АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН АЙБЫНДЫ АЛАШ.

( Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады)
Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігінаңсаған ұлт зиялыларына тоқталу; өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Түрі: әдеби – сазды монтаж.
Көрнекілігі: слайд, шарлар, қанатты сөздер, мемлекеттік рәміздер.

Фанфар
Арай: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Талай – талай заманды кешкен елім,
Жұт арытып, шөл қысып көшкен елім.
Эльвира : Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауын сұлу жері,
Ақпейіл, дархан көңіл халқымыз бар
Болғанда бірі сері, бірі батыр.
Әз бабам, азаматтықты аңсап өткен
Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.
Солардың құдіретті ой арманы
Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.
Арай: Армасыздар құрметті оқушылар. Барлықтарыңызды алда келе жатқан ұлы мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз.

Эльвира: Рас. Тәуелсіздік бізге оғай жеткен жоқ. Ол қаншама жылдар бойы бабаларымыздың, ер ағаларымыздың үздіксіз күресімен, төгілген қанымен, қыршыннан қиылған жастардың ержүрек жанымен келді.

Арай: Айбынды Алаш ұрпақтарының ерліктерін жыр етіп, бүгінгі ұрпақ, біз, тәу ету мақсатында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Азаттықты аңсаған айбынды Алаш» атты салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Әнұран
Би: « Шашу»

Эльвира : Қазақ халқы тарих сахнасында «Мың өліп, мың тірілді» . Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Бір сәт тарихты парақтайық.

Ән : « Қаратаудың басынан көш келеді»
Көрініс: аш – арық, шаршаған жұрт, балаларын алдарқатқан аналар.
Арай: Абылай хан туралы айтады.
Көрініс: Абылайхан және сарбаздары.
Абылайхан: Ұлан байтақ атырап, арқа мен Алатаудың , Еділ мен Ертістің арасы қазақтың ата қоныс киелі жері. Әгараки , кім де кім осынау кең байтақ даламызға көз алартып шырқымызды бұзар болса, өз қанына өзін туншықтырамыз. Төсекте басымыз қосылмаса да, төскейде малымыз қосылған қай көршімізге де айтарымыз осы.
Дос болғанға құшағын ашқан туыспын,
Қас қылғанға қиып түсер қылышпын
Эльвира : ХХ ғасырдың басында басталған төңкеріс елесі 1917 жылдың қазанында өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Ақ патшаның отаршылық саясатының орнын қызыл кеңес идеологиясы басты. Міне, осы тарихи аса бір маңызды кезеңде қазақ халқының зиялы азаматтары ел бақыты үшін Алашорданы құрған болатын . Олардың ішінде Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мажан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды тұлғалары бар еді.
Көрініс: ( Ортаға қолдары байлаулы Алаш ардақталары шығады. Оларды әскерлер айдап ортаға алып келеді)

Міржақып Дулатов:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,
Қазағым енді жату жарамас – ты.

Жүсіпбек Аймауытов:
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар халыңды амалды.
Кетті туы, атты таңы, шықты күн,
Сал малды, сал жанды аянба!
Не көрсем де алаш үшін көргенім
Мағат атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсемде, алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.

Сұлтанмахмұт Торайғыров :
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді Алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз
Жасайды Алаш өлмейміз
Жасасын Алаш, жасасын!
Шәкәрім Құдайбердіұлы:
Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қамалмағын қалап ал,
Мұрам сол жастар бергенім.

Ахмет Байтұрсынұлы:
Бар өмірін өз ұлтына арналған,
Тілі үшін күресуден тынбаған.
Алты алаштың ардақтысы Ахаңның
Кім бар екен, жан сырына қанбаған?
Соны ойласам жүрек сыздап, ауырған.
Зар шығады сау жері жоқ бауырдан.
Жалғыз Мұхаң шырылдайды Ахаңдай
Қорықпастан не бір сойқан дауылдан.
Әскер: Иә, соңғы сөзді кім айтады іштеріңнен ?
Мағжан: Ей тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.
( Алаш ардақтыларын алып кеткеннен соң бір оқушы ортаға шығып)

Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жаңғандар.
Ахметтер, Жүұсіпбектер, Сәкендер.
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

Эльвира: Міне өздеріңіз көріп отырғандай әр ғасырда жылдар бойы Тәуелсіздік үшін күрес жүргізіп келген бабаларымыздың алаш ардақтыларының үмітін әйгілі Желтоқсан оқиғасы ақтады.

Эльвира: Желтоқсан – тарихымызда әйгілі күн,
Ерттеп мініп, ар – ождан сәйгүлігін.
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.

