Пейзаж. Сурет пәні.

Сынып: 6 а Сабақтың тақырыбы:

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Білімділік: оқушылардың пейзаж туралы түсініктерін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың эстетикалық талғамын, ой қиялын дамыту.
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа баули отырып,табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Мақсат: бейнелеу өнерін дәріптей отырып,балалардың ойлау қабілетін дамыту, өнерді, тбиғатты сүюге, әсемдік пен әдемілікке баулу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: интерактивті тақта, суреттер, үлгі, плакттар.
Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, практикалық жұмыс.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу, түгелдеу.
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
а) Натюрморт дегеніміз не?
б) Натюрмортты неден яғни қандай заттардан құрастыруға болады?
(Балалар тақтаға шығып натюрморт құрастырады)
б) қорытындылау.
3. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін сөз жұмбақты шешуіміз керек, сонда біз бүгінгі сабақтың тақырыбын табамыз.
Бейнелеу өнерінің түрлері: сәулет өнері, мүсін өнері, кескіндеме (живопись), графика, дизайн.
Кескіндеме (живопись) – бейнелеу өнерінің ең көп тараған түрі. Кескіндеме көрерменнің ойы мен сезіміне жағымды әсер ететін, жазықтық бетінде бояу арқылы жасалатын көркем шығарма.
«Жанр» – француз сөзі «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді. Кескіндеме (живопись) мынадай жанрларға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, тақырыптық картина.
Пейзаж – француз сөзі, бұл ландышафты табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған.

4. Жаңа сабақты бекіту:
Оқушылар жыл мезгілдеріне байланысты өлең оқиды.

5. Сарамандық жұмыс: оқушыларға «Алтын күз» тақырыбында сурет салуға тапсырма беріледі.

6. Сабақты қорытындылау:
1) Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңыз?
2) Пейзаж дегеніміз не?

7. Үйге тапсырма: «Алтын күз» көрінісін аяқтап келу. Пейзаж.

Сабақтың көрнеукіліктерін көшіріп алыңыз

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.