XXI ғасыр көшбасшысы. “Егемен елге-білімді ұрпақ”. (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)

Газизова Лаура Серікқызы Атырау об. Индер ауд. Есбол с. Кулагино орт. мект. физика пәні мұғалімі, «Атамекен» ордасының тәлімгері

Мақсаты: Егемен еліміздің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде насихаттау. Мектебіміздің білімді де жан-жақты оқушысын анықтау.

Сыныптан тыс шараның  өте шеберлдікпен жасалған презентациясын көшіріп алыңыз. XXI ғасыр көшбасшысы. “Егемен елге-білімді ұрпақ”. (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)

Жүру барысы:
І тур. Өзін-өзі таныстыру
ІІ тур. «Бәрін білгім келеді»

1.Жалпы сұрақтар
2. Көкпар
3. Бәйге

ІІІ. “Мен елімнің болашағымын”

1.Жалпы сұрақтар
1 сұрақ. Шешендік өнері туралы ғылым қалай аталады?
А) этимология В) риторика С) геральдика

2 сұрақ. Қызылорда облысынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы
А) Б. Саттарханов В) Б. Жұмаділов С) Ж. Үшкемпіров

3 сұрақ. Грек тілінен аударғанда “халық билігі” деген мағына беретін сөз
А) плутократия В) автократия С) демократия

4 сұрақ. Қазақтан шыққан тұңғыш грек-рим (француз) күресінің шебері, әлем чемпионы
А) Балуан Шолақ     В) Қажымұқан  С) Д. Тұрлықанов

5 сұрақ. Қазақ елінің дарынды күйшісі, “Кісенашқан”, “Көбікшашқан”, “Кішкентай” күйлерінің авторы
А) Дәулеткерей В) Ықылас С) Құрманғазы

6 сұрақ. “Мыңжылдық Адамы” атағы берілген ұлы қолбасшы, жиһангер, империя әміршісін атаңыздар
А) Әмір Темір В) Бату хан С) Шыңғыс хан

7 сұрақ. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?
А) 25 қараша В) 28 қазан С) 22 қыркүйек

8 сұрақ. “Бақытсыз Жамал” романының авторы кім?
А) М.Дулатов В) І.Жансүгіров С) Ж.Аймауытов

9 сұрақ. “Хижра” сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) Жыл санау В) Уақыт өлшеу С) Қоныс аудару

10 сұрақ. Металл ақшалардың айналымын, тарихын зерттейтін ғылым саласы
А) бонистика В) нумизматика С) пегуния

11 сұрақ. 2010-шы жылы жүз жылдығы тойланған қазақ батырын, жазушысын атаңыздар.
А) Т. Бигельдинов В) Б. Момышұлы С) Т. Тоқтаров

12 сұрақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы
А) М. Мәметова В) Ә. Молдағұлова С) Х. Доспанова

13 сұрақ. Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері
А) А. Байтұрсынов В) М. Дулатов С) Ә. Бөкейханов

14 сұрақ. “Адамдық борышың” өлеңінің авторын ата?
А) А.Құнанбаев В) С.Мәуленов С) Ш.Құдайбердиев

15 сұрақ. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қашан қабылданды?
А) 16 желтоқсан 1991 жыл В) 27 шілде 2007 жыл С) 20желтоқсан 1986 жыл

II тур “Көкпар”
Қазақстан тарихы

1. Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450 адамы бар керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қай оқиғаға апарып соқтырды? (“Отырар опаты”)

2. Геральдика ғылымы нені зерттейді? елтаңбаларды

3. Суретте бейнеленген жәдігер қай жерде орналасқан? (Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде )

4. “Дарабоз” атанған батыр? Қабанбай

5. Қазақ елінің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев қашан дүниеге келді?

(1940 жылы шілде айының 6-шы жұлдызында)

Математика

1. Жасы жүзге келген бір қария болыпты. Ол өзінің туған күнін өмірінде тек 25 рет қана тойлаған екен. Бұл мүмкін бе? ( иә, егер ол 29-шы ақпанда дүниеге келсе )

2. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым қалай аталады? аксиома

3. “Ақын жанды болмасаңыз, математик те бола алмайсыз” деп айтқан орыстың әйел математигі (С. Ковалевская )

4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынтығы қалай аталады  (шеңбер)

5. Ешқандай амал қолданбай 666 санын жарты есе арттырғанда қандай сан шығады 999

Биология

1. Биология сөзіне анықтама беріңіз? (“Биос” – тіршілік, “логос” – ғылым )

2. Тұңғыш рет ана тілімізде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазған ғалым. Ол кісінің “Жануарлар” кітабы 1922 жылы Ташкентте басылып шықты? (Халел Досмұхаммедов )

3. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма )

4. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған ағылшын ғалымы кім? (Роберт Гук )

5. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді? (Кіндік тамыр және шашақ тамыр )

Қазақ тілі

1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Ашық және қысаң )

2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады? (Диалект сөздер )

3. Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады? (Омоним сөздер)

4. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (СИНТАКСИС )

5. “Қазақ” газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

География

1. Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады? ( Хан Тәңірі )

2. Австралия аборигендерінің имек ағаш түріндегі қаруы қалай аталады? (бумеранг )

3. Қашқарияға экспедициялық сапармен барған қазақтың тұңғыш географы? (Ш. Уәлиханов)

4. Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады? (Гренландия)

5. “Тұманды Альбион ” атауы қай елге қатысты айтылады? (Ұлыбритания )

Қазақ әдебиеті

1. “Ер Төстік” ертегісіндегі бас кейіпкердің тұлпарының аты қандай? (Шалқұйрық )

2. “Көшпенділер” тарихи трилогиясының авторы (І. Есенберлин )

3. Қазақ халқының ұлы жыршысы, ақыны. Қазіргі Тараз қаласы кеңестік дәуірде осы кісінің есімімен аталған? ( Жамбыл Жабаев)

4. “Мен қазақпын” поэмасының авторы кім? (Ж. Молдағалиев )

5. Көп жылдар бойы “Балдырған” журналын басқарған жерлесіміз, балалар ақын (М. Әлімбаев )

ІІІ тур “Бәйге”

Ғылым 10 20 30 40

Тұлға 10 20 30 40

Спорт 10 20 30 40

“Ғылым”

10. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )

20. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы. (экология)

30. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )

40. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )

“Тұлға”

10. Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. (Томирис )

20. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР-ның Халық Қаһарманы

(Т. О. Әубәкіров )

30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, жерлес ғалым. (Қ. И. Сәтбаев )

40. Әйгілі шығыстанушы ғалым, Ш. Уәлихановтың досы. (Г. Н. Потанин)

“Спорт”

10. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион)

20. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )

30. 2011 жылы Алматы-Астана қалаларында қандай спорт ойындары өтті? (қысқы Азия ойындары)

40. 2000-шы жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы. ( Б. Саттарханов )

ІV тур “Мен елімнің болашағымын” (өз ойын қорытып айту)

Тәрбие сағатынң өте шеберлдікпен жасалған презентациясын көшіріп алыңыз. XXI ғасыр көшбасшысы. “Егемен елге-білімді ұрпақ”. (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.