Дж. Фон-Нейман принципі

Жумабекова Альмира Аденбековна
Семей қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сыныбы: 6
Пән: Информатика
Сабақ тақырыбы: Дж. Фон-Нейман принципі
Сабақ мақсаты:
1. Білім берушілік Компьютер архитектурасы. Дж. Фон-Нейман принципі туралы білімдерін қалыптастыру
2. Дамытушылық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту
3. Тәрбиелік жинақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ өткізу әдісі: түсіндірмелі және білімді тексеру
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың жабдықталуы: Жұмыс дәптері, ИТ, презентация
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастырушылық кезен Аудитория әзірлігін тексеру, оқушыларды түгендеу

2. Тақырып бойынша негізгі білім өзектілігі

1. Дербес ЭЕМ-нің қандай негізгі құрылғылары бар?
2. Қандай қосымша құрылғылары бар?
3. Компьютер архитектурасы дегеніміз не?
4. Ақпарат қандай құрылғының көмегімен өңделеді?
5. Жады деген не және қандай түрлері бар?

3.Жаңа материал түсіндіру
Дж. Фон-Нейман принципі
ЭЕМ-ді құру принциптерін 1945 жылы американ ғалымы ұсынған болатын.
Джон фон Нейман принципі бойынша ЭЕМ-ді ұйымдастыру принциптері төмендегідей:
1. Екілік кодтау принципі: Осы принцип бойынша ЭЕМ ондық жүйеде емес екілік жүйеде жұмыс істеуі қажет. Бұл принцип бойынша берілгендер және командалар екілік тізбектер түрінде беріледі.
2. Бағдарламалық басқару принципі: ЭЕМ-дегі барлық есептеулер бағдарлама түрінде берілуі қажет. Бағдарлама жазылу ретімен автоматты түрде орындалатын командалар жиынынан тұрады.
3. Жадының біртектілік принципі: Бұл принципке сәйкес берілгендер және командалар бір ғана жадыда сақталады.
4. Негізгі жадының адрестік принципі: Негізгі жады нөмірленген ұяшықтардан тұруы қажет.
Фон Нейман ұсынған ЭЕМ құрылымы мынандай құрылғылардан тұруы қажет:
1. Жады
2. Басқару құрылғысы
3. Арифметика-логикалық құрылғы
4. Ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары
Компьютер құрылымы- функционалдық элементтердің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы.
Компьютер құрылымы негізгі 3 бөліктен тұрады:
1. Орта бөлігі (микропроцессор және негізгі жады)
2. Жүйелік шина
3. Перифериялық құрылғылар
Процессор – ақпаратты өңдейтін және компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын интегралдық схема.
Процессор мынандай құрылғылардан тұрады:
1. арифметика-логикалық құрылғы
2. басқару құрылғысы
3. регистрлер
4. кэш жады
Процессордың негізгі сипаттамасы:
• разрядтылығы – процессор өңдейтін максималды биттер саны (8-, 16-, 32- ,64- разрядты)
• Тактілік жиілігі-элементар әрекетті орындауға қажет уақыт өлшемі.
4. Бекіту
1. Компьютердің архитектурасы дегеніміз не?
2. Дж. Фон-Нейман принципі бойынша ЭЕМ-ді қалай ұйымдастырамыз?
3. Компьютер қандай негізгі бөлімдерден тұрады?

5. Үй тапсырмасы конспект оқу

Презентация

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.