И-8. Сабақтың тақырыбы Excel электрондық кестесінде деректердің орнын ауыстыруы және көшірмелеу. Автотолтыру. Сандарды енгізу.

Тәжімағанбет Жеміс Аманкелдіқызы. Ақтөбе обл  Байғанин ауд Қарауылкелді орта мектебі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Excel электрондық кестесінде деректерді жылжыту, көшірмелеу, сандарды енгізу, Автотолтыру мүмкіндіктерін түсіндіріп көрсету. Деректерді сақтау  операцияларымен тастыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі–көрнекілікті.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасы
Сұрақтар беру арқылы  тексеру.

  1. Excel программасын іске қалай қосамыз?
  2. Терезе элементтерін ата?
  3. Ұяшық дегеніміз не?
  4. Жұмыс кітабы неше беттен, қатардан, бағаннан тұрады?
  5. Бағанның енімен, жолдың биіктін қалай өзгертеді?
  6. 4 – ші  5 – ші беттерді қалай қосамыз?
  7. 7. Беттің атын қалай өзгертеміз?

Жаңа сабақ

Электрондық кестедегі мәтіндік жазбалар әріптердің, цифорлардың және арнай символдардың кез – келген тізбегі түрінде болады.

а) Сандарды ұяшыққа «=», «+» таңбаларынан бастап немесе санның өзін цифрдан бастап енгізуге болады.

Мысалы: 2*3 теңдеуін  =2*3 немесе +2*3 жазылады.

Есептер шығаруда пайдалануға болады.

Мысалы: A1 ұяшыққа 10 санын жазып B1 ұяшыққа 25 санын жазып C1 ұяшыққа A1 және B1 ұяшық торындағы санды қосуға болады. Ол үшін екі ұяшықты белгілеп алып құрал саймандар жолындағы Автосумма батырмасын басамыз.

б) Кестедегі (ұяшықтағы) мәтінді, санды, символдарды көшіруге және орнын ауыстыруға болады. Ол үшін қандайда бір ұяшықтағы ақпаратты белгілеп алып Правка → Капировать, немесе алмасу буфері арқылы орындауға болады.

в) Автотолтыру мүмкіндіктері
Электрондық кестеде торларды мәліметпен автоматты түрде толтыру мүмкіндігі бар.

Мысалы: С1 ұяшыққа январь С2 Февраль ай – атын теріп, курсорды ұяшықтың оң жақ бөлігінің төменгі бұрышына қойып, «+» – сілтемесі шыққанда тінтуірді төмен қарай  жылжытамыз.

г) Деректерді сақтау.
1. Файл – Сохранить командасын орындау – Кітапты бұрынғы атымен сақтау.
2. Файл – Сохранить как командасы – Кітапты жаңа атпен сақтау.

Сабақты бекіту.
Тапсырма
1. 1 –  ші бетке A2 ұяшыққа
12*2, A3 ұяшыққа 87 + 3 теңдеулерін есепте.
2. G7 ұяшығына 17
G8 ұяшығына 25 санын жазып, G9 ұяшығына екеуінің қосындысын табыңдар.
3. 2 –  беттің B4 ұяшығына аттарды жазып H4 ұяшығына көшіріңдер.
3 – беттің  D1 ұяшығына 2000
D2 ұяшығына 2001 санын жазып ары қарай авто толтыруды пайдаланып, D20  ұяшығына дейін толтырындар.

Үйге тапсырма: Excel электрондық кестесінде деректердің орнын ауыстыруы  және көшіру. Автотолтыру. Сандарды енгізу.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.