Информатика 5-7. Paint графикалық редакторы.

Баялбекова Сауле Қартайғанқызы,  Жамбыл облысы Шу қаласы,    Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы :

Сабақтың мақсаты : Білімділік: Paint графикалық редакторы және құралдар тақтасының атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Бағдарламаны  іске қосу жолдарын үйрету Геометриялық фигураларды  компьютердің көмегімен салуды үйрету.

Дамытушылық: есептеу техиникасында   геометриялық фигураларды, әр түрлі суреттерді салуды үйрете отырып. Олардың  бойындағы қабілеттерінің дамып көрінуі не және алған білімдерін жеткізе білуге, іс жүзінде жүзеге асыруға,яғни өз бетінше ойлу, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға , еңбекті суюге, ұқыптылыққа, дәлдікке, адамгершілікке, өзін- өзі басқаруға және өзіндік танымдық қызмет жасай алатын жеке
тұлғаны тәпрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабақта :

  1. Paint графикалық бағдарламасымен танысу .
  2. Практикалық  жұмыс
  3. Сергіту сәті «Иә жоқ ойыны»
  4. “Ғажайып алаң”ойыны
  5. Бағалау

6.   Үйге тапсырма

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Ойлан тап» ойыны (сұрақ -жауап)

1.Windows дегеніміз не ?

2.Windows- ты жүктеген  кезіндегі экранның бүкіл бетін не деп атайды  ?

3.Windows объектілерінің негізгі басқару құрылғысын ата.

4.Тінтіуірдің қандай батырмасын негізгі, ал қандай батырмасы қосымша деп атаймыз?

5. Windows- тың басқару элементтерін ата   ?

Жаңа сабақ: Paint графикалық редакторы.

Paint графикалық редакторы

Paint бағдарламасы – графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.

Paint- бағдарламасын іске қосу.

Бастау        бағдарлама         стандартные       Paint бағдарламасы

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз Сабақтар көшіру 2012

 

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.