Оқушыға сапалы білім берудегі компьютерлік сауаттылық, білімділік, мәдениет

Айшуаков Мерлан Адилович. ІІ санатты информатика пәні мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы,  Приречный ЖОББМX Теректі ауданы

Компьютерлік сауаттылыққа ЭЕМ-де есептеу жүргізу,оқу, жазу, сурет салу, ақпаратты іздей білу т.б. жатады. Жоғары сауаттылық белгісі ретінде компьютерде өз бетінше жұмыс істей білу және оны тиімді қолдану болып табылады.
Қазіргі кезде сауаттылық мағынасын кеңейтетін «жүйеліксауаттылық» термині қолданылады. Бұны «компьютерлік білімділік» деп атаған орынды. Оның негізгі белгілері:
1) басқа мамандық иесі болған күнде де, компьютерлік кітаптарды, әдебиеттерді үзбей оқу;
2) соңғы жаңа бағдарламалар мен компьютерлік мүмкіндік туралы кең мағлұматқа ие болу;
3) жұмыс істеу үшін нақты бағдарламалық қамтамасыздандыру құралдарды таңдай білу:
4) бағдарламалық құралдардың сапасы жөнінде жеткілікті білім қорына негізделген жеке пікір айта білетіндей қабілетті болу керегі және т.б.
Мектеп осы аталған мәселелерді жүзеге асыруы тиіс.
Ақпараттық мәдениет.
Ақпараттық мәдениет қоғам дамуы мен жеке тұлғаның ойлау деңгейіне тығыз байланыста қарастырылады. Бұл ең алдымен компьютерді қолдану этикасы:
1. басқаның ақпаратын кездейсоқта, әдейілеп те өшірмеу керек деген сөз (осыдан барып вирус жасау, ұқыпсыздық шығады);
2. басқаның бағдарламалары мен берілгендерін рұқсатсыз пайдаланбау («ұрламау»);
3. басқаның жасаған бағдарламасын иемденбеу;
4. компьютерлік фокнатизмнен алыс болу;
5. өзің жетік білмеген бағдарламаны талқылама (өтірік айтпау);
6. компыотерде жұмыс істеуді үйрену;
7. компьютердің жадысындағы ескі файлдармен көшірмелерін уақтылы жою, жадыны босату;
8. эстетикалық мәдениет – компьютердің экрандық мүмкіндігін (түрлі-түстілігін жәнс т.б.) толық пайдалана отырып, график, кестет.с.с. жұмыстарды өте көрнекті түрде әсем етіп орындау;
9. ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында жақсы қасиеттерді меңгеру (қателерді болдырмау т.б.);
Демек, практикалық білім беру компьютерлік сауаттылықты қалыптастырады; жалпы білім беру мен ойлау қабілетін дамыту компьютерлік білімлілікке байланысты, ал тәрбиелеу мақсаты ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді.
Сондықтан да жоғарыда келтірілген компьютерлік оқытудың үш бағытын іске асыру мұғалімнің осыны басшылыққа ала отырып, қажырлы еңбек етуін қажет етеді.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Один комментарий

  1. Эльмира Тлеповна

    Жарайсын Мерлан!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.