Операциялык жуйе (ашық сабақ).

karimaaitova-150x150Мұғалімі: Аитова___Карима.  С. Сейфуллин атындағы гимназия мектебі

Сыныбы:_8_б___ Күні: __жыл____ Тексерген: ________________ Сабақтың тақырыбы: ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ. Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушылардың Операциялық жүйе және онын түрлерін, WINDOWS типтіоперациялык жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру; Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, пәнге деген қызығушылығьш арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонетрациялау, баяндау арқылы түсіндіру. Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер,практикум. тақта. Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 4. Тапсырмаларды орындау 5. Үйге тапсырма Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары: Миға шабуыл атты ойынмен ұйымдастыру. 1. Ақпарат беру дегеніміз не? 2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? 3. Компьютердің қосымша құрылғыларын атаңдар?. 4. Ақпарат шығару құрылғыларына не жатады? 5. Сыртқы жадтарының қандай түрлерін білесіңдер? 6. Логика дегеніміз не? 7. Ақпарат енгізу құрылғыларына не жатады? 8. Компьютер мен адам арасындағы қарым қатынасты не деп атаймыз? 9. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? Жаңа тақырыпты түсіндіру Жаңа сабақты түсіндіру, электронды оқулықты көрсету Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жүмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған қүрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады. Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі- операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды. Операциялық жүйелерді жіктеу Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер: ■ Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын; ■ Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын; Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірге) кеп терезелі интерфейсі болуы мүмкін. Анығырақ айтқанда, мүндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір програманы іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін. Бір міндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп Әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады. Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады. Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т.с.с. таңдалады. WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР Бірінші типіне Місгosoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows 95 пен Windows NТ жатады. Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелер көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар. Өз тарихында Місгоsoft компаниясы алдымен Windows NТ жүйесін жасады. Бірақ сол кездегі дербес компьютердің қуаты бұл жүйені тиімді қолдануға жеткіліксіз больш шықты. Компьютердің қуатына лайықты шектелген жүйенің қарапайымдау нұсқасы Windows 95 деген атпен шығарылды да, бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ пайдаланушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда, айтарлықтай тиімді болып табылады, Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі мыналар: 1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Бұл – операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows – тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз. Қолданбалы программаны іске қосу, дискеттерді пішімдеу, мәтіндерді басуға шығару – мұның барлыған Windows -тан шақырып алуға және операция аяқталғаннан кейін Windows -қа кері қайтаруға болады. Windows ортасында терезе және таңбашалар пайдаланушы интерфейсінің негізгі түсініктері болып табылады. Windows -та орындалатынның барлығы не таңбашасы (пиктограммасы) бар операция, не терезесі бар (немесе терезедегі) операция болып табылады. Барлық сервистік және қолданбалы программалар үшін терезелер құрылымы және оларды басқару элементтері, операциялар жиыны мен сервистік программаларға арналған менюдің қүрылымы, сондай-ақ маустың көмегімен орындалатын операциялар стандартталған, яғни белгілі стандарт бойынша орындалған. 2. Windows графшалық жүйе болып табылады. Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялар жүйелер бәсекелесе алады. UNIX – бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын ОЖ. Ол бұдан 20 жылдан астам уақыт бүрын жоғары сенімділікті талап ететін міндеттерді шешетін, сол кездің ең қуатты компьютерлері үшін арналған. Windows пен UNIX типті жүйелермен барлық операциялық жүйелердін көп түрлілігі тамамдалмайды. Көпшілікке арналған алғашқы дербес компьютерді американдық Аррlе компаниясы шығарған. Қазір барлық жерде қолданып жүрген Rапк Хеrох компаниясының жаңалығы графикалық көптерезелі интерфейсті алғашқы рет іске асырғандығында. WINDOWS -ТЫ БАПТАУ Windows 98 операция жүйесін орнатқанда жүйе пайдаданушыл.ардьщ көпшілігіне есептелшгені белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Біз енді Windows –тың кейбір баптауын ғана карастырайық. Бас меню мен Міндеттер панелінен баска Windows -тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелі қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшыкты ашу үшін, мына әрекеттер тізбегін орындаңдар: Пуск – Настройка – Панель Управления Баскару панелі каппшғын іске қосу. Тапсырма 1. Бас менюден Настройка – Панель Управления командаларын таңдаңдар. 2. Басқару панелі қапшығының терезесінде Дата/Время белгісінде екі рет шертіңдер. 3. Екі қосымшасы бар Свойства: Дата/Время терезесі пайда болады. 4. Дата и Время қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер. 5. Дата бөлімінде туған күндеріңді қойыңдар: ол үшін Жыл көрсетілген өрісте Айналдыру батырмасының көмегімен туған жылдарьщды таңдаңдар, содан кейін Ай көрсетілген өрісте туған айларыңды таңдаңдар да, күнтізбеден маусты шертіп, санды табыңдар. 6. Время бөлімінде мектепте сабақ аяқталатын уақытты қойыңдар:ол үшін сағаттың астындағы уақыт көрсетілген өрісте маусты шертіңдер, содан кейін Айналдыру батырмасымен қажет уақытты таңдаңдар немесе оны пернетақтадан енгізіңдер. 7. Применить батырмасын шертіңдер. 8. ОК батырмасын шертіңдер. Экранда Міндеттер панелінің төменгі оң жақ бұрышьшда қойған уақыттарың бейнеленеді. Ал енді жоғарыда келтірілген әрекеттерді орындап, ағымдағы күн мен уақытты қойыңдар. Тапсырма  Жаңадан қапшық құрыңыз.  Атын “Суреттер” деп өзгертіңіз.  Ішіне суреттерден құралған бірнеше файлды  Жылжытып,көшіріп алып келіңіз. Тапсырма  Есеп шығару:Екілік санау жүйесін ондық,сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыр?  110101011010010101010 2  Word құжатыр құрып сол жерге сақта.  Атын есеп деп сақтаңыз. Оқушылар компьютер алдында отырғаннан кейін көзге жаттығу, қолға жаттығу істеткіземін Сабақты бекіту сұрақтары: ТАЙФУН ОЙЫНЫМЕН БЕКІТУ 1. Операциялық жүйе дегеніміз не? 2. Операциялық жүйе не үшін қажет? 3. Интерфейс деген не? 4. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі? 5. Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай? 6. Бір адам пайдаланатын және көп адам пайдаланытын операциялық жүйелердің айырмашылығы неде? 7. Терминалдың қызметін ата? 8. Графикалық интрефейс деген не? 9. Қандай операциялық жүйелерді білесіңдер? Үйге тапсырма беру. 5.1; 5.2; 5.3; 5.4-тақырып; 36-47 бет Оқушыларды бағалау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебі Сабақтың тақырыбы: ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ. ОРЫНДАҒАН: Аитова Карима яғни 4 сабақта “Операциялық жүйенің объектілері” атты ашық сабақтың қадірлі қонағы болыңыздар. Өтетін мұғалім: Аитова Карима Келіңіздер!!! Келіңіздер!!!!! Келіңіздер!!!!!!!

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

2 комментария

  1. Сабақ маған ұнады. Рахмет сізге!!!

  2. Сабақ маған ұнады. Рахмет сізге!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.