Бастауыш. Кел мүсіндеп көрейік.

Алматы облысы,  Райымбек ауданы,  Кеген ауылы, №2 Кеген орта мектеп «Еркетай»  шағын орталығы,тәрбиеші  Сыгаева   Асель Бактыбаевна

Сабақ тақырыбы: Үй жануарларын мүсіндеу.  / қозы /
Сабақтың мақсаты: үй жануарлары туралы түсініктерін жалғастыру.
бм: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
тм: өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.
Керекті құралдар: ермексаз, тақтайша, сүлгі, суреттер, үлгі.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ- жауап, түсіндіру, қайталау.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жылулық шеңбері.

Атам мені «құлыным»- дейді, әжем мені «боташым»-дейді,
Әкем мені «шырағым»- дейді, шешем мені «қозым»-дейді.
Ал, шынында мен кіммін ?  Мен кәдімгі баламын.

« Міне балалар! Бізді еркелеткенде ата әжелеріміз, әке аналарымыз төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады. Кейбір балаларының аты да осы төлдерге сәйкес болады. Еске түсірейікші? ( ботагөз, бота, тайлақ,  танагөз және т.б ). Ал енді, бір – бірімізді  төлдің атымен еркелетіп көрейікші!».

«Төлін тап»  ойыны
Бұл ойында әр малдың суретінің астындағы қалташаға өздерінің анықтаған төлдерінің суретін дәл тауып апарып салу керек.

● мақал-мәтел
●  «мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір».

сызба құрау

қозы Жүн жіп 

Көрпе

Шұлық,
Киім,
Бас киім
дені сау бала

ұсыныс:
Үлкендерді шақыртып, ұршықпен жіп иіруге және балалардың өздеріне жіп иіртіп көрсетуге болады.

*жұмбақ
Моп-момақан өзі, сүп сүйкімді көзі…………….. (қозы)
«қозы» тақырыбы бойынша мүсіндеу.
Кіп кішкене момақан, қошақанды ұнатам.
Сүйді апам: «қозым»-деп, «қошақаным өзің»- деп.
Тәрбиеші  өлең жолдарын оқып, қошақанның дене мүшелерін көрсетіп, талдау жасайды.
● кесек ермексаздан бір бөлігін үзіп алып, денесін домалақтап мүсіндеу;
● екінші бөлігін үзіп алып, мойынын, басын, аяқтарын жасау.

(балаларға сұрақ беру арқылы әңгімеге олардың өздерін де қатыстырып отырады)

«Қошақандар» сергіту сәті.
Қошақандардың жайылып жүрген бейнесін келтіру.

Жұмыс аяқталған соң , « Өрісте жайылып жүрген қошақандар» атты көрме ұйымдастыру. Осылайша балалар өздері  жасаған жұмыстарына баға береді.

*«үйде, ата-аналары және жақындарымен бірге…….»

Үйде үлкендермен үй жануарлары  туралы әңгімелеу. Төрт түлікке байланысты  тиым сөздерді  үйрену.

*« Біз не білдік?»
● адаммен үй жануарлары тығыз байланыста.
● үй жануарларына күтім қажет.

Соңында тәрбиеші қорытынды жасайды.
Балалар өте жақсы еңбектеніңдер!
Барлығы да өте жақсы деген баға.
Еңбектерің жана берсін!

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.