жағдайда:

Видеофильмдер көбінесе DivX немесе MPEG4 сияқты әртүрлі сығу технологиясын қолданып жазылады. Мұндай жазбаларды ойнату үшін арнайы драйвер – кодек керек. Кодек сығылған видеофайлдарды ашуды жүзеге асырады. Өкінішке орай Windows ХР-де танымал видеожазба форматтары үшін кодектер жоқ. Сондықтан оларды қосымша орнату керек.

Программаларды тез шақыру.

Программаны тез шақыруды қолдануды Калькулятор программасы негізінде қарастырамыз. Калькулятор программасын тез шақыруды қою үшін:

1. Пуск-Программы-Стандартыне командасын орындап, Калкулятор белгісінің үстінде маустың оң жағын шертіп, Свойства командасын таңдайды.
2. Ашылған терезеде Ярлык астарлы бетіне өтіп, Быстрый вызов текстік өрісінде шертеді.
3. ПРограмма қосуға қолданылаттын әріпті немесе цифрлық пернені көрсетіңіз. Windows оған Ctrl және Alt пернелерін қосып, нәтижені көрсетеді.
4. ОК батырмасын шертіп, терезені жабыңыз. Енді программаны Ctrl+Alt+Сіздің перне пернелер комбинациясы арқылы іске қосуға болады.

Бекіту сұрақтары:
1. Блокнот программасы не үшін қолданылады?
2. Блокноттан басқа қандай текстік редакторлер бар?
3. WordPad программасының Блокнотқа қарағанда қандай артықшылықтары бар?
4. WordPad программасының басқа қуатты мәтіндік редакторларға қарағанда қандай кемшіліктері бар?
5. Paint программасы не үшін қолданылады?
6. Paint программасы қандай бейнелермен жұммыс жасайды?
7. Экранның, экрандағы активті терезенің көшірмесін қалай алуға болады?
8. Windows Media ойнатқышының атқаратын қызметі?
9. Кодек дегеніміз не?
10. Программаларды тез шақыруды қалай орнатуға болады?

Үйге тапсырма лекцияны оқып келу, жазылған нәрселерді компьютерде жасап жаттығу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар

Информатикадан 10 сыныпқа арналған сабақтар жинағын (барлығы 10-сабақ)  Сабақтар 2010 бетінен көшіріп алыңыз.

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.