Кітап графикасы –иллюстрация жасау.

svetaiken000Айкенова Светлана Нұралықызы. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы бейнелеу өнері, технология, сызу пәндерінің жоғары санатты мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға графика өнерінің бір түрі кітап графикасы жайлы білім беру, иллюстрацияның кітап графикасында маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Кітап графикасына өз еңбектерін ұсына отырып, оқушы бойында өзара бәсекелестікті дамыту.

Тәрбиелік: Кітапқа , білімге, өнерге қызығушылығын оятып, оқушы бойында асыл қасиеттерді тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жазықтықта бейнелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру .

Сабаққа қажетті мұғалім көрнекілігі: Кітап, газет-журналдар, плакаттар, үлестірмелі парақшалар, кітап макеті, иллюстрациялар т.б.

Оқушыға қажетті құрал-жабдықтар: Альбом, карандаш, акварель бояуы, палитра, су, қылқалам түрлері. Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсілдер:

Көрнекілік арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, оқушымен жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс нәтижесі,оқушы бәсеке- лестігі т.б. Пәнаралық байланыс: Әдебиет пәні,экономика.

Сөздік: Иллюстрация-кітаптағы әдеби шығармаларды безендіру. Миниатюра- өте нәзік көркемдік әдіспен жазылған шағын көркем шығарма. Бәсеке – тұтынушылар ақшасы үшін тауар өндірушілер немесе фирмалар арасындағы жарыс, бәйге, ең жоғары пайда алуға бағытталған экономикалық бәсекелестік. Сапа- тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын қызмет немесе тауардың белгісі, қасиеттерінің жиынтығы. Тапсырыс- тауар өндірушіге сапалы өнім шығаруға деген сұраныс. Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу,оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.Оқушы назарын сабаққа аудару .

II Өткен сабаққа шолу жасау,қайталау.

Тақтаға «Графика өнері»плакатын ілу. -Қолданбалы графика өнеріне не жатады? -Гравюра өнерінің ерекшелігі? -Бейнелеу өнерінің түрлерін ата:(кескіндеме,мүсін,сәулет,дизайн,сәндік қолданбалы,графика)

III Сабақтын мақсатын қою. -Балалар,бүгін біз графика өнерінің бір түрі кітап және газет-журнал графикасы жайлы мағлұмат ала отырып,өз еңбегімізбен балалар ақыны Мұзафар Әлімбаев атамыздын өлендер кітабына иллюстрация жасауға атсалысамыз. Суретшінің сыйлығы -Ұнатсаң бояулардан нұр тарауын, Балақай,жақсы екен,-деп-бұл талабың! Суреші Қанаш ата – біздің көрші Сыйлады маған жаңа Қылқаламын. Аз екен иемдену қылқаламды, Аз екен аралауың гүлді алаңды, Келбетін көкейіне қондырмасаң, Бейнелеу қиын екен қыр-даламды, бұл ғаламды… Мұзафар Әлімбаев.

IV. Жаңа білім беру. Ертеректе кітаптар қолдан жазылып ,оларды қажетіне қарай көшіріп , әсемдеп, түптеп отырған. Олардың кейбір беттеріне миниатюралық суреттер салынып безендірілген. Ал, қазіргі заман өзгерісіне сай кітап-тың, газет-журналдың алатын орны ерекше және оларды безендіруде көптеген өзгерістер бар. Мысалы : Балаларға арналған әдеби шығармалар –балалар ертегілері, балаларға арналған өлең жинақтары, балаларға арналған журналдар әсем безендіріліп, ИЛЛЮСТРАЦИЯ жасалынып көпшілікке ұсынылады. Осы арада әр бала қызығушылықпен оқитын сүйікті журналымыз «Айгөлекті» атауға болады. «Айгөлектің» бас редакторы Қымбат Әбілдақызының суретшілері көп. Оның ішінде оқушылар да бар. Қымбат Әбілдақызы суретшілерді таңдап алған, өйткені суретшілер арасында бәсекелестікті туындатқан. Бәсекелестік болған жерде САПА да болады. Сапалы безендірілген журналды біз таңдап алып оқимыз. Ендігі жерде осы әдемі безендірілген кітап -журнал көрмесін тамашалайық. «Рождество св. Иоанна Крестителя». Миниатюра Милано-Туринского часослова. 1413—16 гг. Муниципальный музей. Турин В. Л. Боровиковский. «Портрет В. В. Капниста». Кон. 1790-х гг. Государственный Русский музей. Санкт-Петербург Тебризская школа миниатюры Персидский художник Султан Мухаммед. Султан Санджар и старуха. «Хамсе» Низами. 1539-43гг,Тебриз. Британская библиотека, Лондон «Ай сайын өсіп келемін» «Ар бесігім,армысың!» «Айгөлек»журналдары. Ертегілер,кітаптар,газет-журналдар.

V.Білімін тексеру.

-Ертеректе кітап қалай безендірілген?

-Миниатюра деп нені айтамыз?

-Иллюстрациялау дегеніміз не?

-Бәсекелестік не үшін қажет?

-Сапа бізге қажет пе, не үшін қажет?

-Әдеби шығармаға не жатады?

VI Жаңа білімді бекіту. Балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың кітаптарын оқып жүрміз,ал оқулықтарға ақынның көптеген өлеңдері кірген. Оқушыларға арналған тірек- сызбасын тақтаға ілу . Тірек –сызба Иллюстрацияланған кітаптар VII Оқушы білімін бағалау. Сурет сапалы болган, кітапқа енген оқушыға «5», келесі еңбек еткен оқушыға «4» деген баға қойылады. Сабақты «Кітап-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы» деген мақалмен қорытындылаймыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.