Ана-өмірдің гүлі 2-сынып

Павлодар қаласы №32 жалпы орта білім беру мектебі,  Ән-күй жетекшісі: Камиль Алмагүл

Сабақ тақырыбы :Ана-өмірдің гүлі    2-сынып
1.Ән айту: Туған күніңмен!
Муз:Н.Тілендиев
Сөзі:М.Мақатаев
2.Музыка сауаты : Қазақтың ұлттық аспаптары .
3.Тыңдау:Құрманғазы Сағырбайұлы.«Балбрауын»
Мақсаты .Әнді мазмұнына байланысты мәнді, мәнерлі толғана  сезініп орындауға үйрету .Орындаушылық шеберлігін арттыру .Анаға деген  сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізе білуге үйрету .Нәзік сезіммен баяу  үнмен айта білуге  жаттықтыру .Мейірімділікке сый құрметке тәрбиелеу. Баланың эмоциясын,  сезімін ояту, оқушылардың ән айту дағдысын ,музыка тыңдауға , музыкалық сауатын меңгеруге үйрету .
Міндеттері :Қазақтың  ұлттық музыкалық аспаптары  туралы алғашқы  түсінік қалыптастыру , аттарын білдіру .
Музыкалық аспаптардың  дыбысын  ажырату және есте сақтау қабілеттерін  дамыту .
Ұлттық музыкалық аспаптарды , өнерді құрметтеуге  қадірлеуге  тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Жаңа сабақты түсіндіру .
Сабақтың түрі : аралас  сабақ .
Әдістері : көрсету ,баяндау көрнекілік түсіндіру ,ойын  , сайыс .
Ұйымдастыру  формасы :жеке және  топтық .
Көрнекілігі :Музыкалық аспаптардың суреттері карточкалар суретті плакат ,аудио  видео  таспалар ,баян ,домбыра аспаптары , дискілер ,интерактивтік  тақтасы , слайд .
Пәнаралық байланыс :дүниетану ,тіл дамыту ,би ,бейнелеу .
Қолданылатын  әдебиеттер : «Сазды аспаптар сыры»,Қазақтың  музыкалық аспаптары оқулық әдістеме ,хрестоматия, «Сиқырлы әлем» Ақылай Гомарқызы.
Оқулықпен жұмыс:оқулықтағы музыкалық аспаптардың аттарын атау ,оқу , суреттерін ажырату ,естеріңде жақсы сақталу үшін дәптерлеріне жазғызу .
Үй тапсырмасын тексеру .
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру :Сәлемдесу  .Ән Ұран айту .Сабақ дайындығы .                 .
Оқушылармен  музыка тілімен сәлемдесу .
Мұғалім сәлемдесу : Әрбір үйдің еркесі
Сәлем бердім қыздарға .
Қыздар :Біз гүлдерміз көбелекпіз
Сәлем бердік сізге де .
Мұғалім : Ержігіттер .ержігіттер
Аман есен жүрсіңдер .
Ұлдар :  Біз аман  сау  жүрміз
Сізге соны тілейміз .
Мұғалім : Оқушылар бірігіп
Жаттығуды айтайық .
Дауысымыз шынығып
Бұлбұл құстай сайрайық .
Бәрі қосылып :
Еркем ерке еркем ай
Еркелеген еркем ай
Еркелеген Еркемді
Еркелетсем екен ай (еркем ай қазақ халық әнімен сәлемдесу )
Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі ?
Табиғатта қандай өзгерістер байқадыңдар?
Адамдардың көңіл күйлері қандай?
Алдымызда қандай мереке таяп келеді?
Оқушылардың  ой пікірлері тыңдалып  алдымызда аналар мерекесі келе жатқандығы , бұл мерекені барлық адамдар жақсы көңіл күймен қарсы алатындығы туралы айтылып , бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады .
Ана өте ыстық сөз .Ана десе толқымайтын жүрек тасымайтын қан сезбейтін сезім жоқ .Ананың тілі  сезімі тілегі  тіл жетпес  теңіз сияқты .Адамдағы  барлық асыл қасиет  ананың ақ сүтінен  нәр алған .Анасыз ақын да батыр да тумайды .Сондықтан тарихымыздың осы бір беті шуақ шашар аналар күні болып мәңгі қала береді .

