И7-8. Таңғажайып «Интел» планетасына саяхат.

Сейтбаева Назгүл Әділбекқызы. №17 орта мектептің информатика пәні мұғалімі. Талдықорған қаласы

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:
1. Сабақты ойын сабақ ретінде өткізе отырып, оқушыларды тапқырлыққа баулу, логикалық ойлау қабілетін және есте ұстау қабілеттерін дамыту
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Интерактивтік тақта, компьютер, оқулық, слайд, карта, домино таспалары,
Сабақтың түрі: Ғылыми-фантастикалық сайыс сабақ
Сабақтың типі: Сұрақ –жауап.
Сабақтың жоспары:
1. «Сөзжұмбақ» планетасы
2. «Домино» планетасы
3. «Құпия қамал» шешу
4. «Сараптама» тестісі
5. Қорытынды

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Екі топтың өздерінің аттары болады. 1-ші топ «Windows XP», 2-ші топ «Windows Vista»

2100 жыл 21 желтоқсан біздің Жер планетамызға беймәлім Draiver галактикасының «Интел» планетасынан шифрленген SOS Хабарлама келіп түсті.

Хабарламаны Жер планетасының ғылыми зерттеу орталығының шифраторлары шешіп, Интел планетасына әр түрлі ғылым салаларынан 2 топ экипаж мүшелерін ғарыш кемелерімен ұшыруға дайын.

«SOS! SOS! Қымбатты басқа планеталар тіршілік иелері! Біздің «Интел» планетамыз жету жолы шифланып кодталғандықтан, басқа планета иелерімен байланысып-қатынасу мүмкіндігі жоқ. Кімде-кім осы кодталған құпияны шешетін болса, олар біздің ең құрметті атағымызға ие болады.» – деп жазылған екен.

Хабарламамен бірге Draiver галактика жүйесінің картасы берілген. Картада «Интел» планетасына ұшып бару үшін бірнеші Планета аралық кедергілерден өту керек.

Сонымен, жолдарың болсын, іске сәт! Целерон-1, Целерон-2 ғарыш кемелері ұшуға дайындаламыз, төрт, үш, екі, бір, ноль, бастау.

(Слайд1)

1. Целерон-1, Целерон-2 ғарыш кемелері «Draiver» галактикасының «Сөзжұмбақтар» планетасына ұшып келді. Бұл планета біздің экипаж мүшелеріне өз тапсырмаларын берді. Бұл тапсырманы дұрыс орындап, кодталған құпияны шешетін болсақ, бізге «Интел планетасына» ұшып жету маршрут картасын бір бөлігін береді. Қалған бөліктерін келесі планеталардан сынақтарын өтетін болсақ аламыз.

(Слайд 2)

2. Экипаж мүшелері ары қарай жолға шығып, машрут бойынша «Домино» планетасына ұшып келді. Бұл планетаның тіршілік иелері ары ұшып кету үшін келесі тапсырмалар жиынтығын қолымызға ұстатты. Қолдарыңа домина таспалары беріледі. Бірінші топтың экипаж мүшелеріне Стандартты саймандар, ал екінші топ экипаж мүшелеріне Форматтау саймандар тақтасының пиктограммаларын тауып, оларды жұптарымен тізіп шығу керек.

(Слайд3)

3. Біздің ғарыш кемелеріміз «Домино» планетасының тапсырмаларын ойдағыдай орындап, ары қарай ұшу маршрутының картасын қолдарына түсірген соң, келесі «Тас қамал» қара түнек кедергісіне ұшып кетті.

4. Міне «Draiver» галактикасының «Тас Қамал» қара түнегіне келіп қондық. Бұл жерде біздің жас ғалымдарымызды тағы бір сынақ тапсырмалары күтіп тұр. Берілген тапсырмада орындары ауыстырылып берілген сөздердің жұбын тауып, оны тақтада көрсету керек.

(Слайд4)

5. Бұл тапсырманы орындап шыққан экипаж мүшелері келесі ұшу жолының маршрутын алып ары қарай «Интел» планетасына ұшып кетеді.

6. Міне көп күттірген «Интел» планетасына ұшып келдік. Келген экипаж мүшелерін планетаның тіршілік иелері бірінші сараптамадан өткізіп барып, бірақ қабылдайды. Бұл сараптамада тест тапсырмаларын орындаймыз. Тапсырманы дұрыс және бірінші орындаған экипаж мүшелері «Көп күттірген» «Интел» планетасының ең қымбат құрмет грамотасына ие болады.

(Слайд5)

Қорытынды:

Міне, біздің жер планетасының жас ғалымдары өз жетістіктеріне жетіп, «Интел» планетасының тұғырықтан шығарды. Ойынға тыңғылықты дайындалып, ерекше қатысқан топты және оқушыларды мақтау қағазымен марапатталады.

Сабақтың көрнекіліктерін (сж+слайд) Сабақтар көшіру 2011 бетінен көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.