Алтын күз сайысы

Молдағалиева Бақтыгүл Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы:

Мақсаты: 1. Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан  күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Жоспары:

1.Таныстыру
2.Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3.Қас-қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
4.Өз өнерін көрсету.
5.Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден,жеміс-жидектерден дайындалған салат ,оның жасалу жолы туралы айту)
6.Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең күз әнімен)

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!

Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде  2,3,4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын күз» сайысына қош келдіңіздер.

-Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық-деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

-Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылып,ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып

Еріксіз өзімізге қаратамыз-деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.

-Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.

№1.Сембай Аружан
№2.Сәндібек Әсел
№3.Ақатай Орынгүл
№4.Қайырбек Аружан
№5.Әзидолла Гүлназия
№6.Жаңабай Жанерке
№7Орынбасарова Шұғыла
№8.Омар Тілеген

-Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын күз сайысына қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы.

-2 бөлімінде

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен-деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз

3 бөлімінде « Қас-қағым сәп»  «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады.Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру
4 бөлімінде

Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі-бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік,ән би,күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін-деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

5 бөлімінде

Молшылық күз-береке күз

Береке күз-мерекеміз-дей келе күзгі жеміс-жидектерден,көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.

6 бөлімінде күз ханшасы мен ханшайымының биі.Ортаға сайыскерлер

Қорытынды бөлім.     М а р а п а т т а у л а р

С о ң ы

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

6 комментариев

  1. Жаныл Куншуакова

    Бақтыгүл жарайсың сайысың керемет.Өнерің өрге жүзсін!

  2. Жаныл Куншуакова

    Бақтгүл,жарайсың.Өнерің өрге жүзсін!

  3. сандигүл

    бақтыгүл апай салеметсізбе? сайысыныз өте керемет екен! сіз үшін қуаныштымын.

    • Бақыткүл апай, сәлеметсізбе!маған топтың атын және қатысушы қыз баланың өзін-өзі таныстыруын беріңізші. өте қажет!

  4. сандигүл

    бақтыгүл апай салеметсізбе? сайысыныз өте керемет екен! сіз үшін қуаныштымын.

    • Бақыткүл апай, сәлеметсізбе!маған топтың атын және қатысушы қыз баланың өзін-өзі таныстыруын беріңізші. өте қажет!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.