Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен екінші бір жүйесіне аудару.

Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен екінші бір жүйесіне аудару.

Сабақ мақсаты: А) Оқушылар санау жүйелері түрлерімен, сандарды санаудың бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне аудару тәсілдерімен танысады.

Б) Сандарды бір санау жүйелерінен екінші санау жүйелеріне аудару дағдыларын  жетілдіреді қалыптастырады. В) Оқушылар ұқыптылыққа,  ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Түсіндірме – көрнекілікті әдіс, Топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар орындау

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пән аралық байланыс: Математика, қазақ тілі, география

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

І. Амандасу. Сабаққа жақсы ахуал туғызу.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Ақпарат. Ақпараттық процесс. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат мөлшері. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат және басқару. Информатика.

Сұрақ-жауап арқылы: Флипчартта беріледі.

  1. Ақпараттық процесстер дегеніміз не? (адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және ақпараттық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процесстерін айтады.)
  2. Ақпаратты беру дегеніміз не? (Ақпарат пайдаланушыға негізінен сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.)
  3. Ақпаратты неде сақтайды? (Қазіргі кезде электрондық тасымалдауыштарда CD, DVD, флешка т.)
  4. Ақпаратты өңдеу дегеніміз не? (ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.)

Жаңа сабақ түсіндіру

· Оқу мотивациясын туғызу (флипчарт)

· Сөзжұмбақтар көмегімен жаңа тақырыпқа шығу. Оқушылар арқылы сабақтың мақсатын ашу.

· Жаңа материалды меңгерту(флипчарт)

· Оқушыларды топқа бөлу. Топбасшыларын таңдау.

· І топ- Позициялық тобы, ал ІІ топ- Позициялық емес тобы болады.

Енді жаңа сабаққа кірісеміз. Бүгінгі сабақ: Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару. Сандарды цифр деп аталатын символдар көмегімен бейнелейді. Біз білетін цифрлар араб (0,1,2,…9) және рим (І,ІІ,…Х,,…) цифрлары.

Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын – санау жүйесі деп атайды.

Санау жүйесі позициялық емес және позициялық болып екіге бөлінеді.

Римдік жүйе

Ондық санау жүйесі

I

1

V

5

X

10

L

50

C

100

D

500

M

1000

Позициялық емес санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні өзінің тұрған орнына (позициясына) байланысты емес. Бұған римдік санау жүйесі мысал бола алады. Бұл жүйеде жазылған ХХХ санында Х кез келген жерде 10-ды білдіреді.

Бұл жүйеде арифметикалық амалдар орындау күрделі болғандықтан әлем біртіндеп позициялық санау жүйесіне ауысты.

Позициялық санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні өзінің тұрған орнына (позициясына) байланысты. Мысалы: 757,7 санында бірінші тұрған 7 жүздікті, үшінші тұрған 7 бірлікті, төртінші тұрған 7 ондық үлесті білдіреді. Кезкелген позициялық санау жүйесі өзінің негізімен сипатталады.

Позициялық санау жүйесінің негізі деп онда қолданылатын цифрлар санын айтады Ондық санау жүйесі.

Базистік цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

Негізі: 1 Екілік санау жүйесі. Базистік цифрлары: 0,1. Негізі: 2 Екілік санның әрбір цифрын бит деп атайды.

Сегіздік санау жүйесі.

Базистік цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7. Негізі: 8

Он алтылық санау жүйесі.

Базистік цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A,B,C,D,E,F (A=10, B=11, C=12, D=13, E=14, F=15)Негізі: 16 Кез келген санау жүйесінде берілген санды ажырату үшін оның негізін төменгі индекс ретінде жазып қояды. Мысалы: 52410 – ондық сан, 101011,01012 – екілік сан, 4568 – сегіздік сан, 3Е5А116-он алтылық сан. Кез келген санау жүйесіндегі санды қосынды түрінде жазуға болады. Мысалдар:  52410=5*102+2*101+4*1006

Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару

Жаңа білімді бекіту (деңгейлік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап) 1-деңгей. «Лайықты деңгей». І-топ тапсырмалары                                                                                                               1.Римдік жазылуын арабтық жазылуға аударыңдар: LX = 50 + 10 = 60 XL = 50 -10 = 40 CXI = 100 + 10 + 1 = 111 IXC = 100 – 10 – 1 = 89 MDCCCXII=1812 CDXXIV=424 LXIV=64 DXXII=522 ІІ-топ тапсырмалары: 1. Арабтық жазылуын римдік жазылуға аударыңдар: 45 = 50-5 = VL 153 = CLIII 679 = DCLXXIX 55 = 50+5 = LV 900 = 1000-100 = CM 154 = 100+50+5-1 = CLIV 1628 = MDCXXVIII 3265 = MMMCCLXV
2-деңгей. «Міндетті деңгей». І-топ тапсырмалары

  1. Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аудару: а) 101000112=16310 ә) 110110012=21710 ІІ-топ тапсырмалары: 2. Сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аударыңдар: а) 4468 =29410 ә) 6368 = 117410 3-деңгей. «Жоғары деңгей». І-топ тапсырмалары:
  1. Ондық сандарды және ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне аудару:

62510= 74310= 32210= 0,32210= 0,38610=

ІІ-топ тапсырмалары:

  1. Ондық сандарды ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне аудару:

57610= 16010= 15310= 10,10310= 8,8310=

Бағалау парағын топбасшыларға таратып беру.

Ұпаймен беру. Әр деңгейді толық орындаса – з ұпай, толық емес-2 ұпай, мүлдем орындамаса-1 ұпай.

Бағалау парағы

Оқушының

аты – жөні

Деңгейлер (ұпай)

Қорытынды баға

«Лайықты»

«Міндетті»

«Жоғары»

Жалпы ұпай

Баға

1

2

3

4

5

6

7

8-9 ұпай – бағасы «5»

5-7 ұпай – бағасы «4»

3-4 ұпай – бағасы «3»

Сабақты қорытындылау

Рефлексия (таратпа карташада жауап беру, жеке)

Не білдім? Нені үйрендім? Не ұнады? Нені түсінбедім? сұрақтарына жауап беру.

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма кестені толтырып келу.

Екілік санау жүйесі

Сегіздік санау жүйесі

Он алтылық санау жүйесі

10810

4708410

67,9410

965,210

365,35710

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.