ф-9. «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»

Ербатырова Айжан Жұмабайқызы. Алматы облысы, Ақсу ауданы Көкөзек елді мекенінде орналасқан Қуат Терібаев атындағы орта  мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының физика- информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың көрнекіліктерін көшіріп алыңыз

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік мақсаты: Оқушылардың «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тарауы бойынша алған білімдерін практикада қолдана білу  іскерліктері мен  дағдысын қалыптастыру.Өткен материалды қайталап, қорытындылау.
2) Дамытушылық мақсаты: «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тақырыбы бойынша есеп шығара білуге, әрбір  оқушының  жеке  басының бейімділігін және еске сақтау  қабілеттерін ,өзгермелі ситуация жағдайында шапшаң бағдарлай білуді, өз ісінің нәтижесін қортындылап,жауапкершілікпен қарай білу әрекетін арттыру,дамыту.
3)Тәрбиелілік мақсаты: Оқушылырды  ұқыптылыққа, өзбетінше ізденуге, алғырлыққа, шапшаңдыққа, жинақы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ауызша журнал түрінде  қайталау, білімін бақылау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,СКТ, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, үлестірме қағаздар, білім анкетасы, плакат,
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті.

Сабақтың  жоспары:

1.Кіріспе. Психологиялық  ахуал (Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді)

2.1-бет «Ой қозғау»
Еске сақтау қабілетін байқау,ойымызды саралау көзделеді.
(Өткен материалдарды қайталау)
3.2-бет «Ой толғау»
Ойлау қабілетімізді арттыру, шапшаңдық, жинақылық көзделеді (тапсырмалар беріледі)
1-тапсырма «Формулалар»
2-тапсырма «Есептер»
3-тапсырма «Тест»
4. 3-бет«Ой сергіту»

Оқушылардың сөйлеу мәдениеті,тіл байлықтарын байқау көзделеді.

(«Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тақырыбына мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу)

5. 4-бет «Ой  қорыту»
(Оқушылардың  білімдері тиянақталады, нәтижесі  бағаланады)

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. (Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.)
Мұғалім: Сәлеметсіңдерме ,балалар! Сабақта бүгін кім жоқ,түгелміз бе?
Құрметті оқушылар! Біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше.

Өйткені, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар – ағай-апайларымыз қатысуда. Сондықтан сіздерден  өзіміздің алған білімімізді  тиянақты,  нақты жауап  берулеріңізді  сұраймын. Сабырлыққа шақырамын.

Саспай, ойымызды дұрыс айтып, нақты жауап беруге тырысайық.

(Сабақтың тақырыбы, мақсатымен, жоспарымен  таныстыру) Кәнеки, бәріңізге сәттілік тілеймін. Қазір әрқайсымыз бір-бірімізге ыстық  ықыласымызды білдірейікші.

Психологиялық  ахуал (Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді)

Ал, балалар, саспайық,
Көңілді сабақ жасайық.
Атсалысып,аянбай,
Бар өнерге басайық.

2.Үй тапсырмасын сұрау
Сонымен журналымыздың 1-беті

1-бет «Ой қозғау»
Еске сақтау қабілетін байқау,ойымызды саралау көзделеді.
(Өткен материалдарды қайталау сұрақтары)

1) Ньютонның І заңын калай тұжырымдаймыз?
(Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.)

2)Күштің қандай түрлерін білесіңдер?
(Ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші, тіректің реакция күші.)

3) Ньютонның ІІ заңын калай тұжырымдаймыз?
(Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура , ал оның массасына кері пропорционал.)

4) Ньютонның ІІІ заңын калай тұжырымдаймыз?
(Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелерді бір – біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама қарсы)

5)Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады ?  (Екі дене бір – біріне масссаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.)

6)Бірінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз?
(Бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбите бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық )
7) Екінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз?(параборалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық)
8 ) Дененің салмағы деп… (Дененің Жерге тартылу салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші )
9) Асқын салмақ деп нені айтамыз?(Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын айтамыз) )
10) Салмақсыздық деген не?  (Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі)

3. Жаңа  сабақ
Келесі 2-бет «Ой толғау»

Ойлау қабілетімізді арттыруда ,шапшаңдық,жинақылық көзделеді
(тапсырмалар беріледі)  1-тапсырма «Формулалар»

Шама Белгіленуі Формула Өлшем бірлігі
Дене импульсі Р р=m V Кг*м/с
Күш импульсі F   t F    t =    р Н*с
Импульстің сақталу заңы Р р12= р12

Дене импульсі
Анықтамасы: Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама

Белгіленуі:Р
Формуласы: р=m V
Өлшем бірлігі: Кг*м/с
Бағыты V векторы бағытымен бірдей

Күш импульсі
Анықтамасы: Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне күш импульсі деп аталады.

Белгіленуі: F     t
Формуласы: F     t = р
Өлшем бірлігі: Кг*м/с
Бағыты F векторы бағытымен бірдей

Импульстің сақталу заңы
Анықтамасы: Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін  денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді.

Белгіленуі: р= р0
Формуласы: р12= р12

Есеп: массасы 1 кг дене түзусызықты  қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 10 м/с –тен 20 м/с –ке дейін өзгертеді. Дененің импульсінің өзгерісін анықтау керек..
Есептің  шешімі:
Берілгені:m=1кг

  1. V 1=10 м/с
  2. V 2=20 м/с

Табу керек    р-?

Формула:    р= m V 1 – m V 2

  1. Шешуі:     р= 1кг*20м/с-1кг*10м/с=10кг*м/с
  2. Жауабы:   р=10кг*м/с

Бірінші дененің массасы 2 кг, жылдамдығы 6 м/с, ал екінші дене тыныш тұр. Соқтығыстан  кейін, екі дене бірге 2 м/с жылдамдықпен қозғалып кетті. Екінші дененің массасын анықтаңдар.

Берілгені: m1=2 кг

  1. V 1=6 м/с
  2. V 2=2 м/с

Табу керек      m -?

Формула:   m1 V 1 +m2 V 2 = m 1V 3 + m 2V 3

  1. Шешуі:     2*6+ m20 = 2*2+ m 2*2 бұдан                                           m 2=(12-4)/2=4кг
  2. Жауабы: m 2 =4кг

3-бет  4. «Ой сергіту»
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті,сөздік қорларын байқау көзделеді.

(«Дене импульсі, импульстің сақталу заңы » тақырыбына мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу)

5. Сабақты бекіту
4-бет  «Ой  қорыту»

(Оқушылардың  білімдері тиянақталады, нәтиже  бағаланады)

Шама Белгіленуі Формула Өлшем бірлігі
Дене импульсі 

 

Күш импульсі
Импульстің сақталу заңы

6.  Үйге тапсырма
«Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»тақырыбына ребус, сөзжұмбақ құру,

Сабақтың көрнекіліктерін көшіріп алыңыз

Бағалау парағы

Оқушы аты жөні І кезең Ой қозғау ІІ кезең Ой толғау Есеп шығару ІІІ кезең Ой сергіту IV кезең Ой қорыту Жалпы ұпайы

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.