Тәрбие сағатының тақырыбы: «ЖИТС – ғасыр дерті»

сынып жетекшісі Теңсел Үміткер, Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі

Тәрие сағатының көрнекліктерін көшіріп алыңыз

Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
Жүргізушілер: Маштаев Нұрсұлтан және Меңдалы Ақтоты.
Көмекшілер: Клара, Санат, Айнұр, Ардақ, Ұлжалғас, Ақжол

Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 8Б сыныбындағы «ЖИТС – ғасыр дерті» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ақтоты: ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

1-оқушы (Клара): Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.

2-оқушы (Санат): 1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

3-оқушы (Айнұр): 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.

Ақтоты: Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.

4-оқушы (Ардақ): Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.

5-оқушы (Ұлжалғас): ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.

6-оқушы (Ақжол): ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

Нұрсұлтан: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарайды.

Алтауы (бірге):

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

Ақтоты: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.

Нұрсұлтан: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.

Ақтоты:
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық! – деп жастарды салауатылыққа шақыратын «Болашақ» тобымен таныс болайық.

Топ басшысы: Ринат
Топ мүшелері: Балжан, Ералхан, Даяна, А.Еламан, М.Ақерке, Қуанышбек, Айгерім.

Тобымыздың аты – «Болашақ»,
Келгеніміз жоқ жай бірақ.
Денсаулығымызды қорғауға
Шықтық біз де топ құрап.
Кілең сайдың тасындай
Сегіз ұланнан тұрамыз.
Сөз сөйлейміз жасындай,
Осындай топ боламыз.

Нұрсұлтан:
Иманыңды, дидарыңды
Тазалап ал, қазағым,
Ұрпақтарың, ұл-қыздарың
Түзу бассын қадамын! – деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген «Денсаулық» тобын ортаға шақырайық,

Топ басшы: Ақерке
Топ мүшелері: М.Еламан, Дана, Бақыт, Алтын, Расул, Әлия, Данияр

Салем бердік қауымға,
Үлкен- кіші ауылға.
«Денсаулық» тобымызды
Таныстырдық баршаға.
Зиянды әдеттерден озбайтын,
Жамандыққа бармайтын,
Салауатты өмір салтын ұран ғып,
Баршағымызға келіп тұрмыз.

Ақтоты:
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын, – дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік. (Екі топ кезек-кезекпен айтады).

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )

Ақтоты: Денсаулық тобына
Шылымқор өзін ғана емес, (өзгелерді де улайды)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)

Нұрсұлтан: Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Ақтоты: Келесі кезеңіміз, Ситуациялық жағдайды талдау. Ойналуға 2 минут уақыт беріледі.
«Болашақ» тобына
1. Сізге қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Нұрсұлтан: «Денсаулық» тобына
2. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?

Ақтоты: Келесі кезеңімізде 2 топқа да бірдей тест беріледі. Екі топтың бүгінгі сабағымызды қаншалықты естерінде сақтағаны туралы білеміз.

Тест «Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?»
«Д» – дұрыс, «Қ» – қате

1 ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Д Қ
2 Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады. Д Қ
3 Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті Д Қ
4 ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д Қ
5 Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек. Д Қ
6 Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады. Д Қ
7 Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея. Д Қ
8 ЖҚТБ-ны вирус қоздырады. Д Қ
9 ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Д Қ
10 ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Д Қ
11 ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді. Д Қ
12 ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде. Д Қ
13 ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас. Д Қ
14 ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін. Д Қ
15 Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні – 1 желтоқсан. Д Қ

Нұрсұлтан: Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз? тестінің дұрыс жауаптардың тізімі

1 ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Қ
2 Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады. Қ
3 Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті Д
4 ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д
5 Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек. Қ
6 Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады. Қ
7 Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея. Д
8 ЖҚТБ-ны вирус қоздырады. Д
9 ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Қ
10 ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Қ
11 ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді. Қ
12 ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде. Д
13 ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас. Д
14 ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін. Д
15 Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні – 1 желтоқсан. 

 

Д

Ақтоты: Жауаптарымыз жинап, мұғалім мен көмекшілеріне тапсырамыз, олар нәтижесін шығарғанша, мәнерлеп оқу сайысының жүлдегерлеріне сөз береміз.

7-оқушы (Өтеген):

Біз СПИД-ке қарсымыз!
Бүкіл әлем күресуде
Індетімен ғасырдың,
Емін әлі  таппады ешкім,
Сол бұл зұлым пақырдың.

8-оқушы (Әлия):

Бұл тірлікте не тыңдырдың, не көрдің?
Құрбанысың СПИД деген кеселдің.
Ақталмай-ақ кетіп барады арманы
Жалғыз бала деп өсірген әкенің.
Кім кінәлі аялаған анаң ба,
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

9-оқушы (Динара):
Адам!
Адам!
Бөлісіп уайымды –
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

9-оқушы (С.Ақерке): «Ғасыр уы»

СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

Нұрсұлтан: Тесттің нәтижесі – «Болашақ» және «Денсаулық» топтары – 15 сұраққа барлығы да дұрыс жауап берген. Қорытындыға келетін болсақ, бұл тәрбие сағатымыздан екі топта мұнда айтылған мәліметтердің барлығында естерінде  жақсы сақтаған деген шешімге келеміз.

Ақтоты: Ән:  «СПИД жойылсын» («Бейбітшілік жыры» әнінің әуенімен)

Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген
Жойылсын мәңгілік жойылсын.
Вируспен ауырған адамдарға
Ем – дәрі тезірек табылсын.

Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік

Есірткі құрысын
Ішімдік жойылсын
Дені сау қазақтың
Ұл – қызы көбейсін.
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік

<Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп.
Қазақтың сымбатты
Ұрпағы көбейсін

Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік

Мұғалімнің  сөзі:
Міне, балалар ауруды  жұқтырмау  өз  қолымызда,  «Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын  жол іздейік!».

Ақтоты мен Нұрсұлтан: Тәрбие сағатымызға қатысқандарыңызға көптен көп рахмет!

Тәрие сағатының көрнекліктерін көшіріп алыңыз

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.