Балалар ,бүгінгі сабақта      Н.Тілендиевтің  Туған күніңмен әнін үйренеміз .
Дауыс жаттығуларын орындау .
Туған күніңмен.
Сөзі :М.Мақатаев                                              Муз:Н.Тілендиев
Нұрын төккен маған
Шуағымсың сен
Айналайын мама
Қуанышыңмен !
Шаттандырған мені
Жұбанышым сен
Құттықтаймын  сені ,
Туған күніңмен !
Аялаған мені
Ән қанатымен
Құттықтаймын сені ,
Салтанатыңмен !
Бақытты ғой заман
Қандай көңілді .
Мен тілеймін саған,
Ұзақ өмірді !
Балаларды екі топқа бөлеміз .Екі  топқа бөлінеді .Әннің мазмұнын  талдаған соң ән үйрену кезінде интонация тазалығына ,сөздің анық айтылуына көңіл бөлінеді .Ән көңілді орындалады .
Бірінші топ әннің бірінші шумағын айтады .
Екінші топтың балалары әннің екінші шумағын айтады  .Оқушылар ән айтқан кезде мұғалім баян аспабында ойнап отырады .Содан кейін фонограммамен айтқызу .
Әннің ырғағын сай  би қимылдарын  жасау .
Сергіту сәті
Бір ,екі үш
Қарлығаш боп ұш .
Төрт, бес, алты,
Қарлығаш боп қалқы .
Жеті ,сегіз, тоғыз, он,
Қарлығаш боп қон!
Көңілді  музыканың ырғағына сай қолмен шапалақтау аяқпен тарсылдату .
Музыка сауаты :Қазақтың ұлттық аспаптары .
Қазақтың ұлттық аспаптары домбыра ,қобыз ,жетіген , шаңқобыз ,асатаяқ ,шертер ,сазсырнай ,дабыл ,қылқобыз ,даңғыра .
Қазақ халқы күнделікті тұрмыс  тіршілігінде пайдаланып  жүрген бұйымдардан түрлі керекті  музыкалық аспаптар жасаған .Келесі сабақта бұл аспаптармен кең көлемде танысатын боламыз .Әр музыкалық аспаптың ерекшеліктері бар .
Ойын «Орнын тап» .
Оқушыларға үлестірмелі қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының суреттері сыбызғы ,үскірік,тастауық ,домбыра , жетіген ,сыбызғы т.б аспаптар таратылады .Тақтада музыкалық аспаптардың аттары ілулі тұрады.Оқушылар сол бойынша тақтаға орналастырады .Екі топқа бөлініп сайысу.Балалар ,қазір домбыра мен сыбызғы аспаптарын  салыстырайық .
Венн диаграммасы. Домбыра мен сыбызғы аспабын салыстырады.

Домбыра                               Сыбызғы

Үрлеп
ойнайды,
ұзынша,     ұзынша,
жіңішке,    жіңішке,
кішкентай,    кішкентай,
қурайдан    қурайдан
жасайды.
жасайды.

Тыңдау :  Құрманғазы Сағырбайұлы  Балбырауын .
Бұл күй  жастардың ойын сауығына арналған күй. Күйдің негізінде бидің әуені бар .Күй басынан аяғына дейін жарқын жүзді ,шат көңілдітанытатын өмір жайлы жырланатын көңілді шығарма .

Күй тыңдау барысында оқушылар  әртүрлі би қимылдарын жасайды .
Қорытынды :
Балалар ,біз бүгін қандай ән үйрендік ?
Әннің сипаты қандай ?
Екпіні қандай ?
Қазақтың қандай ұлттық аспаптарымен  таныс болдық ?
Туған күніңмен әнді бәріміз бірге орындайық.
Оқушылар  хормен  музыкалық аспаптардың аттарын атау .
Оқушылырды мадақтау .
Үй тапсырмасы:Домбыра аспабын  салып келу,бүгінгі әнді жатқа айту.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.