Ризамыз саған -Әліппе! (1-сынып)

Павлодар қаласы, Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ризамыз саған -Әліппе !

Сабақтың мақсаты:

1.Әліппені аяқтауды салтанатты түрде атап өту.

2.Оқушылардың әліппеден игерген білімдерін ата – аналарға,

көрермендерге көрсету.Буындап оқу, тұтас оқу, жоғалған

әріптерді тауып оқу кезеңдерін өткізу.

3. Отбасындағы сыйластық, ізеттілік, қайырымдылық жайлы тәрбие  беру.

Көрнекілігі: шарлар, суреттер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І бөлім: «Сүйінші» хабарын айтып 3 қыз кіреді. (Алия, Мейрман, Үміт)

1оқушы:    Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Естімеген естіңіздер,

Тыңдамаған тыңдаңыздар.

Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.

2оқушы: Уа халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Жақсы білім-көрімдік

Болсын сізге халайық

Не үйреніп, не білдік,

Кәне ортаға салайық!

3.оқушы: Армысыздар аналар,

Бармысыздар балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз

Ортаға шақырайық қол соға

Сүйікті біздің ұстазды,

Шәкіртермен ортаға,

Назгүл біздің апайды.

Кіріспе сөз Мұғалім:

Қош  келдіңіздер, құрметті ата-аналар, ұстаздар ардақты оқушылар! Бүгін 1-сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасып отыр.Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы , біздің болашағымыздың негізі-әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан , біздің жақын досымыз .Бала біздің болашағымыз еліміздің ертеңі сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымыздың белі бесіктен шықпастан  бастап жақсылыққа баулу бойына ізгілік нұрын себу біздердің ұстаздар, ата-аналар міндеті. Олай болса, Сүйікті әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай інілеріміз бен сіңілілерімізге табыс етуге міндетіміз. Қазір алған білімдерімізді, ән күймен, өлеңдермен, мақал-мәтелмен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышқа ортақпын ,

Құтты болсын тойларың!

ІІ бөлім: «Әліппе»

Мұғалім:Ендеше балалар мен бұл тойды сендерге жұмбақ қоюдан бастағым келіп тұр. Сендер оған жауап беріңдерші.

Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашар, ол сүйікті әліппе.

Олай болса  бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.

Оқушылар: Әліппе, әліппе, әліппе!

Әліппе: Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар ата-аналар!

4-ай бойы білім нәрін сепкен

Менің атым – әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң сенің әпкен де.

Хор:  Оны бізде білеміз

Сондықтан да әліппе

Мәңгілік сені сүйеміз!

Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.

Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.

Ә – әлемді

Л – легімен

І – ізгілік

П – парасатпен

П – паш

Е – етеміз.

 

Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы, қазақ балаларына әліппені жазған кім?

Бірге. Ыбырай Алтынсарин

Турсунова Дилназ

Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар

Мұғалім: Әліппе балалар өзің туралы өлең, тақпақ үйренді. Енді соны тыңдасақ қайтеді.

Әліппе: Бәрекелді тыңдайық, тыңдайық.

Анель

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе-ғылым ағасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы

Ерлан

Әліппем,менің әліппем

Сені қолға алып мен,

Еісігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

Ұлан

А деген ол –аналар ғой ардақты,

Ә деген ол әкелер ғой салмақты,

Б деген ол – балалар ғой әдемі.

Біздің елде үшеуі де кәделі

Дилназ

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдар алтыннан

«Әліппе» – білім бесігі!

Айғаным

Ыстық әрбір беттерің ,

Жазуынды ұғамын.

Ақыл берді Әліппе,

Ақыл берді мұғалім

Ибрагим

Ана, әке атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе.

Бәрін нағыз жақсының,

Сенен білдім Әліппе

Адиль

Осылай алға аттадым

Әр әріпті жаттадым

Жаттаған сайын  әріпті

Сөз құрап жаза бастадым

Алдияр

Өзгеріп жатыр бүгін қала қырым

Құп алып ағалардың даналығым

Бет алып бара жатыр болашаққа

Аяулы 7 жасар балалығым

Талғат

Тату- тәтті достармыз біз

Ынталы да, талапты

Көп білуге құштармыз біз

Жақсы оқимыз сабақты

ән: хормн «Әліппе»

Бүгін бәрі ерекше,

Бишілер де көп өнер.

