Физика. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен тәжірибелік дәлелдемелері

Жұмабаева Марина. Қызылорда облысы, №10 Кәсіптік лицей.

Автордың басқа да жұмыстары:
1. Физика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
2. Жарық дисперсиясы.
3. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары   мен тәжірибелік дәлелдемелері.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақ мақсаты: Макроскориялық денелердің қасиеттерін және оларда болып жататын жылулық процестерді түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қызығушылық және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен еңбектене алатындай ерік –жігер ,өзіне сенімділікті қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тесттік, ассосация, түсіндірмелі-иллюстративтік.
Көрнекілік: Үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, стакан, марганцовка, қант, шприц, ағаш.
Пәнаралық байланыс: Математика, химия, информатика.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (Кезекші рапорт береді, жоқ оқушыларды белгілеу)
Психологиялық тренинг (1 мин )

2. Үй тапсырмасын тексеру. (10-12)
Өткен сабақта біз сұйықтар мен газдардың қозғалысы тарауын өткен болатынбыз.

Блиц- турнир

1. топқа сұрақ:
1. Заттың агрегаттық күйлерін ата? (қатты, сұйық, газ)
2. Сұйық пен газға ортақ қасиет қандай? (формасын сақтамайды)
3. Сұйықтар сығыла ма әлде газдар сығыла ма? (газда)
4. Бір қалыпты атмосфералық қысымның мәні? (105 ПА)
5. Заттың газ күйіне тән қандай қасиет? (Пішіні мен көлемін сақтамайды)
6. Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? (тамшы)
7. Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің (ауа)
8. Аспандағы алып топ, жарқырайды жарық боп (күн)
9. Идеал сұйық деп қандай сұйықты айтады? (Ішкі үйкеліс күштерін ескермейтін сұйықтық)

2 топқа сұрақ
1. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (барометр)
2. Ламинарлық ағыс деп қандай ағысты айтады? (Сұйық бөлшектерінің жылдамдықтарының барлық жерде түтік бойымен бағытталған және сұйықтың цилиндр түріндегі түтікпен қозғалысы)
3. Әр түрлі қималары бар көлденең құбырдан ағып жатқан сұйықтың жылдамдығы қай жерде жоғары болады? (диаметрі кіші қимада)
4. Судың химиялық формуласын айт (Н20)
5. Судың үш агрегаттық күйін айт. (Мұз, су, бу)
6. 1 тонна мақта ауыр ма, әлде 1 тонна темір ауыр ма? (Тең болады)
7. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (жарық)
8. Дүние жүзінде көп тараған сұйық (су)
9. Бернулли теңдеуін жазу (p+Pgh+pv2/2=const)

3 топқа сұрақ

1. Ағын түтігі дегеніміз не? (Ағын сызықтарымен шектелген сұйық бөлігі)
2. Ағын сызықтары дегеніміз не? (нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсетін сызықтарды атайды)
3. Заттың сұйық күйіне тән қасиет? (пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды)
4. Судың үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) аталуы қалай? (Су-Вода-Water)
5. Қатты затқа тән қасиет? (пішін мен көлемін сақтайды)
6.

2. Адасқан әріптер ойыны ( 1 мин)
1) ХДМИАРЕ Архимед
2) АПСКАЛЬ Паскаль
3) ЕЛИЛБРНУ Бернулли
4) ИТИЧЛЕЛРО Торичелли
5) ЬНТЮОН Ньютон

3. Тәжірибе көрсету. (5 мин)

1 топ.
Құралдары: Стакан, су, сызғыш.
Жұмысы: Стаканға су құйып, судың биіктігін өлше. (p= 1000 кг/м3, g=10 н/кг)
Есептеңдер: Гидростатикалық қысым P= pgh

2 топ.
Құралдары: Шприц, су, сызғыш
Жұмысы: Шприцқа су тартып, сұйықтың биіктігін өлше ( g=10 н/кг)
Есептеңдер: Сұйықтың жылдамдығын есепте. V2=2gh

3 топ
Құралдары: Су, сызғыш, ыдыс.
Жұмысы: Тесілген ыдысқа су құю.
Сұрақ: Не нәрсеге ұқсайды? Қандай заңдылық орындалады? Сол заңды тұжырымда.

