Рационал сандарға амалдар қолдану. 6 класс, математика.

Тлеуова Дания Алтоновна,  Ақтөбе қаласы, № 40 жалпы білім беретін орта мектеп. математика пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: 1.оқушыларды рационал сандарға  қолданылатын амалдарды орындауға жаттықтыру; 2. рационал сандарға амалдар қолдану ережелерін меңгерту; 3.рационал сандарды дұрыс жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: «Биоақпараттандыру және синергетика» жобасының «Жаттықтырғыш» картасы.

Сабақ жоспары:

1. Сергіту. -1*2,-1*3,-1*4,-1*5,-1*6,-1*7,-1*8,-1*9.

2. Берілген тақырып бойынша ережелерді қайталау. ОӘЖӘ бойынша.

– Тапсырмаларды орындаудың алгоритмі толық түсіндіріледі.

–  Жаттықтырғышта әр КЭФ тапсырмаларының  50-60 нұсқасы бар.

–  Барлық тапсырмалар блокта 10-нан бөлінген.

–  Тапсырмаларды орындау уақыттары сақталуы шарт. Әр топтың жұмысты аяқтау уақыты 3+30.

3. КЭФ бойынша үш тапсырманы орындап, нәтижесін тексеру және үш топқа бөлу.

Альфа (ТКШ, АКШ, ЖКШ), бетта(ТКШ, АКШ), гаммаға(ТКШ). Альфа тобынан үш сарапшы таңдалып, үш топқа бекітіледі. 1.Игильманова С; 2. Ділжанова Ж, 3. Ержанова А.

4. Әр топ өз деңгейінен 10 тапсырма орындайды. Сарапшылар 5 тапсырмадан орындайды. Жұмыстың аяқталуы 3+30 (үш оқушы болған соң, 30 секундтан кейін жұмыс аяқталады). Мұғалім альфа тобын, сарапшылар қалған екі топтың жұмысын тексереді.

5. Тапсырмалар тексеріліп  9-10 тапсырма дұрыс болса, есепке аламыз. Топтардан ауысу жүреді. Дұрыс не бұрыс орындағандар келесі топқа ғана көше алады. 4-5 тапсырманы ғана дұрыс орындағандар төменгі топқа түсіріледі.

6. Қателерді талдау.

7. Келесі он тапсырманы орындайды.  Оқушылар 30-дан кем емес тапсырма орындау керек.  Карта «Альфа» тобында оқушылардың  63% -ы отырғанда аяқталады. Класта 26 оқушы бар. 17 оқушы «Альфа» тобында отыруға тиіс.

8. Барлық оқушылар бағаланады. Альфадағылар – «5», беттадағылар – «4», гаммадағылар – «3».

9. Үйге тапсырманы бетта және гаммада отырғандарға беру керек.

10. Қорытындылау

 

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.