Хазрет Әлидің Білім туралы он сөзі.

Хазреті Әлиді (р.л.ғ) сынау үшін бірнеше адам келіп, оған: «Сен шынында да білімді болсаң бір сауалыма он жауап тауып берші. Білім артық па, әлде мал-дүние артық па?” – деп сұрақ беріпті.

Сонда Хазреті Әли (р.л.ғ):

–       Біріншіден, білім артық. Өйткені білім әулие-әнибелерден қалған. Ал мал-дүние Перғаун және әр түрлі байлардан қалған.

–       Екіншіден, білім артық. Өйткені білім сені сақтайды, ал мал-дүниені сен сақтайсың.

–       Үшіншіден, білім артық. Себебі білімдінің досы көп, Ал байдың, малдының дұшпаны көп.

–       Төртіншіден, білім артық, өйткені білімді жұмсасаң арта береді. Дүниені жұмсағанда азайады.

–       Бесіншіден, білім артық, өйткені білім саған құрметті атақ алып береді. Мал-дүние «бай – қатты, сараң» деген атқа қалдырды.

–       Алтыншыдан, білім артық. Себебі білім өзін – өзі сақтайды. Ал мал-дүниені күту керек, бағу керек. Оны сен сақтайсың.

–       Жетіншіден, әлбетте білім артық. Білім иесіне қяметте шапағат етеді, мал-дүние қяметте көп сұрақ бергізеді.

–       Сегізіншіден, білім артық. Білім тозбайды. Мал-дүние қолдың кірі, ескіреді, тозады, өледі, жоғалады.

–       Тоғызыншыдан, білім артық. Білім нұрландырады. Адамға ақыл-ой қосады. Сабырлыққа жетелейді. Малдүние адамды масаттандырып, дүниеқоңыз етеді.

–       Оныншыдан, білім артық. Себебі, білім амал еттіреді. Ғибадатқа жығады. Ал, арам мал-дүние адамды аздырып, өлерінде кәпірлікпен, имансыз кетуге себепші болады – деп жауап беріпті.

Аллар Тағала баршамызға иман, адалдықты және білімді серік етсін!


Темекіні қойғыңыз келсе. _____ Если хотите бросать курить
Тегін емдеу орталығы

 


Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

4 комментария

  1. Балғынбек

    Ассалаумағалайкум, бауырларым. Мынау Әзіреті Әлидің (оған Аллаһ разы болсын) білімнің артықшылығы туралы айтқан сөздерін жариялағандарың үшін Алланың нұры жаусын! Бірақ, сурет кімдікі? Исламда сурет салуға тыйым салынады, әсіресе пайғамбарымыз бен оның сақабаларының суретін ойдан салуға да, жариялауға да болмайды. Сондықтан суретті ауыстырып орнына кітап сияқты басқа сурет қойсаңыздар екен. Рахмет.

  2. Балғынбек

    Ассалаумағалайкум, бауырларым. Мынау Әзіреті Әлидің (оған Аллаһ разы болсын) білімнің артықшылығы туралы айтқан сөздерін жариялағандарың үшін Алланың нұры жаусын! Бірақ, сурет кімдікі? Исламда сурет салуға тыйым салынады, әсіресе пайғамбарымыз бен оның сақабаларының суретін ойдан салуға да, жариялауға да болмайды. Сондықтан суретті ауыстырып орнына кітап сияқты басқа сурет қойсаңыздар екен. Рахмет.

  3. Ол сурет бір дни сайттан алынған. Сайт атын умыттым.

  4. Ол сурет бір дни сайттан алынған. Сайт атын умыттым.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.