Арай: Желтоқсан – тағдарларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның

Көрініс: « Қара бауыр қасқалдақ» әні. (жастар сөйлесіп ортаға шығады)

Бір топ: Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды, қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? ( Миллиция, солдаттар шығады, алаңға бейбіт шеруге шыққан жастарды қуып, шаштарынан сүйрелей бастайды)

Алмаз: Бұлақты көлге,, әскерді елге қарсы қоюға болмайды, өйткені әділет жеңбей қоймайды. Барлығы 99 адам сотталды, оның ішінде Қазақ КСР Жоғарғы соыт – 114 адамды, Алматы қалалық соты – 59 адамды жазаға тартты. 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

(Ортаға Қайрат шығады)

Қайраттың «Ақтық сөзі» өлеңін оқиды.

Эльвира: Жаның қамауда қалғанда, арың талауға түскенде араша болған ТӘУЕЛСІЗДІК ?

Гауһар: Барың тоналғанда, асылың жоғалғанда қайтарып берген ТӘУЕЛСІЗДІК!

Ақжан: Аузыңнан құдай қалғанда, алыптар алқымыңнан алып, көз алдыңа дүние шыр айналғанда адастырмай ақ жолыңа түсірген ТӘУЕЛСІЗДІК!

Нұржан: Ақиқатыңа айтқызбай тіліңді тістеткен, бойыңнан рухани күш кеткенде, есіңді жиғызып, еңсеңді көтерткен ТӘУЕЛСІЗДІК!

Айзада: Дінімізді бұрмалап, құранымыздан жаңылдырған. Алламызды ұмыттырып, адамға табындырғанда иман нұрмен сәулесін шашқан ТӘУЕЛСІЗДІК!

Айжан: Өз қолыңды өз аузыңа жеткізбей, айтқанын екі еткізбей, шырмауықтай шырмап алған қоғамда , ғазиз басың боданда жүргенде бостандыққа жол ашқан ТӘУЕЛСІЗДІК!

Абылай: Елін сүйреп арайлы атар таңға, ортаңнан орда бұзған қаһарманға, тізгініңді бергізбей, соңынан жұртты ергізбей, жазықсыз «Халық жауы» атанғанда, ақтап алған қаралаған ұлыңды ТӘУЕЛСІЗДІК!

«Сарыарқа» күйі ойнап тұрады.
Көрініс: Сүйінші! Сүйінші! Еліміз егемендік алды. Біз енді егемен елдің еркін ұланы мен қызымыз!

Ән: «Елім менің»

Эльвира: Өткен тарихымызды зерделесек Тәуелсіздік атты қасиетті күн жан беріп, жан алысқан қиын күреспен келгенін көріп отырмыз.
Арай: Өзіміз шекаралық жерімізді, ана тілімізді, дінімізді, мемлекеттік нышандарымызды белгілеп, әдеп – ғұрып, мәдениетімізді қайтарып, тұңғыш ел басын сайладық. Барлық мерекенің ішінде құнды да жоғары тұрған – Тәуелсіздіктің қадірін бағалайық.

Эльвира: Өшіп кетіп бір жылы жер бетіннен,
Өзге орында балалап өскен елмін.
Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.

Арай: Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым жазықсыз құрбандарым.
Эльвира: Тәуелсіздік жолында шейіт болған батыр бабаларымызбен ер ағаларымыздың қыршын жастарымыздың ерлігін жадымызда мәңгі қастерлеп бір минут еске алайық.
Үнсіздік жарияланады.
Эльвира: Желтоқсан – қайсар ерлік қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған –
Тәңіріме желтоқсан шуақты күн.

Арай: Тойланып мың мереке, бұл күні,
Құйылған шаңырақтың ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байдық па
Тәуелсіз еліміздің тынықтығы

Би. « Бәйге»

Эльвира: Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз.

Ақжан: Біз – ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.

Айжан: Біз – алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз.

Нұржан: Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлттан тұратын біртұтас халықпыз.

Айзада: Біз – қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз.

Шынар: Ендеше әрдайым бар болайық, бір болайық, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.

Тәуелсіз еліміздің әрқашан туы биік, тұғыры берік болсын.
Қазақстанның тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын!
ВАЛЬС
Арай: Осымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған әдеби монтажымыз аяқталды. Еліміз еңселі. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Эльвира: Мереке мерекеге ұлассын. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Один комментарий

  1. Оте керемет тарбие сагаты… Рахмет…
    Осындай магыналы. Сюджеті бай тарбие сагаттары бизге ауадай кажет …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.