Сызықтық алгоритм. 4-сынып сабақ жоспары

Диляра Нугманова. Маңқыстау облысы, Актау қаласы.

Сынып: 4 «А» Бекітемін:

1-топ 2-топ

Оқу-ісі жөніндегі орынбасар_____________

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм

Сабақтың мақсаты

Білімділік: оқушыларға алгоритм және оның түрлері: сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдер ұғымымен таныстыру. Сызықтық алгоритмдер тізбегін құруды үйрету.
Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, ақпаратты өз бетінше ұғындыру және меңгерте алу, жеке жұмыс жасау дағдысын дамыту
Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу, жұмыс жасау барысында ынталандыру, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пәнаралас сабақ.
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық

Сабақтың жүрісі

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Қызығушылықты ояту
  3. Мағынаны ашу
  4. Сергіту сәті
  5. Ой толғаныс
  6. Бағалау

Геометриялық фигураларды пайдалану арқылы сыныпты үш топқа бөлу (шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш).

Арайланып таң атты,
Алтын  сәуле  таратты.
Жарқырайды  күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы  күн  балалар!
Қайырлы күн  қонақтар!

Қызығушылықты ояту

Кластер әдісі

Мағынаны ашу

Сызықтық алгоритм – командалары бірінен соңы бірі тізбектеле орындалатын алгоритмді айтамыз.

Тармақталу алгоритмі – әрекеттердің атқарылу реті белгілі бір шарттарға байланысты түрде орындалатын алгоритмді айтамыз.

Циклдік алгоритм – командалары бірнеше рет қайталанатын алгоритмді айтамыз.

Оқулықпен жұмыс:

1-топқа (шеңбер)
1. Анаңа жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.

2-топ (үшбұрыш)
2. Ботаның су ішу алгоритмін көрсет, орындау реттілігін жаз.

3-топ (төртбұрыш)
3. Компьютер бөліктерінің атауын алфавит бойынша орналастыр.

Ұжым мүшелерін ауыстыру (1-еуі үйде, қалғаны қонақта)

Логикалық есеп

  1. 4 4 4 4=20. тыныс белгілерін қою керек. Алгоритм құрастырың
  2. Сенде 5 литрлік және 3 литірлік ыдыс бар. Егер басқа ыдысың болмаса, су ағатын шүмектен 4 литр суды қалай дәл өлшеп аласың? Алгоритм құрастырың
  3. «Қасқыр, ешкі және орамжапырақ». Өзеннің екінші жағасына қасқырды, ешкіні және орамжапырақты өткізуі керек. Бірақ қайықшы тек біреуін ғана: не қасқырды, не ешкіні, не орамжапырақты отырғыза алады. Ешкіні орамжапырақпен қалдыруға болмайды, себебі ешкі оны жеп қояды. Ешкіні қасқырмен де қалдыруға да болмайды. Қасқыр ешкіні жеп қояды. Сонда бұл есепті қалай шешу керек? Алгоритм құрастырың.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатт-қатты соғайық.
Орнымыздан тұрайық
1,2 деп бастайық, топ-топ басайық
Сәл дем алып болған соң
Орнымызға барайық.

Ой толғаныс

Топ мүшелері орындарына оралады.

Дәптерлеріне ББҮ сызбасын жазады
Алгоритм туралы не білесің?
Не білгің келеді?

Білемін Білгім келеді Үйрендім

Үйге тапсырма: оқулықтың №4, 5 тапсырмалары

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.