7- сынып, физика. Масса және күш тарауын қайталау.

Отеулинова Ф.З., Семей қаласы, 7-сынып. Физика. №32 – сабақ

Қорытынды сабақ
Сабақтың тақырыбы: Масса және күш тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өтілген тарау бойынша алған білімдерін тексеру және белсенділігін, қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру
Білімділік міндеті: Денелердің өзара әрекеттесу, тығыздық туралы, масса және күш тарауын қайталау, оқушы ойнда қалыптастыру.
Дамыту міндеті: Масса, көлем, тығыздық, күш, ұғымдарын еске түсіре отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Ынтымақтастыққа, бірлікке, жолдастық қарым-қатнасқа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың әдістері: Жаңа техналогиялық әдістерді пайдалану, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтамен жұмыс, мышканы пайдалану, карточкалар, документ камера, диномометрлер, білеуше, таразы, кірлер, әр түрлі денелер.
Сабақтың жоспары
1. Бәйге сайысы
2. Орнынды тап сайысы
3. Көкпар сайысы
4. Полиглот сайысы
5. Ғылыми жұмыс үстінде
6. Жорға

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру: сынып оқушылары III топқа бөлінеді («Әлді», «Күшті», «Мықты»)
Ойын ойнау арқылы білімдерін сарапқа салады.

I. «Бәйге» сайысы (оқушылар әр түрлі сұрақтарға жауап береді мышканы пайдалану арқылы, тест түрінде жүргізіледі, қай топ бұрын дұрыс жауап берсе сол женеді).

1. Көлем бірлігіндегі заттың массасына тең шама
2. Күшті өлшейтін құрал
3. Гук заңы
4. Күш қандай шама
5. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі
6. Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш
7. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым
8. денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеруі дәрежесін анықтайтын физикалық шама.
9. Күш немен сипатталады.
10. Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарынң өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама.

II. «Орныңды тап» ойыныңда жеке карточкаларға жазылған физикалық шамаларды тауып, формула құрастырылады (2 минут уақыт беріледі).
III. «Көкпар» 3 топқа бір ғана есеп беріледі. Қай топ бірінші болса, жеңіс солардыкі болады.
Есеп. Бензинмен толтырылған ыдыстың массасы 2 кг, бензинсіз ыдыстың массасы 600 г. Ыдыстың сыйымдылығын анықтаңдар.

IV. «Полиглот» жұмбақ айтылады және оның жауабы үш тілде айтылуы керек.

Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді.

Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.

Аса қажет өмірге, халық үшін
Пайдаланат күн сайын жарық үшін

От ойнатқан бұлтты аспан жүзінен,
Разряд-әр текті, зарядтардан түзілген.
Күркіреген көкте тынбай гүрілдеп,
Ашылады күн шыққан соң күлімдеп.

Суға салсаң батпайды
Отқа салсаң жанбайды.

V. «Ғылыми – жұмыс үстінде» әр топтан бір оқушы шығып тәжірибелерді демонстрациялайды. Мысалы «Әлді» тобы күштерді қосуға, «Күшті» тобы диномометрмен күшті өлшеуге, «Мықты» тобы таразыны пайдаланып берілген дененің массасын анықтап көрсетеді.
VI. «Жорға» бұл ойынға әр топтың жетекшісі ғана қатысады. (әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Сұрақ-жауап әдісі түрінде жүргізіледі).

Төмендегідей сұрақтар беріледі.
1. Үйкеліс күшінің түрлері
2. Үйкелісті азайтудың мүмкін жолдарының бірі
3. Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші
4. Массасы 1 кг дененің салмағы
5. Үйкеліс күшін сипаттайтын шама
6. Тұрақты g шамасының мәні
7. Массаны өлшейтін құрал? ….т.с.с. сұрақтар беріледі.

V. Сабақты қорыту: Жоғарыда қойылған сұрақтарға қайта оралып, жауаптарын тексереміз. Тест жұмымсын әр оқушы көршісімен ауыстырып бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма:
1) Тақырыпты оқу, 20-жаттығу, 14-тапсырма, өзін-өзі бағалау сұрақтарына жауап беру;
2) әр бала өз салмағын біле отырып, аяқ киімінің табанының ауданын өлшеп, жерге түсіретін қысымдарын есептеп келуі керек.

VIІ. Бағалау: Үй тапсырманы, қойылған сұрақтар, шығарвлған есептер, тест жұмысы, оқушылардың өзін-өзі бағалауларына қарап, оқушыға тиісті баға қойылады.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

4 комментария

  1. Еркеназ

    ұзындығы 1,2 м, ені 8 см, қалыңдығы 5см, болатын ағаш білеушенің массасын анықта.Ра=800кг/м куб

  2. Еркеназ

    ұзындығы 1,2 м, ені 8 см, қалыңдығы 5см, болатын ағаш білеушенің массасын анықта.Ра=800кг/м куб

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.