MS WORD-қа мәтін енгізу

kuralai02-150x150Әбдірашева Құралай Саматқызы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы

Осы сабақтың толық нұсқасын көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мәтінді енгізудің негізгі ережелерімен, мәтіндік,фрагменттерімен ерекшелеу әдістерімен таныстыру Еміле ережесі командасы және оның жұмысымен таныстыру. MS WORD мәтіндік редакторына мәтін енгізуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,ой-өрісін дамыту

Тірбиелік: Оқушылардың уақытты тиімді пайдалануға, өзін-өзі бағалауға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Демнострациялық көрсетілім көмегімен баяндау.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі.

Сабақтың көрнектілігі: Компьютер, электрондық оқулық оқулық, слайдтар.Өзіндік жұмыс.

I. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасып оқу құралдарын қадағалап назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III.Өткен материалдарды қорытындылау.

1. MS WORD программасын қалай іске қосамыз?

2. Жаңа WORD құжаты қалай құрылады?

3. MS WORD құжатын қалай сақтауға болады?

IV. Жаңа сабақ

Құжатқа енгізу немесе суретті, кестелерді және т,б обьектілерді қою үшін оларды орналастыратын жолға курсорды әкелу қажет. Енгізу курсоры жыпылықтаған вертикаль сызық түрінде болады. Терезе енгізу курсорынан басқа I латын әрпін еске түсіретін тышқан сілтемесі көрінеді. Оның тұрған орны тышқан қозғалған сайын өзгеріп отырады.

MS WORD-та жаңа жолды бастау немесе бос жолды енгізу үшін қажет болған жағдай Enter пернесін қолданылады. Қатені жөндеу үшін келесі батырмаларды пайдалануға болады.

Backspace-курсордың сол жағындағы символды жояды.

Delete-Курсордың оң жағындағы символды жояды.

Енгізу курсорын клавиатураның көмегімен жылжыту.

Клавиатураның немесе тышқан манипуляторының көмегімен фрагментін ерекшелеудің әр-түрлі әдістері бар.Фрагменттерді ерекшелеу.

Фрагменттің ерекшелеуін жою үшін терезенің жұмыс аймағының кез-келген жерін тышқанмен шертіңіз.

Мәтінмен орындалатын амалдарды өзгерту құралдары.Егер сіз құжатпен жұмыс істеу барысында қате жіберсеңіз немесе соңғы амалды өзгерткіңіз келсе,онда Түзету(Правка)

Менюінен болдырмау(Отменить) командасын таңдаңыз немесе батырмасын басыңыз. Стандартты құрал саймандар тақтасында орналасқан

Еміле ережесін тексеру.

MS WORD орфографиялық қатені тексеретін қуатты құралдаға ие.

Мәтіндерге тексеру жүргізу үшін;

Мәтіннің басына көшу қажет.

Сервис-Еміле ережесі(Правописание) командалары таңдалады,сол кезде экранға диалогтік терезе шығады.

Диалогтік терезесінде дұрыс емес сөздер шыққан кезде,сіздерге ұсынылған варианттардың бірін таңдау қажет немесе өз сөзіңді енгізіп Алмастыру (Заменит) батырмасын басыңыз. Сөз алмастыруды қажет етпеуі мүмкін( қысқартылған,арнайы символдар немесе MS WORD-қа таныс емес сөз), онда Өткізіп жіберу(Пропустить)батырмасын басыңыз. Түсіндіру.

Оқушыларға практика жүзінде көрсету.

2. Үнтаспа тыңдату мағынасын ашу.Өз ойларын білдірту.

Каждый жвуший на земле прекрасен сам по себе своей крсотой

Оқушылар қатесін тексеру.

V Электрондық оқулықпен жұмыс

7-8 тапсырма орындалады.

VI Қорытындылау

Шығармашылық жұмыстарын тексеру. (салуға берілген суретті)

Техникалық диакнат.

VII. Үйге тапсырма беру.

Тақырыпты жақсылап оқып келу.

VII. Бағалау

Сабаққа жақсы қатынасып отырған оқушыларды бағалаймын.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

4 комментария

  1. Маған осы сабақтың мултимедиялық-дидактикалық толық нұсқасы керек еді сілтеме бойынша көшіріп алайын десем, өшірілген деп тұр бұл маған өте қажет еді, егер мүмкіндік болса авторының логинын поштама жазып жіберсеңіз, әйтеуір осы сабақтын толық нұсқасын алуға көмектесіңізші, биыл ғана жұмысқа тұрған едім, енді осы тақырыпқа ашық сабақ өткізу керек болып тұр. көмек күтемін сіздерден.

  2. Маған керек еді өтініш тауып беріңізші, сізден асыға жауап күтіп жүрмін, осы бейсенбі ашық сабақ өткізу керек еді тура осы тақырыпқа.

  3. Loginindi jazup jiber Ergali

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.