Мұхтар Әуезов (Тәрбие сағаты)

Мұхтар Әуезов(1897-1961) өмірі мен творчествосы.
М.Әуезов – жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, абайтанушы. Философия ғылымының доктары, профессоры, академигі, ғылым қайраткері, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың лауреаты. Жазушының «Абай жолы» эпопеясы әлем оқырмандарына жақсы таныс. Шығаралары 1967-1969 ж.ж. 12 том болып ,1979-1986ж.ж. 20 том болып басылған. Ол өзінің «Абай жолы» эпопеясы арқылы ұлы ақын есімін әлем оқырмандарына танытып, Абайдың ақын-азамат екендігіне шынайы көркем бейнесін жасаумен қатар, ақын мұрасын жинау, зерттеп-саралау, оларды әр түрлі теріс көзқарастардан қорғап, саф қалпында бүгінгі оқырман қауымға жеткізу, Абай өлеңдерінің теориялық негіздерін анықтау ісінде де айтарлықтай еңбек етті.
Ақын мұрасын зертеу жолындағы алғашқы белсенді әрекеті – Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу үшін жаңа деректер жинап, ақын шығармаларының тұңғыш толық жинағын құрастыру жолындағы күрделі де қиын жұмысқа бағытталды. Осы мақсатпен 1936ж Абай еліне барды 1943ж арнайы ұйымдастырылған экспедицияны өзі басқарды, 1944ж экспедиция ұйымдастыруға ат салысты, 1945ж ақынның 100 жылдық мерекесі қарсаңында Семей өңірімен қоса Ақмола, Қарағанды, Солтүстүк Қазақстан тарапына да экспедициялар шығару мәселесін қойды.
1924ж Әуезовтың Абай өмірі мен шығармаларын зерттеп, жинастыруда ерекше орны бар тарихи кезең. Оны осы эпопеясында Абайдай алыпты туғызған қазақ халқының өзгелермен қай жағынан да терезесі тең, дарынды, ақылды, ақ жарқын, жомарт, сері, өнерпаз халық екендігін, ешкімге ұқсамайтын өзіндік міңезі, ұлттық рухы, салт-дәстүрі бар екені жан-жақты суреттеледі. Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттық , тұрмыстық небір ғажайып кратиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті.Әуезов қаламымен тарих қайта тірілді, ауылдар өмірі, адамдар тағдыры бой көрсетті. «Абай жолы» эпопеясы –творчесвоның тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына терең бойлаған туынды, ақын мен поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі ең шоқтығы биік үздік шығарма.(М.Луконин). Шығармадағы әрбір ірілі-ұсақты оқиға, тартыс, олардың дамып, шешімін табуы, тіршілік ағымындағы әр түрлі іс-әрекеттер, т.б. Абай арқылы көрінеді немесе оның тікелей қатысып, араласуымен суреттелген.
Бұл роман арқылы жаңа ғасырдың жарқын жолына қадам басқан ұрпақтың бүгінгіні танып білуі кешегі тарихымызды жете білуімен сабақтасатына дәлелдене түседі.
Мұхтар Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып құйылған, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.
Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуезің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған.
Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немелеріне Абай өлеңдерін қайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы: Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жуық жаттап алдым кейін еске алады. Бұл жас Мұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді. Атасы Әуездің жәрдемімен, бір жағынан сол кезде ел арасына көп таралған қиссалар мен аңыздарды, өлең-жырларды, екінші жағынан Абайдың шығармаларын көп тыңдап, жаттап өскен Мұхтардың бойында көркем әдебиетке деген ықылас, құмарлық ерте оянды.
1928 жылы жазылған Өзім жайымнан мағлұмат атты өмірбаянында жазушы: Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған сүйіс емес кейде туған орта, кір жуып , кіндік кескен жерді сүюімен барабар болатыны бар деп жазды.
Ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын өңдеп, қазіргі өскелең өмір талабына сай әдебиеттің қажетіне пайдалану үлгісін өзінің жазушылық тәжірибесімен көрсетті . «Еңлік –Кебек» , «Айман-Шолпан, «Қарақыпшақ» пьесалары соның куәсі.
Мұхтар Әуезов қазақ әйелінің бүкіл болмысына, жан- дүниесіне, сезім сырына терең үніліп, ерекше ықыласпен суреттей білді. Әдебиеттің өшпейтін, мәңгілік тақырыбы-әйел болса, оны жан-жақты танытып, әсемдік әлемін жеткізе бейнеледі.
Әсіресе , адамды өмір сүруге ұмтылдыратын, сол өмірді сүйіп, бағалауға тәрбиелейтін «Абай жолы» сияқты таңғажайып шығармада жан тебірентер әр түрлі қылық-міңездерімен, іс-әрекеттерімен бірін –бірі қайталамай толықтырып отыратын, қиналыс-ізденісі, сүйініш-күйініші еріксіз елжіреп, өзіне тартатын бір топ әйелдер бейнесін жасады.
Мұхтар Әуезов – қазақ драматургиясының негізін салушылардың бірі, ол- ұлы суреткер.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.