Есімдік. Жіктеу есімдігі. 7 сынып.

Ж. Е. Нұрғазы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жалпы білім беретін Пугачев орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі:
Есімдік және жіктеу есімдігі туралы түсінік беру
Ә) Дамытушылығы:
Есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын
түсіндіру, ұжымдық жұмыс жасау барысында адамдық
қасиеттерін дамыту.
Б) Тәрбиелілігі:
Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін
жандандырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын
жетілдіру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту, танымдық ойындар.
Сабақтың түрі: ұжымдық, ойын сабағы
Көрнекіліктері: тест жұмысы, жұлдызша, кестесөздер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру.
ІІ. Есіңе түсір (қайталау)
Жаңа сабаққа қатысы болғандықтан есім сөздерді «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау.
1. Зат есім қандай сөз табы?
2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3. Жалпы, жалқы зат есімдер
4. Сын есім қандай сөз табы?
5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
6. Туынды сын есімдер қалай жасалады?
7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
8. Сан есім қандай сөз табы?
9. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
10. Құрамына қарай қалай талданады?
Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріп отырамын
ІІІ. Сынап көр (есім сөздермен жұмыс)
«Тілдік тренажер» арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау

1. Кітап
2. Қара
3. Он екі
4. Ақсу
5. Сұлу
6. Ұзын бойлы
7. Жеті
8. Оқушы
9. Майлы
10. Сексен тоғыз
11. Көктерек
12. Қызыл ала
13. Бір
14. Ауыл
15. Шуақты

IV. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу)
Есімдік қандай сөз табы екенін оқуға 3 минут уақыт беремін. Мағыналық топтары туралы сұраймын. Мына сұрақтарға жауап алып, ережесін шығарамыз.
1. Есімдік дегеніміз қандай сөз табы?
2. Қай есім сөздердің орнына қолданылады?

3. Мағынсына қара нешеге бөлінеді?
Жеті түрге: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, болымсыздық, белгісіздік.
4. Жіктеу есімдігі нені білдіреді?
Белгілі бір заттық ұғыммен байланыста қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
5. Қандай түрде болады?
Жекеше, көпше.

І. Мен
ІІ. Сен Сіз
ІІІ. Ол
І. Біз (айтушы, тыңдаушы жақ)
ІІ. Сендер Сіздер (тыңдаушы жақ)
ІІІ. Олар (бөгде жақ)

V. «Ойлан тап» (жаңа сабаққа сөйлем ойлау)
Бекіту мақсатында құрамында есімдік бар 4-5 сөйлем ойлату.
Мысалы:
– Сен мені білуші ме едің?
VІ. «Іске асыр» (жаттығулар жұмысы)
192- жаттығу (ауызша) Есімдіктерді тауып, қай есім сөз орнына қолданылп тұрғанын айту.
Үлгі: Біз-сөйлеуші, айтушы адам дегеннің орнына.
193-жаттығу. Сөйлемді оқып, жіктеу есімдіктерін көшіріп жазу.
194-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қою, жіктеу есімдіктерін теріп жазып, септігін анықтау.
Үлгі: Сен-атау септік, ІІ жақ
VІІ. Нәтиже (тест жұмысы)
10 сұрақтан тұратын тест жұмысын беремін.
1. Есімдік қандай сөз табы?
А) Заттың сынын білдіреді
Ә) Есім сөздер орнына қолданылады
Б) Заттың атын білдіреді

2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 7
Ә) 5
Б) 6
3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?
А) 3
Ә) 2
Б) 4
4. Сан есімдерді белгіле
А) он бір, табиғат, сары
Ә) адам, оқушы, жеті
Б) алты, он бір, екі мың екі
5. Дара сын есімдерді көрсет
А) қызыл ала, қара шұбар
Ә) ақ, қара, ащы
Б) қара көк, сұлу, сары
6. Жалқы зат есімдерді анықта
А) Астан, Мұхтар, Ұлан
Ә) қала, оқушы, сана
Б) Көксу, ой, газет
7. Зат есім қандай сөз табы?
А) заттың қимылын білдіреді
Ә) заттың атын білдіреді
Б) заттың санын білдіреді
8. Жинақтық сан есімдерді тап
А) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз
Ә) үшеу, сегіз, он
Б) біреу, екеу, жетеу
9. Туынды сан есімдерді белгіле
А) бойшаң, сөзшең, таулы
Ә) сары, әдемі, көркем
Б) ұзын, салқын, ақ
10. Сан есімнің сұрағын анықта
А) қандай, қай, кімнің?
Ә) қанша, неше, нешінші
Б) кім, не, несі

VІІІ. Өзіңді бағала
Тақтаға тестінің жауабын ілемін. Сол бойынша бағаларын шығарымыз. Тест, жұлдызшаларын есептеп, бағаларын қою.
ІХ. Үйге тапсырма
195-жаттығу. Көшіріп, жіктеу есімдігінің астын сызу. Ережелерді қайталау.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.