И-10. Графикалық файлдарды ендіру (ашық сабақ).

makpalmygym1Мақпал Мығымбаева информатика мұғалімдері. Кызылорда облысы Сырдария ауданындагы №10 касіптік лицейде мамандық бойынша сабақ береді

Сабақтың тақырыбы: Графикалық файлдарды ендіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың білімдерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. PowerPoint бағдарламасын қолдана білу . Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік:
Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа үйрету.Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық:
Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ жауап, ой қозғау, жұппен жұмыс.
Көрнекіліктер: электрондық оқулықтардағы тесттер, слайдтар, кеспе қағаздар.
Техникалық құралдар: Компьютер және оның жабдықтары

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. 1 мин.
II. Үй тапсырмасын сұрау 8 мин.
III. Жаңа сабақты түсіндіру. 15 мин.
IV. Жаңа сабақты бекіту 18 мин.
V. Бағалау. 2 мин.
VI. Үй тапсырмасы. 1 мин.

І Ұйымдастыру кезеңі 1 мин.

 Оқушылармен сәлемдесу;
 Оқушыларды түгелдеп, журналға белгілеу;
 Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сабағымыздыз күнделікті сабақтан өзгеше өтпек. Бүгін біз саяхат жасаймыз, яғни сабағымыз «Саяхат сабақ» болмақ. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Графикалық файлдарды ендіру» деп аталады.

Біздің сабағымыз төрт бекеттен тұрады:

1. «Үй тапсырмасы » бекеті
2. «Жаңа сабақ» бекеті
3. «Тапсырмалар» бекеті
4. «Тестілеу» бекеті

«Үй тапсырмасы » бекеті 8

«Үй тапсырмасы » бекетінен өту үшің «Өз жартыңды тап» ойынын ойнаймыз. Ол үшін мен сіздерге кеспе қағаздар таратып беремін. Ол кеспе қағаздың бірінде сұрақтар жасырыла, екіншісінде жауаптары берілген. Бір оқушы сұрағын оқыса екінші оқушы сол сұраққа сәйкес жауабын оқу керек. Ал олай болса оқушылар түсінікті болса біз әрі қарай жалғастырайық.

Сұрақ: Презентация ұғымының ағылшынша мағынасы қалай деп аталады?
Жауап: ‘Present’ ұсыну деген мағына береді.
Сұрақ: Слайд дегеніміз не?
Жауап: Көзге көрінетін күрделі обьект.
Сұрақ: Power Point-ті іске қалай қосамыз?
Жауап: Пуск – Программы – Microsoft Office- Microsoft Power Point
Сұрақ: Microsoft Power Point терезе элементтерін ата
Жауап: Тақырып жолы, меню жолы, құрал саймандар панелі, жұмыс аймағы.
Сұрақ: Меню жолы элементтерін ата?
Жауап: Файл (Файл), Түзету (Правка), Көрініс (Вид), Кірістірме (Вставка),
Пішім (Формат), Сервис (Сервис), Слайдты көрсету (Показ слайдов), Терезе (Окно), Анықтама (Справка).
Сұрақ: Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?
Жауап: Файл Сохранить как командасын орындаймыз, сол кезде бізге Сохранение документа тезесі шығады құатты кай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оган атау береміз.
Сұрақ: Берілген суретте меню жолы қайсы?
Жауап:

Сабақтың толық нұсқасын презентациясымен көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

4 комментария

  1. Мақпал! Басқа сайтта жаряланған жұмыстарды жіберудің қажеті жоқ.

  2. Сабақ жоспары тамаша авторы әдемі

  3. Сабақ жоспары тамаша авторы әдемі

  4. Мақпал сәлем. Сабағың жаман емес жақсы екен. Осы беттен таңба.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.