Ақпарат. Компьютердің құралдары. Операциялық жүйе.

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат. Компьютердің құралдары. Операциялық жүйе.

Сабақтың оқыту мақсаты: Берілген бөлімдер бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, қорытындылау, жалпылау, жинақтау. оқушылардың білім, машықтарын, дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Бөлімдер бойынша алған білімдерін өмірдің қажетілігіне қолдана білуге үйрету. Оның өмірде алатын орнын, маңызын ашу,. Компьютерді өмірмен байланыстыру.

Сабақтың дамыту мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-қиялдарын, жылдамдықтарын дамыту.

Сабақтың типі: Қорытынды.

Сабақтың түрі: Сайыс.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезені(Амандасу,түгендеу, мин)

Сабақтын мақсатымен таныстыру.

1.1.Оқушылар біз бүгін «информатика» мұхитынан, «компьютер» еліне саяхатқа аттанамыз. Ол үшін 3 кемеге бөлінеміз және бақылаушы-мұғалімнің көмекшісі әрбір кеменің басшысы, жол сілтеушісі, жөндеушісі, этнографы, болады. Ал енді, өздерің бөлініп, жоғарыдағы адамдарды сайлаңдар.

1.2. Ойын ережесі: 6 этаптан тұрады. Әрбір этап бір сағатқа бағаланады.

0-қате 60 минут

1-қате 45 минут

2-қате 30 минут

3-қате 15 минут

4-қате 0 минут

1.3. Ойынның мақсаты: қай топ «компьютер» еліне бірінші болып жетеді. Ойын екі қадамнан тұрады: 1қадам бес этаптан, 2 қадам төрт этаптан тұрады. 1 қадамды орындауға 7 минут, талдауға 5 минут беріледі. 2 қадамды орындауға 8 минут, талдауға 4 минут беріледі. Талдау барысында барлық дұрыс жауаптар бақылаушының қолында болады.

ІІ. Сайыс кезеңі.

1 этап.

Кеме орнынан қозғалу үшін оның якорын босату керек. Якордың кодын тапқанда ғана босайды. Кеменің жөндеушісі якордың кодын шешеді.

1 этаптың тапсырмасы.

Х

 

О

 

Ш

 

 

К

 

Е

 

Л

 

Д

Т

І

О

Ң

П

Д

 

 

Е

 

2 этап.

Кеменің жүзу маршруты:

Жолдың маршрутын анықтау керек. Ол үшін кеменің жол сілтеушісі тест сұрақтарына жауап берсін.

2 этаптың тапсырмасы.

3 этап.

“ Қиын сұрақтар” аралы.

«Компьютер» аралының тілімен, қолданатын сөздердің мағынасын білуіміз қажет. Ол үшін кеменің этнографы мына сөздердің мағынасын ашу керек.

3 .Этап тапсырмалар.Мына сөздерге түсінік бер.

4 этап.

«Компьютер» елінің картасымен бізді штурман таныстырсын.

4 этап тапсырмасы.

Жолдан тайдық, яғни адастық. Жол сілтеуші бізге көмектессін. Компьютерде практикалық жұмыс орындайды.

5 этап.

Біздің кемеде музей бар екен, ол музей ескірген, көптеген жазулар өшіріліп көрінбей қалған. Этнограф толықтырып жаңартып, естелікке қалдырсын.

5 этап тапсырмасы.

1. Қол, саусақ, тас-қашан

2. Есепшот Ресей-қашан

3. Арифмометр-кім

4. Логарифм-кім

5. 1761 не?

6. 1833 не?

7. ENIAC-қайдан?

8. EDSAC-қайдан?

9. Ада Лавлейс- не істеді

10. Чарльз Бэббидж не істеді

6 этап.

«Компьютер» еліне келдік. Бізді бес ағайынды адамдар қарсы алып тұр. Олар туралы не білесіңдер? Штурман айтсын.

6 этап тапсырмасы.

І буын

ІІ буын

ІІІ буын

IV буын

V буын

ІІІ. Қорытындылау. ( минут)

IV. Бағалау. ( минут)

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.