Би: «Көбелек»

ІІІ бөлім:

Мұғалім: Балалар , сендер азғана уақыттың ішінде көп нәрсені оқуды, жазуды, есептеуді меңгеріпдіңдер. Осының бәрін кім үйретті?

Бірге: Мектеп , әліппе, ұстаз , ата-ана

Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып.

Жандарбек

Сипадың да басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

ән: хормн «Мұғалім ол біздің»

ән: «Балауса»

Мұғалім:

Ата-аналар, ұсатзадар балаларыңыз тек әліппені ғана игеріп қойған жоқ, математика деген пәнмен де танысып, сауаттанды.

1: Мені келсе, білгің ,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол ашып,

Ең басында тұрмын.

2: Бірден кейін тұрағым,

Бірден кейін тұрамын.

Бірді бірге қосқанда,

Мен шығамын, шырағым

(1+1=2)

3: Екіден соң әрқашан,

Үш саны мен тұрамын.

Орныма барамын,

Екі айшық саламын.

4: Үш сызықтан таяғым,

Оқушылар қояды.

Төрт дегенің баяғы,

Төрт түліктің аяғы.

5:  Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті.

Санашы бір қолыңнан саусағын

Оңай табасың бесті.

(5саусағын көрсетеді).

6: Мен өзімді қатарға

Бестен кейін қоямын.

Басым бірден басталып,

Нөлден бітер аяғым.

7: Қара мына қызықты,

Көсеуді кім ұмытты.

Жеті болам бір тартсаң,

Бел ортамнан сызықты

8: Менің атым сегіз,

Жетіден соң деңіз.

Жазылғанда қос дөңгелек,

Мен боламын сегіз.

9:  Сегізден кейін- тоғыз

Алтыны төбесінен тұрғыз

Сонда боламын тоғыз.

10:   Әліппеде 0-ға ұқсаймын,

Санда нөлге ұқсаймын,

Жеке тұрсам мәнім жоқ.

Бір орынды ұстаймын.

Ал, санайық санайық,

Сан қырына қанайық!

Әліппе:

Ризамын балалар,

Меңгердің, болмадың босқа тер

Ана тілі атты әпкем бар,

Сендерді жетелеп әкетер

Диана

Сәлем, ана тіліміз

Сенсің асыл үніміз

Ана тілің сүйеміз

Ардақтап бас иеміз!

 

Диляра

Ей туған тіл, ей әсем тіл

Ата-анамның бал тілі

Көп  нәрсе ұқтым дүниеде

Ана тілім арқылы.

Би: ұлдардың орындауында «Қара жорға»

Мұғалім:балалар әліппені шығарып салайық

Қуаныш

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Басқа оқулық достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Өсті –білім бойымыз

Құтты болсын тойымыз!

 

Амир

Таныстырған 42 әріппен,

Қош, бол сүйікті әліппем!

Енді қолға «ана тілін» аламыз

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Әліппе:

Айналайын балғындар

Менен білім алдыңдар

Әр сөзімді жаттаған

Достар үшін мақтанам

Рахмет айтып даттанам

Риза болып аттанам

Алда ұзақ жасым   бар

Аман есен болыңдар!

Мұғалім:Біз жақында ғана әліппемізден өткен «Мақта қыз» ертегісін қоямыз

Ән хормен «Қош бол құтты әліппем!»

Мұғалім:   Жарайсыңдар балалар, енді ертеңгілімізді де аяқталуға жақын.

-Сендер не үйрендіңдер?

-42 әріпті

-10-дейін санауды

-Табиғатты зерделеуді

-Үлкен- кішіні құрметтеуді

-Өлең айтып, би билеуді

-Түрлі сайыстардың жеңімпазы

– Білім биігіне шығатын

-Тәуелсіз еліміздің туын көкке көтере

-Адал

– Еңбекқор

-Парасатты

-Азамат болып өсуге

Бірге: ант етеміз.

Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар

Балалардың есімі әр әулеттерге таралар

Ырым етіп, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен ата айтар ақ тілек

(Бұдан кейін ата-аналар құттықтау сөз сөйлейді.)

Мұғалім: Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. “Әліппе” сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-бірмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Один комментарий

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.