( Мұғалім өзі тәжірибе көрсетеді. Құралдары: Стакан ,су)

Семантикалық карта толтыру. (Интерактивті тақтада жазылып тұрады. Жауабымен, жауапсыз) (1 мин)
Семантикалық картаны толтыру

Физикалық шама Гидростатика

лық қысым

Белгіленуі
Анықтама
Өрнектелетін теңдеу
Өлшем бірлігі

Дұрыс жауаптары

Физикалық шама Гидростатикалық қысым
Белгіленуі P
Анықтама Гидростатикалық қысым сұйықтың бағанасының биіктігіне және сұйықтың тығыздығына тәуелді.
Өрнектелетін теңдеу P= pgh

 

Өлшем бірлігі Па

3. Жаңа материалды түсіндіру (20 мин)

Сабақ тақырыбы: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен тәжірибелік дәлелдемелері
Бүгінгі сабақтың мақсаты:
Молекула-кинетикалық теория негіздерін ашқан ғалымдармен танысу макроскопиялық денелердің қасиеттерін және оларда болып жататын жылулық процестерді түсіну,

Жоспары:
1. Молекула кинетикалық теорияның негіздері
2. Молекула кинетикалық теорияның негізгі қағидалары
3. Молекула кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының тәжірибелік дәлелдемелері

Мағынаны тану:
І
—- жылу—-
І

1. Суды қыздырғанда неге буға айналады?
2. Жыл мезгілдерінің ауысуы неге байланысты?
3. Тұрақты магнит қыздырсақ неге магниттік қасиет жойылады?
4. Егер теппература аздап жоғарыласа біз нені сеземіз?

Молекула кинетикалық теорияның негіздеріне үлес қосқан ғалымдар:

Ашқан ғалым Уақыты Қай елдің ғалымы Еңбегі
Тит Лукреций Кар І ғасыр Рим Заттардың тегі жайлы
Демокрит V  ғасыр Грекия Атомистикалық ілім
Эпикур V  ғасыр Грекия Атомистикалық ілім
Гассенди XVIII  ғасыр Франция Атомистикалық ілім
Ломоносов XVIII  ғасыр Россия МКТ  жасады

Ломонсовты қолдағандар: Джоуль, Клаузиус, Максвелл , Болцман.

Жылулық құбылыс екіге бөлінеді: Термодинамикалық және молекула- кинетикалық.

Термодинамика дегеніміз- заттың ішкі құрылымын ескермей, энергетикалық түрлендірудің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі

Молекула-кинетикалық теория осы жылулық құбылыстарды- қозғалыстарды Ньютон заңдарына бағынатын молекулалар мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде қарастырады.

Зат құрылымының молекулалы-кинетикалық құрылымы теориясын (МКТ) көптеген бақылаулар мен тәжірибелердің жалпылама қорытындысы ретінде М.В.Ломоносов жасады. Оның негізгі қағидаларын атап өтейік:

1. Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады әрі дененің массасы өзін түзетін микробөлшектердің массаларының қорытындысына тең: m=m0N
2. Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады. Бұл қозғалыстың жылдамдығы дене температурасына тәуелді. Сондықтан жылулық қозғалыс деп атайды.
3. Денендегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу және тартылу күштері бар.

Молекула кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының тәжірибелік дәлелдемелері:

1. Заттардың бөлінгіштігі (физикалық, химиялық қасиеттері өзгеріссіз қалады). (ақ қағаз, қайшы)
2. Газдардың сығылғыштығы. Газ кез-келген көлемді алады. (дене молекулаларының арасында үлкен қашықтық бар (шприц, насос)
3. Газ өзі тұрған ыдыс қабырғасына қысым түсіреді. Бұл молекулалардың қозғалыста болғанын көрсетеді. (Баллон суреті)
4.Диффузия- бір заттың молекулаларының екінші заттың молекула аралық кеңістігне еніп кетуі. (иіс су, су, маргансофка, қант). Диффузия неге тәуелді? Ол дене температурасын және агрегаттық күйіне тәуелді.

Сыдырлап өңкей келісім,
тас бұлақтың суындай,
кірлеген жүрек өз ішін
Тұра алмас жуынбай- деп Абай атамыз жырлаған жырында КІРЛЕУ деген сөз диффузия құбылысымен байланыстыруға болады.

5. Молекулаларды электрондық микроскопта және иондық проекторда бақыланады.
Микроскоп суреті (интерактивті тақтадан)
7. Денелерді беріктігі микробөлшектердің өзара тартылатынын білдіреді. (ағаш апару керек)
8. Дененің серпімді диформация қасиеттері бар. (серіппе, резина)
9. Броундық қозғалыс- сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы. Ашқан ғалым ағылшын ботанигі Броун.
10. Молекула жылдамдықтарын анықтау. 1920 жылы О.Штерн тәжірибе жасады. Штерн тәжірибесінің формуласы
V2= 3RT/m
4. Жаңа материалды қорытып, бекіту. (15)
Сонымен біз МКТ-ның негізгі қағидаларын дәлелдейтін тәжірибелерді қарастырып, денелерде өтетін жылулық процестерді білдік. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» – деп білімімізді тексерейік.

Физикалық диктант (интерактивті тақтада жазылады.) (2 мин)

1. Табиғатта кездесетін кез-келген дене қатты, ……., газ түрінде болады.
2. Барлық денелер тұтас емес, олар өте ұсақ бөлшектерден- ……… тұрады
3. Бар заттың молекулалардың екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі ……. деп аталады.
4. Диффузияның өту жылдамдығы дененің ….. тәуелді
5. Броундық қозғалыс дегеніміз – ….. қозғалыс, ол температураға тәуелді болғандықтан тоқтамайды.

Физикалық диктант (интерактивті тақтада жазылады.)

1. Табиғатта кездесетін кез-келген дене қатты, сұйық, газ түрінде болады.
2.Барлық денелер тұтас емес, олар өте ұсақ бөлшектерден- молекулалардан тұрады
3.Бар заттың молекулалардың екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі диффузия деп аталады.
4.Диффузияның өту жылдамдығы дененің температураға тәуелді
5.Броундық қозғалыс дегеніміз – жылулық қозғалыс, ол температураға тәуелді болғандықтан тоқтамайды.

Сергіту сәті (1 мин)

Қызыл-белсенділік пен өмірлік күш-қуаттың түсі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар алдынан кездескен қандай кедергіден де қорықпайды.

Сары-жылу мен жарықтың түсі. Сары түс белсенді, өте көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынған адамдар.

Жасыл – тыныштық пен тұрақтылықтың түсі. Жұмысқа беріле кірісіп, барлық күш жігерін жұмсайды. Айналасындағыларға құрметпен қарайды.

Көк түсті ұнататындар –адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайды. Олар зұлымдықты, сатқындықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.

Ақ – шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл және қызба келеді, тез еліктегіш, өзінің ықпалына жеңіл беріледі.

Қара түс – ұстамдылықтың белгісі. Бұл түсті ұнататын адамдар сыр мінез келеді, сезімін сыртқа шығара бермейді. Олар көзге түскенді, көпшіліктің қалың назарында болғанда ұнатпайды.

Таңдау тесті (10)
1. Диффузия қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің қайсысына тез жүреді?
А) барлық денелерде бірдей
В) қатты денелерде
С) газдарда
Д) сұйық денелерде

2. Диффузия деген не?
А) Бір заттың бөлшектерінің екінші заттың молекулааралық кеңістігне ену құбылысы
В) заттардың бір-бірімен араласу кезіндегі құбылыс
С) заттар бір-бірімен өздері араласатын құбылыс
Д) бөлшектер бір-бірімен араласпайтын құбылыс

3. Диффузия қай заттарда ( қатты, сұйық және газ тәрізді) жүреді?
А) диффузия тек газдарда жүреді
В) диффузия тек сұйықтарда жүреді
С) диффузия қатты, сұйық және газ тәрізді денелерде жүреді
Д) диффузия тек сұйықтар мен газдарда жүреді

4 . Заттардағы молекула арасында…
А) өзара тартылу мен тебілу болады
В) тартылу да , тебілу де болмайды
С) тек тартылу болады
Д) тек тебілу болады

5. Төменде келтірілген қасиеттердің қайсысы сұйыққа тән?
А) белгілі көлемі бар
В) ыдыс пішінін қабылдайды
С) аз сығылады
Д) оңай, тез сығылады

6. Оттегі қандай күйде болуы керек екенін көрсеіңдер: қатты , сұйық немесе газ тәрізді?
А) тек қана қатты күйде
В) тек қана газ күйде
С) тек қана сұйық күйде
Д) барлық үш күйде болады

7. Келтірілген қасиеттердің қайсысы газға тән?
А) берілген көлемнің барлығын алады
В) Әрең сығылады
С) меншікті пішіні жоқ
Д) оңай сығылады

8. Егер газды сыйымдылығы 10 л баллоннан сыйымдылығы 20 л баллонға ауыстырып құйса, газдың көлемі өзгереді ме?
А) 2 есе артады
В)2 есе кемиді
С) өзгермейді

9. Көлемін сақтап, пішінін оңай өзгертетін дененің күйі?
А) қатты
В)қатты және сұйық
С) газ тәрізді
Д) сұйық

10. Мұз еріген кезде жылу
А) жұтылады
В) бөлінеді
С) бөлінуі де , жұтуы да мүмкін
Д) бөлінбейді

11. Спирт буланған кезде жылу
А) жұтылады
В)бөлінеді
С) бөлінуі де , жұтуы да мүмкін
Д) бөлінбейді

Оқушыларды бағалау (1 мин)
Бағалау парақтары бойынша оқушыларды бағалау. (кезекі жинастырады.)
Үй тапсырмасы (1 мин)
Б.Кронгорт, В.Кем, Физика 10 сынып 4 тарау § 4,1 83-86 бет
А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы» №450,451,452,453,454 есептер шығару. 71-бет
Реферат. «Броундық қозғалыс»

 

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.